Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жер реформасы бойынша комиссияның 5-ші ұсынысы

Жер реформасы бойынша комиссияның 5-ші ұсынысы


Жер заңнамасына өзгеріс енгізу бір күндік жұмыс емес. Атқарылатын жұмыстар едәуір көп. Мұндағы проблемаларды шешуге жылдар кетеді. Сондай өткір мәселенің бірі – жеке тұрғын үйге арналған жер учаскілері мәселесі. Бүгін Астанада Жер реформасы бойынша комиссия осы тақырыптың айналасында сөз қозғап, нақты бір ұсыныс жасалды.

«Жер реформасы шеңберінде кеңінен талқыланып отырған жерді жеке тұрғын үй құрылысы үшін берудің проблемалық мәселелерін ескере отырып, әкімдіктерге ЖТҚ-ға арналған жер учаскелерін мемлекет мұқтаждықтарына сатып алу мүмкіндігін беру үшін, ЖТҚ берілетін жерлер мемлекеттік мұқтаждықтарға жатқызылсын» делінді жиын барысында.

Бүгінгі таңда ЖТҚ үшін 10 сотық алуға кезекте тұрған азаматтардың саны республика бойынша 1,2 млн. адамды құрап отыр. Өз кезегінде, бұл инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген бос жерлер, республикалық бірыңғай реестр, жер есебін жүргізу мәселелерін шешуді талап етеді. Осыған орай кезекте тұрған азаматтарға құжаттамалық ревизия жүргізу аса маңызды.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Комиссиямен 4 отырыс және Ақмола, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары тұрғындарымен 4 кездесу өткізілді. Қоғамның қызу талқысына түскен мәселелер бойынша Комиссия тиімді жұмыстар атқарып, халықпен қолдау тапқан ұсыныстар енгізілді.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus