Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Атырау облысының тұрғыны заңсыз 84 кг бекіре тұқымдас балық түрлерін аулаған

Атырау облысының тұрғыны заңсыз 84 кг бекіре тұқымдас балық түрлерін аулаған

2014 жылдың 27 қазанында ҚР АШМ Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп өткізген рейд барысында Жайық өзенінде Амангелді кентінің тұрғыны ұсталынды. Ол бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулаумен айналысқан.
Қайықты тексерген кезде жалпы салмағы 84 кг болатын 29 дана бекіре тұқымдас балық түрлері табылды.
Сондай-ақ, ү.ж. 25 қазан күні Қарағанды және Ақмола охотзоопром инспекторлары Қорғалжын АІІБ-нің полиция қызметкерімен бірлесіп киіктерді қорғау бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында Теңіз көлінің жағалауында «Газель» маркалы автомашинаның иесі мен 3 жолаушы ұсталынды.
Автокөлікті тексеру барысында 33 қап Артемия салинез шаяны табылып тәркіленді.
Барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

ПРЕСС-СЛУЖБА МСХ РК
+7 (7172) 55 57 65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus