Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жалпы өнім көлемі 5,5%-ға өсті

Жалпы өнім көлемі 5,5%-ға өсті



Бүгін Елбасы қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов ауыл шаруашылығы саласындағы өткен жылдың қорытындылары мен алдағы жоспарларды жариялады.

Өткен жыл ауыл шаруашылығы үшін табысты жылдардың бірі болды. Жалпы өнім көлемі 5,5%-ға өсті.

Егіншілік саласында 23,7 млн тонна астық жиналып, 4 млн тоннаға артты. Көкөніс пен бақша дақылдары жарты миллион тоннаға көбейіп, 5,8 млн тоннаға жетті. Жалпы, өсімдік саласының өнімі 7,8%-ға өсіп отыр.

Мал шаруашылығындағы өсім 2,7%-ды, тамақ өнімдерінде – 4%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 1,5 есеге артты. Яғни, 164 млрд-тан 256 млрд теңгеге дейін артты.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика