Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Биыл нан бағасы қымбаттамайды

Биыл нан бағасы қымбаттамайды

Күздің алғашқы айы диқаншылар қауымы үшін жемісті болғанға ұқсайды. Себебі еліміз бойынша қазірдің өзінде 6 млн гектар егін орылған. Бұл жалпы шығымның 41 пайызына тең.

Ал жауапты мамандар биылғы жиын-терін ертерек басталғанын. Әрі ауа райы да қарасып тұрғанын айтады.

Десек те кейбір өңірлер орақ науқанын баяу жүргізуде. Бұл жағдай былтырғыдай астықтың қар астында қалуына себеп болмай ма? Шаруаларға нақты қандай жеңілдіктер көрсетіліп жатыр?

Биыл ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алқабы 21,2 млн гектарды құраған. Оның 14,9 миллионы дәнді-дақылдар болса, 11 миллионнан астамы бидай. Ал майлы дақылдар 2, мал азықтары дақылдары 3,7 млн гектарға егілген. Жауапты ведомство басшылары: «Бидайдың 8 миллион тоннасын экспорттаймыз», – деп отыр.

Талғат Уәли, тілші

-Диқандарың айтуынша, биыл да бидай бітік шыққан. Еліміз бойынша 17 млн тоннадан астам астық орылады деп жоспарлануда. Ал ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері болса: «Былтырғы қателігімізді ескердік. Енді бидай қар астында шіріп қалмайды. Ол үшін қоймалардың да санын арттырдық», – деп отыр.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары

-Элеваторлық көлемдер мен осы әр қожалықтың өзінде бар сақтау қоймаларын есептеп келгенімізде, бүгінгі күні біздің 26,3 млн тонна астықты қабылдап, сақтауға мүмкіндігіміз бар.

Сапархан Омаровтың сөзінше, ел көлемінде астық ору науқаны жоспарға сай болғанымен, табиғи факторларға байланысты кейбір өңірлер орақ науқанын баяу жүргізіп жатыр. Бұл тізімде Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстары бар.

Денис Блужник, шаруа қожалығының бас агрономы

-Бүгінге дейін ауа райы қолайлы болып тұрған. Астықты жақсы қарқынмен жинап келгенбіз. Ал кеше жауын-шашын салдарынан жұмыстарды тоқтатуға мәжбүр болдық. Бүгін жұмысымыз қайта жандана бастады. Барлық егінді уақытында жинап үлгереміз деп ойлаймын.

Сондай-ақ шаруаларға жеңілдетілген бағамен берілетін жанармай да жеткілікті көлемде бөлінген. Былтыр литрі 108 теңгеден берілген отын биыл 81 теңгеден үлестіріліпті.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары тағы бір маңызды мәселені сөз етті. Сапархан Омаровтың айтуынша, биыл нан бағасы қымбаттамайды.

Авторлары: Талғат Уәли, Айтжан Отызбаев

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus