Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жаңа аграрлық саясат: тың серпін, мол мүмкіндік

Жаңа аграрлық саясат: тың серпін, мол мүмкіндік

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгро» Ұлттық Холдингімен бірлесіп Астанада «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форумын өткізді. Бұл шараға әлемнің 18 елінен шамамен 200-ден астам қатысушы келді. Оның ішінде ірі шетелдік инвестициялық қорлар мен қаржы ұйымдарының шамамен 40 өкілі, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік агробизнестің мүдделі өкілдерінің кеңейтілген тобы қатысты.

Форумның негізгі міндеті – қазақстандық бизнеске ауыл шаруашылығындағы және азық-түлік тауарларының өндірісіндегі жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер іздестіруге көмектесу, салаға инвестициялық капитал тарту, АӨК бизнес жүргізу үшін жаңа трендтер мен перспективаларды талқылау. Инвестициялық форумда іскерлік қатынастарды қалыптастырудан басқа, отандық бизнестің шетелдік серіктестермен және инвесторлармен тиімді ынтымақтастығына кедергі келтіруі мүмкін бірқатар проблемалық мәселелер де талқыланды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов: «Мемлекет басшысы: «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйвері болуы тиіс» – деген болатын. Бұл үшін нарықтарда қажет етілетін АӨК бәсекеге қабілетті өнімдерінің өндірісін әртараптандыру қажет», – деді өзінің құттықтау сөзінде. Министрдің айтуынша, интеграциялық процестер жағдайында Қазақстанға бәсекелестік басымдықтарға қол жеткізу үшін халықаралық озық тәжірибенің трансферті қажет. Тікелей шетелдік инвестициялар тарту және ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімді негізде бірлескен өндіріс құру – бұл қазіргі таңдағы біздің бет алысымыз.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан мемлекеттік реттеу мен инвесторларды қолдау бағытында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Еліміз тартылған инвестицияларға қолайлы жағдай жасау бойынша ТМД елдері арасында көшбасшылардың бірі болып саналады.

А.И.Мырзахметов Қазақстанға инвестиция құя отырып Қытай, Ресей және ЕЫЭҰ елдері нарығына шығуға мүмкіндік туатын тілге тиек етті.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов Агроөнеркәсіптік кешеніне соңғы жылдары холдингпен 375 млрд. теңгеден астам шетелдік инвестиция тартылғанын атап өтті.

Алайда, сүт, ет, мал, майлы және басқа да сұранысқа ие дақылдарды қайта өңдеу өнімнің көлемін одан ары арттыра түседі.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда министрлік экспорт саясатын мақсатты түрде жүзеге асыру жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай, жаңа экспорттық арналарды құратын, ал жұмыс істеп тұрғандарды кеңейтетін, ірі экспорттық партияларды АӨК экспорт орталығы құрылды.

Қазіргі таңда ҚХР компанияларымен астықты, майлы дақылдарды, өсімдік майын экспорттау үшін келісім шартқа қол қойылса, Араб Әмірлігі мен Иранға жасымық тасу үшін компаниялармен келісімге қол қою қайта өңделуде, ал, Ресей, Израиль, Гонконг елдерінің компанияларымен күнбағыс тұқымын, қатты бидай, ұн, ноқат, бұршақ, қой етін тасымалдау үшін келісөздер жүргізілуде. Қытай нарығына сиыр, шошқа еттерін, сүт, құс өнімдерін, тірі жануарлар, соның ішінде жылқыларды шығару жоспарлануда.

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Израил, Кувейт мемлкеттерінің ветеринарлық қызметімен қой етін жеткізу жолдарын және де Малайзя, Жапоня, Оңтүстік Корея, Евро Одақ мемлекеттеріне құрғақ бие сүтін экспорттау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Ал, парсы шығанағы елдері бойынша келіссөздер аяқталуға жақын.

Осы агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы аясында Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын экономикалық әртараптандыру тұрғысында бірқатар маңызды келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus