Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жануарлар дүниесін қорғау бойынша іс-шаралар

Жануарлар дүниесін қорғау бойынша іс-шаралар


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз орталығында жануарлар дүниесін қорғау бойынша брифинг өтті. Брифингке ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің және Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының өкілдері қатысты.

1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу кезіндегі жыл сайынғы «Бекіре-2017» балық қорғау акциясы өткізілуде.

Акция шеңберінде браконьерлік фактілерінің басым айқындалатын жерлерінде стационарлық, жылжымалы бекеттер және қозғалмалы рейдтік топтар құрылады. Осы жылы негізгі күштерді Атырау облысының шегіндегі Каспий теңізінің жағалауы мен акваториясында және Жайық пен Қиғаш өзендерінің саға алды кеңістігінде жұмылдыру көзделген, себебі осы жерлерде жиірек браконьерлік фактілері тіркеледі.

Бүгінгі күні «Бекіре – 2017» акциясы аясында 332 құқық бұзушылық тіркелді. Заң бұзушылардан 53 тонна балық алынды, оның ішінде 845 кг бекіре түрлері және 10 кг уылдырық. 811 дана балық аулау қаруы мен 95 дана суда жүзетін және транспорттық құралдар тәркіленді.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басқарма басшысы Жүнісов Нариманның айтуы бойынша осы шараға 97 мемлекеттік инспектор жұмыс жұмылдырылған және 20 балық қорғау бекеттері құрылған. Акция аясында заң бұзушыларға 3 млн теңге көлемінде айыппұл тағылған.
Сонымен қатар, жыл сайын су тасқындары себебінен балықтардың қырылып қалу қаупі туындауда.

Анықтама: Ағымдағы жылы Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында балықтардың қырылу фактісі тіркеліп, тиісті жұмыстар орындалды.

2017 жылғы 18 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Юбилейное» көлінде су көтеріліп, жазыққа тарады. Атқарылған шаралар бойынша 50 мың данаға жуық мөңке балық құтқарылып, «Сарыбалдақ» көліне жіберілді. 50 кг өлі балық жойылды.

2017 жылғы 23 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Мәмлүт ауданы Глубокое балық шаруашылық суқоймасында өлген балық факторы бойынша 5 тонна балық жойылды. Қырылудың себептерін анықтау үшін судың және балықтың сынамасы алынды.

Қазіргі таңда Министрлік тарапынан Атырау облыстық әкімдігінің Каспий теңізінде балық аулауға тыйым салуға қатысты ұсынысы қарастырылды. Бекіре тұқымдас балықтардың 80% және сұранысқа ие ақсерке, бекіре және қызыл балықтар Каспий теңізін мекен ететіндігін ескерсек, кәсіпшілік балық аулауға тыйым салу Каспий теңізінің сағасындағы өзендерде балық ресурстарының сақталуына оң әсерін тигізеді. Бұл бастама түбегейлі зерттеліп, қоғаммен талқыланатын болады.

Сонымен қатар, елімізде киіктердің әуе санағы басталды. Санақ ҚР БҒМ, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, «Қазавиаспас» АҚ-ның және ЕҚТА мамандарының қатысуымен өтуде.

Өсімдік және жануарлар дүниесін дамыту мақсатында ҚР Парламентінің Мәжілісіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізілді.

Сонымен қатар, заң жобасымен сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдауы және оларды алып қою мөлшерін бекіту бұрын болмаған мөлшерде шешім қабылдауға Үкімет құзыретіне нормамен толықтырулар енгізілді.
Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залал мен мөлшерді есепке алу және анықталуын міндетті түрде есепке алу бойынша нормалар анықталуда. Бұл норма орман шаруашылығы қызметкерлері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға табиғат заңнамаларының бұзылуында жедел әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында тауарлық балық шаруашылығын дамыту үшін кәсіпкерлік бастамаларды қолдау қарастырылды.
Бекіре, албырт және тұқы балықтарын өсіруге кеткен жем шығынының 30 %-н өтеу қарастырылуда.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығы бойынша 16 ақпаннан бастап 14 маусымға дейін көктемгі аң аулауға тыйым салынды. Брифингте Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының өкілі Оразалиев Русланның айтуы бойынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министріне ғылыми, қоғамдық және экологиялық қоғамдардың атынан көктемгі аң аулауға тыйым салу бойынша ашық қолдау хат жолданды.

22 наурыздан бастап «Парктер шеруі – 2017» акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты қоғам ішінде ерекше табиғи аумақтарды қорғау бойынша саналы пікір қалыптастыру.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика