Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Дәнді дақылдар экспорты 8,6 млн тоннаны құрап отыр

Дәнді дақылдар экспорты 8,6 млн тоннаны құрап отыр

Бүгін Елбасы қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов ауыл шаруашылығы саласындағы өткен жылдың қорытындылары мен алдағы жоспарларды жариялады.

Импорт 13%-ға немесе 350 млн долларға азайды.

Дәнді дақылдар экспорты 8,6 млн тоннаны құрап, 21%-ға ұлғайып отыр. Атап айтқанда, Өзбекстан – 2,8 млн т, Ауғанстан – 2,3 млн т, Тәжікстан – 1,2 млн т, Иран – 0,8 млн т, Ресей – 0,5 млн т, Қырғызстан мен Қытай – 0,3 млн т; 2015 ж. – 7,1 млн т.

Араб елдеріне ұсақ мал экспорттала бастады. Мысалы, БАӘ – 170 бас ірі қара мал, БАӘ мен Оманға – 14,5 мың бас қой мен ешкі.

«ҚазАгро» тарапынан 41 млрд теңгені құрайтын 56 инвестициялық жоба іске қосылды. Несиелік бағдарламалар шеңберінде 300 мыңға жуық мал сатып алынды. Ауылдық жерде 11 мың шағын несие ретінде 34 млрд теңге берілді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus