Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Жаңа астық жинау науқаны

Жаңа астық жинау науқаны


ЖҮРГІЗУШІ:
-АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫНДА ІРКІЛІС БАР. БИЫЛҒЫ КӨКТЕМ МЕН ЖАЗ, ЕНДІ МІНЕ, КҮЗ ДЕ СОЛТҮСТІКТЕГІ ДИҚАН ҚАУЫМЫНА ЖАЙСЫЗ ТИДІ. КҮННІҢ САЛҚЫН БОЛУЫНАН КӨКТЕМГІ ЕГІС ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСТЫ. ЖАЗДА ЖАУЫН-ШАШЫН МОЛ ТҮСІП, АЛАКӨЛЕҢКЕДЕГІ АСТЫҚТЫҢ ПІСУІ КЕШЕУІЛДЕДІ. СӨЙТІП БЕРЕКЕЛІ КҮЗДЕ ЕГІН ОРАҒЫ ҚЫЗҒАН ШАҚТА ТОЛАССЫЗ ЖАУЫН ЖАУДЫ. ТІПТІ СОҢЫ ҚАРҒА ҰЛАСЫП КЕТТІ. ДІҢКЕСІ ҚҰРЫҒАН ШАРУАНЫҢ ҚАР АСТЫНДАҒЫ АСТЫҒЫН ЖИНАЙ АЛМАЙ, ӘУРЕ-САРСАҢҒА ТҮСІП ОТЫРҒАН ЖАЙЫ БАР. ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ЖАЙДЫ СӘЛДЕН СОҢ ТОЛЫҒЫРАҚ БАЯНДАЙТЫН БОЛАМЫЗ. ӘУЕЛІ САЛА БАСШЫСЫН ТЫҢДАЙЫҚ!

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауылшаруашылығы министрі
-Егін орағы жауын-шашынды ауа райында жүргізілуде. Сондықтан дымқыл тартқан астықты кептіруге тура келеді. Келер жылға тұқым қорын жинау мәселесі өзекті. Кейбір облыстар тұқымды қамбаға құюды толық ойдағыдай аяқтады. Бірақ бірқатар өңірлерде бұл мәселе шешімін таппаған.

Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында астық толық жиналып біткен жоқ. Әсіресе Қызылжар өңірдегіндегі ахуал күрделі. Егіннің 3-тен бірі қар астында қалған. Жалпы еліміз бойынша бүгінге дейін дәнді- дақылдардың 13 миллион гектардан астамына орақ түсті. Бұл егілген астықтың 87 пайызы ғана жиналды деген сөз. Қалғаны әлі орылмаған. Облыстық әкімдіктер осындай мәлімет таратты. Бірақ ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер бұл деректерге сенбейді. Себебі ғарыштық мониторинг жүргізу арқылы шындыққа жанаспайтынын дәлелдепті. Көктегі құрылғыдан алынған мәлімет жердегі атқарушы билік берген есеппен сәйкес келмейді. Республика бойынша 10-12 пайызға айырмашылық байқалған. Демек жиналған астық көлемі артығымен көрсетіліп, жалған ақпар берілген. Бұл аймақтар арасындағы астыртын бәсекенің көрінісі ме? Әзірге мұның жауабын ешкім бере алмайды. Қазіргі басты міндет – ел ырыздығын ысырап етпей, түгелімен жинап алу. Бітік шыққан астығын қамбаға жеткізе алмай отырған шаруаларға ең керегі – жанармай. Өйткені дымқыл тартқан 1 тонна бидайды кептіру үшін 10 литрге дейін дизель отыны шығындалады. Екіншіден, арнайы техникасы жетіспейтін шаруашылықтар бар. Сонымен қатар диқандар сапасы нашар астықты қайда өткізерін білмей әрі-сәрі күй кешері анық. Мұны үш деңіз! Осы ретте «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» төменгі сапалы бидайды нарықтағы жоғары бағамен сатып алуды ұйғарды. Бұл шаруаның шығынын азайтып, астық бағасын ұстап тұрудың бірден-бір жолы болмақ.

Сәбит Қашқымбаев, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
-Бұрынғы жылдары біз тек қана 3-ші сапалы бидайды сатып алушы едік. Және арпаны. Аз көлемде сатып алатын едік. Қазіргі күні осы жағдайға орай 4-ші және 5-ші класты сатып алуға шешім қабылданды. 3-ші класты 40 мың теңгеден тоннасы. 4-ші класты бидайдың бағасы 35 мың. 5-ші сапалы бидайдың бағасы – 30 мың.

ЖҮРГІЗУШІ:
-АСТЫҚ ОРАҒЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮЙТКІЛДЕРДІ ШЕШУ ҮШІН ҚАЙТПЕК КЕРЕК? БІЗ СТУДИЯМЫЗҒА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ МЕН ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БАҚЫТ ІЛИЯСОВТЫ ШАҚЫРДЫҚ. БАҚЫТ МӘДИҰЛЫ, СТУДИЯМЫЗҒА ҚОШ КЕЛІПСІЗ. ЕНДІ АЛҒАШҚЫ СҰРАҚТАН БАСТАЙЫҚ. ТАМЫЗ АЙЫНДА 17 МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ БАСТЫРЫЛАДЫ ДЕП АЛДЫН АЛА БОЛЖАМ ЖАСАҒАН ЕДІҢІЗ. БҮГІНДЕ ОСЫ ЖОСПАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ӨЗГЕРДІ?

Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ департамент директорының орынбасары
-Қазіргі күнге 16,5 миллион астық бар. Бастырылып отыр. Әлі де орақ жүргізіліп отыр. Қазір айта кетейік, СҚО-да ауылшаруашылығы басқармаларының берген деректері бойынша, осы 1-ші қарашаға 18 пайыз егістік көлемі жиналмай, қазір жиналып жатыр. Қостанай облысында 16 пайыз, Ақмола облысында 3. Осы үш өңір ғой, егін көлемі ең үлкен облыстар. Ол жақта 4-5 пайыз жиналмаған жер қалып отыр. Енді қазір ауа райы тұрақтанған сияқты. Сол жоспар бойынша 1 апта 10 күннің ішінде егін орылып бітеді ғой деп ойлап отырмыз.

ЖҮРГІЗУШІ:
-БІЛУІМІЗШЕ ЕҢ КҮРДЕЛІ АХУАЛ СҚО-ДА. ОСЫ ӘҢГІМЕНІ ОСЫ ТҰСТА ҮЗЕ ТҰРЫП, БІЗДІҢ АРНАЙЫ «7 КҮН» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТІЛШІСІ ЖАНДОС ЖҰМАБЕКТІҢ РЕПОРТАЖЫ БАР. СОНЫ БІР КӨРІП ШЫҒАЙЫҚ.

Жандос Жұмабек, тілші
-Міне, 400 шақырымдық жолды артқа тастап, біз Солтүстік Қазақстан облысының аумағына да кіріп үлгердік. Өздеріңіз көріп отырсыздар, сыртта қарлы боран, жел соғып тұр. Алайда табиғаттың тосын мінезі бізге кедергісін келтіре алмас. Өйткені біздің топ барлығына сақадай сай. Енді аздаған уақыттан кейін облыстағы егін орағы науқанының қалай жүріп жатқандығын, онда қандай мәселелер бар екендігін анықтайтын боламыз.

Облыс аумағына кіргеннен-ақ, жол бойындағы егін алқабын көрдік. Бірақ егін басында не техника, не шаруалар көрінбейді.

Жандос Жұмабек, тілші
-Өздеріңіз көріп отырғандай, мына егін алқабына әлі комбайнның тісі де тимепті. Мұнда қанша гектар бидай әлі орылмай жатқаны белгісіз. Бізге белгілісі, егіннің барлығы жығылып, құлап жатыр. Неше күн қар мен жаңбырдың астында жатқандықтан көгеріп, сапасыда бұзыла бастапты. Енді бұл егін қашан орылып, қамбаға жеткізілетіні әзірге белгісіз.

Біз жолай Аққайың ауданындағы ақ қармен алысып, егінін жинап алуға жанталасып жатқан мына серіктестікке тоқтадық. Бүгінге дейін олар астықтың 60 пайызын ғана орып үлгеріпті. Ауа райының қолайсыздығы өз алдына, суықтан жағармайлары да қатып қалып жатыр екен.

Генадий Финальенко, шаруа қожалығының инженері
-Жағармай Шымкенттікі, сапасы нашар. Тіпті 0 градусқа шыдамай қатып қалуда. Қазір қатқан жанармайды ерітетін сұйықтық сатып алып жатырмыз. Оның өзі көпке шыдамайды, ал қыстық жанармай жоқ.

Иван Волков, жүргізуші
-Жұмыс өнбейді. Ауа райы алдымымызды аштырмай жатыр. Комбайндар бір круг жасағаннан кейін астық дестелегіш тістеріне қар мен мұз толып қалады. Оны қайта-қайта тазалаймыз. Уақыттың бәрі осымен кетеді.

Біз Петропавл қаласына келгеннен кейін осы облыстағы тілшіміздің көмегімен егінін жинай алмай жүрген шаруашылық басшыларына хабарластық. Неге екені белгісіз олардың барлығы бізбен кездесіп, мәселелерін айтудан бас тартты. Себебі оларға облыстағы атқамінерлер егін науқаны жайында ешкімге тіс жарып айтпауды өтінген екен.

Телефонмен:
-Ұлан аға, егін орағы қалай болып жатыр?
-Жартысын ордық, жартысы қалды.
-Біз сізге хабарласып тұрмыз ғой аға?
– Жоқ, мен қазір жол жүріп кетемін.
– Жоқ, керек емес, түскім келмейді.

Кездесуден бас тартқан шаруашылық басшыларына қарсы бізде қулық әрекетке көштік. Бұл жолы жасырын камераның көмегіне жүгіндік:

-Егін біткен жоқсыздар ма орып?
-Жоқ.
-Қанша пайызы қалды?
-Міне, 30 гектарын алдым, қалғанын алмаймын. 370 гк менде. Қалған 350-дей жатыр. Сосын аудандық ауыл шаруашылығы звондайды. «Жәке, давай 16-дан алдым де», – дейді. Мен айттым, онсызда 16-дан болады егін дедім. Бізге көмектеріңіз керек, бізді қазір қысады, ешкім жинаған жоқ. Сосын алдымда телефонмен айтып бердім. «Орылмаса да, орылды деп бер», – дейді, сөйтіп жатыр.

Аудандағы атқамінерлердің жалған ақпаратынан мезі болған Владимир Коволеров егінінің жартысы да орылмағанын айтып отыр. «Ауа райының қабағын бағып отырған диқан биылғы күздің шығыны шаш-етектен болды», – дейді.

Владимир Коволеров, шаруа қожалығының басшысы
-Биылғы жыл мен үшін ғана емес, барлық шаруалар үшін ауыр болды. Дәл егін пісер кезде жауын жауып тұрып алды. Астық оруға мүмкіндік болмады. Енді егіннің сапасы бұзылып, ылғалдығы 35-40 пайызға жетті. Еткен еңбек, төккен тер зая кетті. Егер күн суытып, аяз болса, әлі де орып аламыз деген үмітіміз бар.

Қолайсыз ауа райы қолда бар астықты қамбаға құйып алуға мүмкіндік бермей отыр. Ал шаруалардың шығыны шаш-етектен. Барлығының мойнында несиесі бар.

Юрий Иванов, шаруа қожалығының басшысы
-Техниканың барлығын несиеге алғанбыз, егіннің түрі мынау, енді оны қалай жабарымызды білмеймін. Тұқымдыққа деген бидайымды сатсам, келесі жылы өзім қайтемін. Сақтандыру компаниялары шығынды өтеп беруге құлықсыз. Ендігі үмітті үкіметке артып отырмыз.

Орылған егіннің 10-15 пайызы жерде қалып жатыр. Ылғалдылығы көп астық комбайның тісіне ілінбейді. Бір жүрген жерді қайта ору қосымша шығында талап етеді. Сондықтан сапасыз астықты элеваторларда қабылдамайды.

Вадим Червинский, элеватор директоры
-Бүгінгі күні егіннің ылғалдылығы шамадан тыс жоғары. Сондықтан жұмыс өте ауыр, кептіру қиын болып жатыр. Күніне тек 500 тонна ғана қабылдаймыз, одан артық қабылдауға мүмкіндігіміз жоқ. Кептіріп үлгере алмай жатырмыз.

Жандос Жұмабек, тілші
-Кешегі қар түнімен жауынға ұласып, бүгін егін алақаптарының барлығы езіліп жатыр. Егін оруға келмейді. Сондықтан бүгін техникалардың барлығы алқап басында емес, ауыл маңында қаңтарылып тұр.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 3 млн 274 мың гектар алқапқа дәнді-дақылдар егілген. Бүгінгі күні соның 2 млн 674 мыңы орылыпты. Яғни егіннің 81 пайызы жиналған. Алайда бұл көрсеткішке ауыл шаруашылығы министрлігі күдік келтірген болатын. Олардың ғарыштан түсірілген фото суреттері мен әкімдердің есебінің арасында 10-12 пайыз алшақтық бар екенін дәлелдеген. Бірақ министрліктің бұл дәлелін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары жоққа шығарды.

Әбілхан Бижанов, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары
-Ғарыштан алынған фото суреттерді бізде көрдік. Онымен айналысатын фирмалармен сөйлестік. Олардың мәліметі бойынша бізге 77 пайыз алынды деген мәлімет беріп отыр, біз 81 пайыз деп отырмыз. 77 пайыздың ішінде көп нәрселер көрсетілмеген. Кейбір арам шөп өсіп тұрған жерде егін есебінде көрсетілген. Арасында айырмашылық бар оны ол жігіттер өздеріде мойындап отыр.

Бүгінгі күні облыстағы ірі шаруашылықтардың өзі астықтың 50 пайызын ғана орып үлгерсе, шағындары 20-30 пайыздан аса алмай отыр. Өйткені оларда техника жоқ, ірілер өздері орып болмай комбайндарын бермейді. «Биылғы екі ай орақ науқанының 18 күні ғана ашық болыпты. Қалған күндер жауыннан көз ашпаған. Сондықтан шығынның болуы заңды құбылыс», – дейді облыстың ауыл шаруашылығы саласының мамандары.

Әбілхан Бижанов, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары
-Қазір міне өздеріңіз көріп тұрсыздар, жауған қар еріп, ылғал болып тұр. Бір-екі күнде аяз болса, комбайндар жұмыстарын жалғастырады. Әрине, бұл егіннің сапасына, егінді түгел жинап алуға мүмкіндік бермейді. 10-15 пайыз шығынсыз болмайды.

Қалай дегенмен де облыстағы ахуал қиын. Шаруалардың тірлігі шатқаяқтап тұр. Егер ауа райы оң қабақ танытпаса, егіннен енші алу мүмкін емес. Ал дәрменсіз диқандар Үкімет көмек қолын созар деген үмітте.

ЖҮРГІЗУШІ:
-БҮГІН БІЗДЕ ҚОНАҚТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БАҚЫТ ІЛИЯСОВ. ЕНДІ ЖЕРГІЛІКТІ ӘКІМДІКТЕГІЛЕР ҒАРЫШТАН АЛЫНҒАН МӘЛІМЕТ ЖАЛҒАН ДЕП АЙТУДА. ОҒАН НЕ ДЕЙСІЗ?

Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ департамент директорының орынбасары
-Оған мен келісе алмаймын ондай жауапқа. Не дегенмен, біз де есептедік. Ол ғарыш аппараты болғаннан кейін технологический дейді, ол болады. 3-4 пайызға дейін. Енді біздің есеп бойынша 10-12 пайыз айырмашылығы бар.

ЖҮРГІЗУШІ:
-12 ПАЙЫЗ ЕНДІ СІЗДЕРДІҢ ОЙЛАРЫҢЫЗША КӨРСЕТКІШ ЕМЕС, ИӘ?

Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ департамент директорының орынбасары
-Ол енді аса бір үлкен көрсеткіш емес енді. Кейбір жерде келіп жатыр болжамдар. 40-50 пайыз деп. Оған біз келіспейміз. Әрі кетсе, 10-12 пайыз айырмашылық болу мүмкін.

ЖҮРГІЗУШІ:
-ЕНДІ ШАРУАЛАРҒА ЖАНАРМАЙ ТЕХНИКА ЖАҒЫНАН БОЛСЫН, НЕНДЕЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ?

Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ департамент директорының орынбасары
-Биылғы жылы егін орағына бөлінген 410 мың тонна жанар жағармайы, бәрі алынып бітті.

ЖҮРГІЗУШІ:
-БАҚЫТ МӘДИҰЛЫ, ТАҒЫ БІР МАҢЫЗДЫ СҰРАҚ, ДИҚАНДАР: «ЕГІН ЕГУ ҮШІН АЛЫНАТЫН НЕСИЕНІҢ ӨТЕУ УАҚЫТЫН КЕЙІНГЕ ШЕГЕРСЕ», – ДЕЙДІ.

Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ департамент директорының орынбасары
-Бізде ұлттық компания бар ғой. «ҚазАгро» компаниясының берген несиелері бар. «ҚазАгроФинанс» АҚ берген несиелері бар. Енді ол сұрақтар қазір бізге түсіп жатыр. Егін бітсін. Оның бәрі жаңағыдай сұрақтар барлығы көтеріліп жатыр. Ол қаралады. Өзіміздің «АгроБизнес-2020» бағдарламасы бойынша финансовый оздоровление дейді. Агроқұрылымдарына көмек беру. Соның аясында мұның бәрі қаралады.

ЖҮРГІЗУШІ:
-КЕЛЕР ЖЫЛҒА ТҰҚЫМ ҚОРЫ ЖЕТІСПЕЙ ҚАЛУЫ МҮМКІН ДЕГЕН АҚПАРАТ РАСҚА АЙНАЛА МА?

Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ департамент директорының орынбасары
-Қазіргі таңда 1-ші қарашаға ауыл шаруашылығы басқармаларының белгілеген болжамы бойынша бізде жоспарымыз 2,1 миллион тонна засыпка жасауымыз керек. Қазір 1,7 миллион тонна құйылған тұқым. Қалған жетіспейтін тұқым көлемін облыстық әкімшіліктерде ойластырып жатыр мына сыртқы Ресейден алып келуге. Екі облыста обмен деген болады. Сол арқылы жетіспеген көлемді жабуға тырысамыз.

ЖҮРГІЗУШІ:
-ОТАНДЫҚ АСТЫҚ ЭКСПОРТЫНА ҚАТЫСТЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ МЕЖЕМІЗ ОРЫНДАЛА МА ДЕГЕН СҰРАҚ. СІЗДЕР НЕ АЙТА АЛАСЫЗДАР?

Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ департамент директорының орынбасары
-Енді орталық экспорт көлемін орындаймыз деп ойлап отырмыз. Ол орташа 7-8 миллион тонна құрап отыр жоспар бойынша. Ал енді биылғы науқанның бір ерекшелігі биылғыдай бидайдың нарық бағасы жоғарыда. Ол енді тарихта бірінші рет байқалып отыр. Науқан кезінде бидайдың бағасы түсіп кететін. Қазіргі мына кейінгі болжам бойынша бидайдың бағасы 42-45 мың теңгеге дейін көтеріліп отыр. Ол деген біздің диқандарға жақсы көмек. Өз алынған өнімдерін, бидайын жақсы бағамен сатуға болады.

ЖҮРГІЗУШІ:
-ІШКІ НАРЫҚТАҒЫ АСТЫҚ БАҒАСЫ БЫЛТЫРҒЫҒА ҚАРАҒАНДА КӨТЕРІҢКІ. ӘЛЕУМЕТТІК НАН БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАП КЕТПЕЙ МЕ ДЕГЕН СҰРАҚ ТУЫНДАЙДЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ?

Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ департамент директорының орынбасары
-Біздің министрлік сол себептен нан бағасын тұрақтандыру бойынша мына облыстармен меморандум жасалынып, осы 1-ші қарашадан бастап келесі жылдың қыркүйек айына дейін сондай арзандатылған бағамен бидай жіберу туралы шаралар көзделіп отыр.

ЖҮРГІЗУШІ:
– ЯҒНИ, ӘЛЕМУЕТТІК НАН БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ?

Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ департамент директорының орынбасары
-Қымбаттаса да, 4-5 пайыз ол енді халыққа…

ЖҮРГІЗУШІ:
-ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТПЕЙДІ.

Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ департамент директорының орынбасары
-Қатты әсер етуі мүмкін емес.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus