Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жерком: Ең жоғары мөлшерлеме бекітіліп, шекаралық өңірлердің ерекшеліктері ескерілуге тиіс

Жерком: Ең жоғары мөлшерлеме бекітіліп, шекаралық өңірлердің ерекшеліктері ескерілуге тиіс


Бүгін Астанада Жер реформасы бойынша комиссияның кезекті отырысында осы бағыттағы бұған дейінгі атқарылған жұмыстар екшеліп, нақты ұсыныстар тұжырымдалды.

Атап айтар болсақ, көпшілік тарапынан аса қызу талқыға түсіп, зерттеп, зерделенген мәселенің тағы бірі – әр азаматқа бекітілетін ең жоғары мөлшерлеме бойынша «Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шекті мөлшерлері белгіленсін» деген шешім қабылданды.

Сонымен қатар, ортаға тасталған кезекті тоқтам – шекара маңы аумақтарындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің мемлекеттік шекарадан радиусын айқындай отырып, жергілікті жағдайларға және өңірдің ерекшеліктеріне байланысты оларды беру жөніндегі талаптарды анықтап, бекіту мәселесіне арналды. Яғни, шекара маңында жергілікті жағдайлар мен өңірдің ерекшеліктері ескерілуге тиіс.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Комиссиямен 4 отырыс және Ақмола, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары тұрғындарымен 4 кездесу өткізілді. Қоғамның қызу талқысына түскен мәселелер бойынша Комиссия тиімді жұмыстар атқарып, халықпен қолдау тапқан ұсыныстар енгізілді.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus