Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жеке қосалқы шаруашылықтар сүт зауыттарына 1,3 млн. тоннадан астам сүт жеткізуге дайын

Жеке қосалқы шаруашылықтар сүт зауыттарына 1,3 млн. тоннадан астам сүт жеткізуге дайын

Бүгінде сүттің 80% жеке қосалқы шаруашылықтарда (ЖҚШ) өндіріледі.

Жұмыс істеп тұрған сүт зауыттарының жүктемелігі 64% құрайды. Қолданыстағы қуаттылықтары қосымша 680 мың тонна сүт өндеуге мүмкіндігі бар. Бүгінде ЖҚШ-ы сүт зауыттарына 1,3 млн. тоннадан астам сүт жеткізуге дайын.

Осы орайда, сүт қабылдау пункттерін ауыл шаруашылығы кооперациялар базасында құру қарастырылады. ЖҚШ кредит алуы үшін міндетті талап – жеке кәсіпкерлігін ашуды рәсімдеу. «КазАгро» ҰБХ» АҚ тарапынан сүт қабылдау пунктіне кредит және лизинг ұсынылатын болады. Яғни, салқындатқыш танкерлер, көмекші жабдықтар, сүт тасығыш автомашина, айналымдық қаражаттар алынады.

Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР АШМ тарапынан ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және АӨК өнімдері өндірісінің көлемдерін жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы арттыру бойынша шаралар қолға алынуда.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus