Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жедел ақпарат

Жедел ақпарат


2017 жылғы 1 желтоқсанда сағат шамамен 02:00-де «Ертіс орманы» МОТР-ның мемлекеттік инспекторлары Павлодар облысы Лебяжі аудандық ІІО-ның қызметкерлерімен бірлесе отырып «Ертіс орманы» МОТР Бесқарағай филиалының Байымбет орманшылығы аумағында «Ниссан Патрол» автокөлігімен 4 адамнан құралған топты заңсыз аң аулағаны үшін ұстады, олардың ішінде «Ертіс орманы » МОТР Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы болды.
Аталған автокөлікті тексеру барысында осы орманшылықтың аумағында 1 бас бұлан және 1 бас елік заңсыз атылып алынған фактісі анықталды. Ұсталған бұзушылар қылмыс жасаған құралдарымен Павлодар облысы Лебяжі аудандық ІІО-на жеткізілді.
Қазіргі уақытта Лебяжі аудандық ІІО қызметкерлерімен кінәлі тұлғаларға
қатысты сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика