Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қызылорда егіншілері соңғы 20 жылдағы күріштің мол өнімін жинады

Қызылорда егіншілері соңғы 20 жылдағы күріштің мол өнімін жинады

Қызылорда егіншілері соңғы 20 жылдағы күріштің мол өнімін жинады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аграрлық маусым қорытындысы жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазіргі таңда егіншілер әр егілген 74 мың гектардан 48,6 центнер бидайдан жинап алды. Оның 365 мың тоннасы немесе 22,8 миллион пұт күріш қоймаға салынды, – деді ол. – Бұл тәуелсіз республика тарихындағы ең үлкен көрсеткіш».

Оның айтуынша, биылғы жылы ауыл шаруашылығын қолдауға Үкімет тарапынан 5,4 миллиард теңге бөлінді. Бұл 2012 жылға қарағанда 47 пайызға артық.

Сондай-ақ, әкім биылғы жылы облыста күрішті өңдеуге кететін шығындарды өтеуге бөлінетін субсидия нормалары 1 гектарға 18 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайғанын айтты.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus