Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жеркомның төртінші ұсынысы жайылымдар мен шабындықтар мәселесін қозғап өтті

Жеркомның төртінші ұсынысы жайылымдар мен шабындықтар мәселесін қозғап өтті


Бүгін Астанада Жер реформасы бойынша комиссия халықтың қосалқы шаруашылықтар мұқтаждықтарын қанағаттандыру мәселесін қалай шешу керектігін жариялады.

«Халықтың қосалқы шаруашылықтар мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін елді мекендердің айналасындағы жайылымдар мен шабындықтардың алаңдары айқындалып, ол жекелерді Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларына беруге тыйым салынсын» деген ұсыныс айтылды жиын барысында. Яғни, жергілікті тұрғындарды жайылымдар және шабындықпен қамтамасыз ету мақсатында, осындай алқаптар мемлекеттік мұқтаждықтарға алуға жатқызылуы керек.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Комиссиямен 4 отырыс және Ақмола, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары тұрғындарымен 4 кездесу өткізілді. Қоғамның қызу талқысына түскен мәселелер бойынша Комиссия тиімді жұмыстар атқарып, халықпен қолдау тапқан ұсыныстар енгізілді.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus