Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жаппай егін жинау науқаны қыркүйектің бірінші онкүндігіне жоспарлануда

Жаппай егін жинау науқаны қыркүйектің бірінші онкүндігіне жоспарлануда

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ.Айтуғанов биылғы жылғы өнімнің қалыптасу ерекшеліктерін әңгімеледі.

«Астық себетін негізгі облыстарда маусымның бірінші бөлігінде нормадан төмен атмосфералық жауын-шашын мен суық ауа-райы байқалды. Астық себетін облыстардың көпшілік бөлігінде маусымның екінші жартысында және шілде айында жауған мол жауын-шашын мығым вегетативтік массаның қалыптасуына, дәнді дақылдар дамуының созылуына, жаздық бидай егістерінде аурулардың таралуына және дамуына әкеліп соқты», – деді ол.

Министрлік өкілінің айтуынша, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шілде айында жауын-шашынның мөлшері нормадан 2-3 есе артып, бұл биік бидай сабағының қалыптасуына, соның салдарынан жекелеген танаптарда егіннің жатып қалуына әсер етті.

«Жалпы алғанда, маусым және шілде айларында оң тиімді температуралардың жеткіліксіздігі байқалды. Ол дәнді, майлы және дәнді бұршақты дақылдардың өсіп-жетілуін шектейді. Егу мерзімдеріне байланысты егіннің дамып-жетілуінің созылуы маусым айында жауын-шашын норма шегінде болған өңірлерде 5-7 күнді, жауын-шашын нормадан 2-3 есе жоғары болған өңірлерде 7-12 күнді құрайды», – деп ойын жалғады Қ.Айтуғанов.

«Осыны ескере отырып, ауа-райының көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, тамыз айында егістің дамып-жетілуден артта қалушылығы сақталатын болады және жаппай егін жинаудың басталуы қыркүйек айының бірінші онкүндігінің соңында күтілуде. Тамыз айында ауа райы ыстық болған жағдайда жаппай егін жинаудың басталуы тамыз айының соңында – қыркүйек айының басында күтілуде», – деп атап өтті вице-министр.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша тамыз айында ауаның температурасы көп өңірлерде нормадан жоғары және қалыбы да осы көрсеткіштің айналасында болады деген болжам бар. Ал жауын-шашынның мөлшері норманың шегінде болады деп күтілуде.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus