Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда «Бекіре-2016» балық қорғау акциясы аяқталды

Қазақстанда «Бекіре-2016» балық қорғау акциясы аяқталды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

6.06.16 ж.                                                                     Астана қ.

Екі ай көлемінде өткізілген балық қорғау акциясы шеңберінде  табиғатты қорғау заңнамасын бұзу бойынша 1217 факті анықталды.  Оның ішінде 915 факті заңсыз аулау, 56 – кеме қатынасы режимін бұзу, 68- балықты заңсыз тасымалдау, 22 – балықты заңсыз сату.

Осылайша заң бұзушылардан 31 тоннадан аса балық тәркіленді, оның ішінде 23 тонна бекіре тұқымдас балығы және 3,5 кг. уылдырық. Бұған қоса 2290 аулау мен 146 жүзу құралдары тәркіленді.

Браконьерлердің балық ресурстарына келтірген залалы 6,8 млн. теңгені құрады.
«Бекіре-2015» акциясы жыл сайын 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында өткізіледі.  Құқық және табиғат қорғау органдары бағалы балық түрлері уылдырық шашу маусымында заңсыз балық аулауға, өткізуге, сатып алуға және оларды заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін бірлесіп жұмыс атқарады. Осыған байланысты балықтардың, соның ішінде бекіре тұқымдас түрлерінің уылдырық шашу орындарына кедергісіз жетуіне қолайлы жағдай туғызады.

Акция балық қорғау шараларының тиімділігін арттыру үшін ҚР АШМ, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың қолдауымен өткізіледі.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E:minagripress@gmail.com
W: www.mgov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus