Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Жыл соңына дейін 25 мың жамбылдық жұмыспен қамтылады

Жыл соңына дейін 25 мың жамбылдық жұмыспен қамтылады

Жамбыл облысында биылдың соңына дейін 25 мыңдай азамат жұмысқа орналасады. Мамандардың айтуынша, қазірдің өзінде жоспар 60 пайызға орындалған. 15 мың тұрғын маусымдық еңбекке тартылып, өз кәсібін ашамын деген 800-ден астам азаматтың құжаттары қабылданған. Қазір оларға жеңілдетілген несие кезеңімен беріліп жатыр. Жобасы мемлекет тарапынан қолдау тапқан жандардың бірі Байзақ ауданында тұрады. Ерболат Смаилов аз уақыттың ішінде ісін ширатып, шаруаға белсене кірісіп кетті.

Ербол Смаилов біраз уақыт жұмыссыз жүріп қалған жандардың қатарынан. Байзақ ауданының тұрғыны жеңілдетілген несие туралы естіп орталыққа келген. Қажетті құжаттарды жинап, үш миллион теңге көлемінде несие рәсімдеді. Ол қаржыға мал бордақылайтын алаң салып, ісін 10 жылқыдан бастады. Тиянақты тірліктің арқасында шаруа мал басын 30-ға жеткізді. Оларды бағып, қарау үшін екі көршісін жұмысқа тартқан.

Ерболат Смаилов, кәсіпкер:
– Жұмыссыз жүрген адамдарға өте ыңғайлы. Берілетін пайызы өте төмен, алты пайыз. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне рақмет! Жылдам рәсімдеп, аламын деген ойымда болған жоқ. Құжатымды өткізгеннен кейін өздері қоңырау шалып, шықырды.

Қазір кәсіпкер тағы отыз жылқыға арнап, қора салып жатыр. Келешекте қосымша мал сатып алмақ. Соңғы жылдары жеңілдетілген несие алуға ниеттілердің қатары көп. Ал қаржы көлемі бес есеге көбейіп, мүмкіндік артып отыр.

Серік Кембаев, Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы:
– 137 адамға 538 миллион қаражат бөлінген. Қазіргі таңға беріп отырғанымыз – 46 адам. 121 миллион беріп, 76 жұмыс орнын ашып отырмыз.

Қазір өңірдегі барлық аудандарда жұмысқа тарту ісі қызу жүріп жатыр. Жыл басынан бері облыс бойынша 242 адам өз кәсібін ашқан. Ал кәсіпкерлік нысандарына 120 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ несиесін мерзімінен бұрын өтеген белсенді 20-дан астам кәсіпкерге шаруасын дамыту үшін қосымша 68 миллион теңге берілген.
Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Бақытжан Бапаев

Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/137105-spen-amtylady

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus