Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын жариялады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын жариялады

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

19.07.2016 ж.                                                       Астана қ.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің 6 айдағы орындалуымен таныстырды.

А.Мырзахметов экономиканың аграрлық секторында дамудың тұрақты ырғағының сақталып отырғанын атап өтті.

«2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 2,7%-ға өсті. Ал қайта өңдеу саласындағы өсім 2,8%-ды құрап отыр», – деді ол.

Сондай-ақ, министр мал басының 3,4%-ға ұлғайғанын хабарлады.

Осы қатарда егін шаруашылығы саласының жағдайы да аталып өтті.  Биылғы егіс алқабы 21,6 млн. га. Яғни, бұл былтырғы жылдан 448 мың га көп.

А.Мырзахметов азық-түлік өндірісінің еселене түскенін баяндай отырып, жарма өндірісінің – 73%, ұнның – 20%, қойылтылған сүт пен кілегейдің – 59%-ға артқанын жеткізді.

Республикалық бюджеттің орындалуы да назардан тыс қалмады. Мысалы, 2016 жылы Министрлік 18 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруда. Жылдық жоспар бойынша – 222,9  млрд. теңге қарастырылған. Бірінші жартыжылдықтың жоспары бойынша –  119,2 млрд. теңге, оның ішінде игерілгені – 115,7 млрд. теңге немесе біріншіжартыжылдық жоспарының 97,1%.

Анықтама ретінде: Ірі қара мал саны 7617,5 мыңға артса, жылқы пайыздық көрсеткіште 7,1%-ға артқан (2474,5 мың).

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus