Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жер реформасы бойынша комиссияның бесінші отырысы өтуде

Жер реформасы бойынша комиссияның бесінші отырысы өтуде

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен Жер реформасы бойынша комиссияның кезекті отырысы өтіп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін Комиссиямен 4 отырыс және Ақмола, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары тұрғындарымен 4 кездесу өткізілді.

Жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің негізгі міндеттері жер заңнамасының нормаларына қатысты ұсыныстарды қарау болып табылады.

Қазіргі таңда Комиссияның төрт жұмыс тобы – құқықтық, экономикалық, ақпараттық-түсіндіру және ашықтықты қамтамасыз ету жұмыс топтары қызмет етуде.

Комиссияның отырыстарында және өңірлердегі талқылауларда негізгі жұмыс 2 бағытта жүргізілді:
Біріншіден, Қазақстандықтарға қолданыстағы жалға беру институтын жетілдіру.

Екіншісі, Жер кодексінің мораторий жарияланған нормаларына қатысты.

Аталған үрдіске түсіндіру жұмыстарымен жаппай қамту мақсатында әкімдіктер жанындағы Қоғамдық кеңестер кеңінен тартылды. Олар 67 мыңнан астам адаммен кездесулер өткізді.

Жер реформасы бойынша жергілікті тұрғындармен кездесулердің нәтижесінде түскен сұрақтар мен ұсыныстар негізінен қайталанып отыр.

Қоғамның қызу талқысына түскен мәселелер бойынша Комиссия нәтижелі жұмыстар атқарып, халықпен қолдау тапқан ұсыныстар енгізілді.

Ағымдағы ақпарат бойынша Call-орталықтарына 12 838 қоңырау және jerturaly.kz сайтына 984 ұсыныс пен өтініш келіп түсті.

Айта кетейік, жиын барысында ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға 49 жылға дейінгі мерзімге жалға беру институтын сақтау,
тұрақты мониторинг жүргізу арқылы жер пайдаланушылардың жерді ұтымды пайдалануына бақылауды күшейту, Жер кодексінде ауыл шаруашылығы жерлерін берудің жеке және егжей-тегжейлі регламенттейтін тәртібін белгілеу, елді мекендердің айналасындағы жайылымдар мен шабындықтардың алаңдарын айқындау, ЖТҚ-ға арналған жер учаскелерін мемлекет мұқтаждықтарына сатып алу мүмкіндігін беру мәселелері қаралады.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus