Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ-мен көрсетілетін 50 мемлекеттік қызметті үйден шықпай алуға болады

ҚР АШМ-мен көрсетілетін 50 мемлекеттік қызметті үйден шықпай алуға болады

Соңғы 3 жылда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді регламенттеу, стандарттау және автоматтандыру бойынша Министрлікпен үлкен жұмыс атқарылды. Соның нәтижесінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен көрсетілетін 50 мемлекеттік қызмет түрі электрондық үкімет (www.egov.kz) порталы арқылы, 4-уін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алуға болады. Сондай-ақ, құжаттың қосымша берілуін растайтын 5 қызмет бойынша электрондық реестр жүргізілуде.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді дамыту үрдісі қарапайым фермердің қызметті алуға өтінімді үйден шыкпай-ақ беруге жағдайын жасауға бағытталған. Әрбір көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша нақты қызмет берушілер, көрсету мерзімдері және қажетті құжаттардың тізімі анықталған стандарттар мен регламенттер әзірленіп бекітілді.

Мысалы – ауыл тұрғынына дәстүрлі (қағаз) нысанда мемлекеттік қызметті алу үшін аудан, кей жағдайларда облыс орталығына барып, тиісті Министрліктің аумақтық бөлімшесіне немесе әкімдікке жазбаша түрде жүгінуге, оған қоса мемлекеттік қызметтің нәтижесін күтуге уақыт жоғалту қажет. Ал енді фермер өтінімді қожалықтағы жұмыстан қол үзбей-ақ ала алады.

Десекте, мемлекеттік қызметтің көрсетілуін электрондық нысанға аудару дәстүрлі қағаз нысанда көрсетілудің қысқарылуын білдірмейді. Ескішке әдіспен сансыз кезекте күтіп үйренгендерге аталған балама әліде қызмет етуде. Бұдан басқа бір қатар елді мекендерде ғаламтор байланысының жоқтығынан аталған нысан әлі де өзекті болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу – сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге өз ықпалын тигiзбек. Себебі қызмет алушымен лауазымды тұлғаның тікелей қатынасы төмендейді не болмаса мүлдем жойылады.

Сондай-ақ, Министрлік жыл сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілу мерзімін қысқартуға ұмтылуды. Осылайша, 2012-2015 жылдары мелекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімі орта есеппен 33%-ға төмендеді. Қызмет алушыдан сұратылатын құжаттар саны қысқартылуда, тек 2015 жылы ғана құжатар саны орта есеппен 20%-ға қысқартылды.

Мысалы, 2014 жылы «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет шеңберінде тыңайтқыштарға субсидиялар алудың уақыты 30 жұмыс күнін қамтитын. Бүгінде аталмыш қызметтің көрсетілу мерзімі 6 күнге дейін қысқарды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus