Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Журналистер арасындағы «Кооперация – ауыл болашағы» атты байқау жарияланды

Журналистер арасындағы «Кооперация – ауыл болашағы» атты байқау жарияланды



ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «кооперация» тақырыбын насихаттауға арналған «Кооперация – ауыл болашағы» атты журналистер байқауын жариялайды.

Байқау Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы өндірушілерінің кооперацияға бірігіп, жұмыс жүргізуінің артықшылықтары мен оңды жақтарын халыққа ұғынықты түсіндіріп таратуға және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамаларын қоғамдық санада ілгерілетуге үлес қосатын үздік жұмыстарды анықтау мақсатында өткізіледі.

Оның мақсаттары мен міндеттері республиканың барлық өңірлерінде іске асырылып жатқан кооперация үдерістері туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру, ауыл шаруашылығы тақырыбына маманданған журналистердің қызметін көрсетіп, көтермелеу және ынталандыру, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жасампаз образын БАҚ кеңістігіне орнықтырып, осы салаға маманданған журналистердің кәсіби денгейін дамыту.

Байқауға республикалық және өңірлік БАҚ-тың кәсіби журналистері, штаттық және штаттан тыс журналистер, сондай-ақ Интернет-БАҚ өкілдері қатыса алады.

Байқау мына номинациялар бойынша өткізіледі:
Баспасөз (газеттер, журналдар), Радио, Теледидар, Интернет – БАҚ (оның ішінде жаңалықтар агенттіктері).
Қатысуға өтінімді және конкурстық материалдарды беру 2017 жылғы 10 маусымға (осы күнгі сағат 18.00) дейін pressminagri@gmail.com электронды пошта арқылы қабылданады. Салмағы 25 мегабайтқа жуық материалдар Google Drive, Облако.Mail.ru, Yandex.Диск және т.б. бұлтты сервистері арқылы жолданады.

Байқауға а.ж. 1 қаңтары мен 10 маусым аралығындағы кезең ішінде нақты шыққан немесе жарияланған жұмыстар қабылданады.
Байқау ережесі мен ұсынылу формасын mgov.kz сайтынан табуға болады.

АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «ауыл шаруашылығы кооперациясы» тақырыбын насихаттауға арналған «Кооперация – ауыл болашағы» атты журналистер байқауының ЕРЕЖЕСІ

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика