Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жерком: Ауыл шаруашылығы министрлігі жер заңнамасын жетілдіру жұмысын бұдан әрі жалғастыруы керек

Жерком: Ауыл шаруашылығы министрлігі жер заңнамасын жетілдіру жұмысын бұдан әрі жалғастыруы керек


Бүгін Астанада Жер реформасы бойынша комиссия отырысында Комиссия мүшелерімен қабылданған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын жетілдіру бойынша ұсыныстарды ҚР Парламентіне енгізу ұсынылды. Өз кезегінде, мұның Елбасының әу бастағы тапсырмасының заңды жалғасы екендігі айтылды.

Осы қатарда Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірқатар міндеттемелер артылды:
«Ауыл шаруашылығы министрлігі жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру нормаларын да жарияланған мораторийге қосу жұмыстарын атқарсын», – делінді жиын барысында. Яғни, Ауыл шаруашылығы министрлігі Комиссия қабылдаған шешімдерді заң талаптарына сәйкес рәсімдеп, ҚР Парламентіне енгізу жұмыстарын ұйымдастырып, бұдан әріде жер заңнамасын жетілдіру жұмысын жалғастыруы керек.

Бұдан бөлек, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру нормаларын да жарияланған мораторийге қосу жұмыстарын атқару керектігі атап өтілді.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Комиссиямен 4 отырыс және Ақмола, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары тұрғындарымен 4 кездесу өткізілді. Қоғамның қызу талқысына түскен мәселелер бойынша Комиссия тиімді жұмыстар атқарып, халықпен қолдау тапқан ұсыныстар енгізілді


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus