Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Астық туралы Заң

Астық туралы Заң

Астық туралы
2001 ж. 19 қаңтардағы № 143-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2015.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер                                  (1 -  2 баптар)
2-тарау. Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеу    (3 -  9 баптар)
3-тарау. Астық өндіру мен сатуды мемлекеттік қолдау      (10 бап)

4-тарау.Алып тасталды

5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары                    (13 - 16 баптар)
6-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу (17 - 33 баптар)
7-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарын тарату            (34 - 38 баптар)
8-тарау. Астық қолхаттары                                (39 - 41 баптар)
9-тарау. Қорытынды ережелер                              (42 бап)
 

Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР 11.07.01 ж. № 231-11; 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  1-бап жаңа редакцияда  (бұр. ред .қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2) азық-түліктік астық – тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық;

3) 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3-1) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4) астық – тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшін пайдаланылатын дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың өнімдері;

5) астық иесі – астық қабылдау кәсіпорнына сақтауға астық берген жеке немесе заңды тұлға;

6) астық қабылдау кәсіпорны – астық сақтау жүзеге асырылатын меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға;

7) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) – астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық ғимарат;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

7-1) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет – астық қабылдау кәсіпорындары астық сақтау бойынша жүзеге асыратын қызмет;

9) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесі – астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;

10) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры – астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға;

2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша 10-1) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара)

10-1) астық қолхаты – астық иесінен астықты сақтауға қабылдағанын растап, астық қабылдау кәсіпорны беретін қоймалық қосарлы куәлік;

11) астық қолхатын ұстаушы – астық иесі, астық қолхатымен индоссамент жасаған жағдайларда – индоссат;

12) астық өндіру – астық өсіруге бағытталған агротехникалық іс-шаралар кешені;

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

13) астық рыногына қатысушылар – астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге қатысушы жеке және заңды тұлғалар;

2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша 13-1) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара)

13-1) астық рыногының мониторингі – астықты өндіруді, сақтауды, қайта өңдеуді және сатуды қоса алғанда, астық рыногына қатысушылар жүзеге асыратын астықпен жасалатын операциялар туралы деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты іс-шаралар жиынтығы;

2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 19) тармақша 13-2) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара)

13-2) астық сапасының паспорты – астық сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына және (немесе) келісім-шарт талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 13-1) тармақша 13-3) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 13-3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-3) астық экспорттаушы – астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

13-4) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша 13-5) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара)

13-5) астықты сақтау – астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктінде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтитын қызмет көрсетулердің технологиялық кешені;

14) астықтың өмірлік циклі – астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері;

17) астықтың сапасы – астықтың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, санитарлық, ветеринариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келуін айқындайтын тұтыну қасиеттерінің жиынтығы;

18) астықтың сапасына сараптама жасау – көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, сапа паспортын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені;

20) жемдік астық – жануарлар мен құс азығына арналған астық;

21) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

22) кепіл куәлігін ұстаушы – кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемеде астықты кепілге ұстаушы болып табылатын тұлға;

23) қойма куәлігін ұстаушы – кепілмен ауыртпалық жасалған астық иесі, қойма куәлігімен индоссамент жасалған жағдайларда – индоссат;

24) – 26) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды

26-1) отандық астық өндірушілер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және астық өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

27) реттеуші орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес бағаны (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;

27-1) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

28) тұқымдық астық (тұқым) – себу мақсаттарына пайдаланылатын әрі сорттылық және себу сапаларына қарай бөлінетін астық;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 29) тармақша жаңа редакцияда

29) уәкiлеттi орган – құзыретi шегiнде астық нарығына қатысушылардың қызметiн үйлестiруді және реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

 

2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 2-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының астық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

 

2-тарау. Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеу

 

3-бап. Астық рыногындағы мемлекеттік басқарудың мақсаттары

Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеудiң мақсаттары:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1) техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан әрi – қауiпсiздiк) қамтамасыз ету;

2) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) астық өткізу рыногын кеңейту;

4) астық сапасын қамтамасыз ету;

5) фитосанитариялық жағдайды қауiпсiз деңгейде ұстау;

6) табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру және астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетілдiру;

7) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  8) тармақша өзгертілді  (бұр. ред .қара)

8) астық өндiру iсiнде инвестиция, кредит, салық және кеден саясатын қалыптастыру ;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  9) тармақшамен  толықтырылды

9) астықтың қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу болып табылады.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгерді

4-бап. Астық рыногын мемлекеттік реттеу нысандары

Астық рыногына қатысушылардың қызметiн мемлекеттік реттеу:

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

1) уәкілетті орган бекiтетiн бiлiктiлiк талаптары негiзiнде астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау;

1-1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  2) тармақша жаңа редакцияда  (бұр. ред .қара)

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу;

2-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметiн бақылау;

3) астық қолхаттарының айналысын құқықтық реттеу;

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялық бақылау;

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды(2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналысы мен өтелуі жөніндегі ережелердің сақталуын бақылау;

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды(2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті бақылау;

5) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

7) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөніндегі iс-шараларды мемлекеттік қаржыландыру;

8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

9) алып тасталды

10) заң актілерінде көзделген өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгерді

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

1-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар қалыптастырады және астық нарығын дамыту мен оның тұрақтылығын ұстап тұру жөнiнде өзге де шараларды қолданады;

2-1) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

4) астықпен жасалатын операцияларға байланысты үкiметаралық келісімдер жасасады;

5) – 7-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

6-1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

10) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

12) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгерді; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті органның құзыретіне мыналар кіреді:

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

1) астық өндіруді мемлекеттік қолдау саласындағы саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

1-1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) астық нарығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

2-1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-2) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

3-1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді)

3-2) Қазақстан Республикасы астық туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын бекітеді

4) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

5) астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;

6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  7) тармақша өзгертілді ( бұр.  ред .қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) астық сапасының сараптамасы бойынша аккредиттелген зертханалардың қызметін астық сапасын сараптау және астық сапасы паспортын беру тәртібін сақтауы тұрғысынан бақылау;

8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

9) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда

10) астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда

11) астыққа және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне техникалық регламенттердi әзірлеу және бекiту;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда

12) мынадай:

астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;

астықты сақтау;

астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі;

астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу;

астық қолхаттарының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

12-1) мыналарды:

астық нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын;

астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгілік нысандарын;

мемлекеттік астық инспекторлары туралы ережені әзірлеу және бекіту;

13) 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

15) астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау және жою тәртібін, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

16), 17) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

18) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

19) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

20) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

21) астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;

22) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

23) – 30) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

31) астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгiлік нысанын бекiту және әзірлеу;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

32) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн әзірлеу және бекіту;

32-1) – 32-3) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 32-4) тармақшамен толықтырылды

32-4) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын сақтауын және тексерілетін субъектілердің қызметін бақылауды жүзеге асыру;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 33) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

33) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (бұр. ред .қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 6-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6-1-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті

1. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;

3) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық коньюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;

5) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;

7) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

8) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) астық қабылдау кәсіпорындарын:

бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді;

астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;

11) – 17) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-1), 17-2), 17-3), 17-4), 17-5), 17-6), 17-7), 17-8), 17-9), 17-10), 17-11), 17-12), 17-13) және 17-14) тармақшалармен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 17-1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-1) астық қабылдау кәсіпорындарының: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;

17-2) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

17-3) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;

17-4) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;

17-5) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;

17-6) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);

17-7) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;

17-8) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-9) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 17-10) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

17-10) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;

17-11) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;

17-12) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

17-13) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізу;

17-14) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

2. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

6-2-бап. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 6-3-баппен толықтырылды

6-3-бап. Астық нарығы саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Астық нарығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

ҚР 11.07.01 ж. № 231-11; 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ( бұр. ред.қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілді

7-бап. Астық қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылау

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасы аумағындағы астық және оның өмірлік циклінің процестері осы Заңның талаптарына, техникалық регламенттерге, санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормаларға және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келуге тиіс.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

2. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылауды жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Астық сапасының мемлекеттік бақылауы мыналарды қамтиды:

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) астық қабылдау кәсiпорындарына қабылдау және тиеп жiберу кезiнде астық сапасының көрсеткiштерiн айқындауды бақылау;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау.

 

7-1-бап. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

7-2-бап. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Заңымен

8-бап. Астықтың сапасына сараптама жасау

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Астықтың сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Астық сапасының паспортынсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап етiлетiн өзге де құжаттарсыз экспорттау мен импорттау кезiнде астық сатуға жол берiлмейдi.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

9-бап. Астық тасу

1. Қазақстан Республикасының аумағында астық тасу тура және аралас қатынас жүйесi болып табылатын темір жол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен жүзеге асырылады.

2. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3. Көліктің осы түрімен жүк тасу ережелеріне сәйкес келетін көліктің кез келген түрімен тасымалдануға тиіс астық партиясына олардың техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ілесіп жүреді.

4. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1- тараумен толықтырылды

2-1-тарау. Астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары

 

9-1-бап. Техникалық реттеу объектілерi

Астық және оның өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.

 

9-2-бап. Сәйкестікті растау

Астықтың техникалық регламенттерде айқындалған талаптарға сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

9-3-бап. Астықтың қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпаратқа қойылатын талаптар

Тұтынушылардың астықтың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты жаңылысуына әкеп соқтыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында астық нарығына қатысушылар сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға астықтың қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және дұрыс ақпарат беруге міндетті.

 

9-4-бап. Астыққа қойылатын қауіпсіздік талаптары

1. Пайдалану мақсатына қарай астық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптардың кешеніне сәйкес келуге тиіс.

2. Астық құрамындағы ықтимал қауіпті химиялық қосылыстар мен биологиялық объектілер, пестицидтердің және агрохимикаттардың қалдық мөлшері, оның ішінде фумиганттар, зиянды заттар мен қоспалар, сондай-ақ ылғал техникалық регламенттерде белгіленген мәндерге жол берілген ең жоғары деңгейден аспауға тиіс.

 

9-5-бап. Астықты өндіру кезіндегі қауіпсіздік талаптары

Жер учаскелерінің иелері мен пайдаланушылары астық өндірісін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ осындай қызметтің қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуін жоятын немесе шектейтін тәсілдермен жүзеге асыруға міндетті.

 

9-6-бап. Астықты сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1. Астықты сақтау оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экологиялық, құрылыс, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық және фитосанитариялық талаптарға сай келетін астық қоймаларында жүзеге асырылады.

2. Астықты сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары тәуекел түрлері бойынша техникалық регламенттерде белгіленеді.

 

9-7-бап. Астықты тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1. Астықты тасымалдау оның қауіпсіздігі мен сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.

2. Астық құрғақ, таза, бөгде иіссіз, зиянды ағзалармен залалданбаған көлік құралдарымен тасымалданады.

 

9-8-бап. Астықты кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған астыққа техникалық регламенттерде белгіленген тәртіппен одан әрі пайдалануды (кәдеге жаратуды) немесе жоюды анықтау тұрғысында сараптама жасалуға тиіс.

2. Сараптама жасауға және оны одан әрі пайдалану (кәдеге жарату) немесе жою ықтималдығы туралы шешім қабылдау қажет болатын кезеңдегі астық оның партиясының көлемі көрсетіле және астыққа қол жеткізуді болғызбайтын жағдайлар сақтала отырып, жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.

3. Мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз астықты тасымалдауға, сақтауға, сараптама жасауға, пайдалануға (кәдеге жаратуға) немесе жоюға байланысты шығындарды оның иесі өтейді.

 

 

3-тарау. Астық өндіру мен сатуды мемлекеттік қолдау

 

13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгерді

10-бап. Мемлекеттік қолдаудың нысандары

Астық рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет астық өндiру мен сатуды қолдаудың мынадай нысандарын жүзеге асырады:

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

1) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне элиталық тұқым құнын уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен арзандату;

2) техника мен жабдықтардың лизингiлiк жеткiзiлiмiн ұйымдастыру;

3) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

4) – 5) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

7) топырақтың құнарлылығын сақтау жөніндегі ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру;

8) астықты өндiру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгізуге жәрдемдесу;

9) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

10) астық қолхаттарының тиiмдi айналысы үшiн жағдай жасау;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды

10-1) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге минералдық тыңайтқыштар мен жанар-жағар май материалдарының құнын арзандату;

11) iшкi рыноктың мұнай өнiмдерiне деген қажеттерiн дер кезiнде қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдану;

12) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

13) агроөнеркәсiптiк кешен үшiн мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес кадрлар даярлау;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

14) аймақтарда техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау жөнінде қызметтер көрсету бойынша бәсекелестiк орта құру үшiн шаралар қолдану;

15) 2015.08.06. № 317-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16) отандық ауыл шаруашылық машина жасау iсiн жаңғырту жөнiнде шаралар қолдану.

 

 

4-тарау. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

 

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың қызметін мемлекеттік реттеу

 

12-1-бап. Астықты экспортқа шығарушылардың есептілігі

2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Астықты экспортқа шығарушылар алғашқы статистикалық деректерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етуге міндетті.

2. Астықты экспортқа шығарушылар уәкілетті органның жазбаша сауалы бойынша астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметке байланысты  ақпарат беруге міндетті.

 

12-2-бап. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

12-3-бап. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 5-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары, қырман шаруашылықтары және сервистік-дайындау орталықтары

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді

13-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметi

1. Астық қабылдау кәсiпорындары жалпы пайдаланылатын тауар қоймасы деп танылады. Олардың астық сақтауға жасалатын шарттары (бұдан әрi – шарт) жария шарттар болып табылады.

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі жөніндегі қызметтi лицензия негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары жүзеге асырады.

Заңды тұлға бiр немесе бiрнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерiнде) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен лицензия алуға құқылы.

Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметтiң осы түрi бойынша біліктілік талаптарына астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі өз қызметiн жүзеге асыру едәуiр нашарлап кететiн немесе мүлде мүмкiн болмай қалатын негiзгi құралдарды иелiктен айыруына тыйым салынады.

3. Тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлға:

2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) қырман шаруашылықтарында және (немесе) сервистік-дайындау орталықтарында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі жөнiнде қызмет көрсетуге;

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамаларында «астық қабылдау кәсiпорны», «астық қоймасы», «астық қабылдау пунктi», «элеватор» деген сөздердi немесе ол астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асырады деп ұйғарылатын, солардан туындайтын сөздердi пайдалануға құқылы емес.

 

2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

14-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының мiндеттерi

Астық қабылдау кәсiпорны:

1) астық сақтау тәртібін, сондай-ақ олардың саны мен сапасы жағынан белгiленген тәртiппен бекітілген нормативтiк құқықтық актiге сәйкес сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шараларды сақтауға;

2) қажет болған жағдайларда белгiленген тәртiппен астық иелерiне оның сынамаларын iрiктеп алуды қамтамасыз етуге;

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) астық қолхатын ұстаушының алғашқы талап етуi бойынша астық қолхатына айырбастап, осы Заңның 31 және 40-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ астық қолхатымен қамтамасыз етілген астықты сақтағаны үшiн берешегi болмаса, шарт талаптарына сәйкес сақтаулы астықты толық көлемiнде босатуға міндетті.

4) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

15-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру

1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

2. Астық қабылдау кәсiпорнының:

1) астық қолхатын ұстаушымен келiсе отырып, ақшалай не сақтаулы астықтың тиiстi мөлшерiн ұстап қалу жолымен оны кейiн астық рыногында еркiн өткізу арқылы сақтау жөніндегі шығындарын жабуға;

2) астық қолхатын ұстаушының мүдделерiн көздеп өзге де операциялар бойынша шартта көзделген немесе заң актілерінде белгіленген шығындардың орнын толтыруға құқығы бар.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16-бап. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесі және қоры (қорлары)

1. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорымен (қорларымен) жасалған шарттардың негізінде астық қабылдау кәсіпорындары ғана астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы бола алады.

Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатыспайтын астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылардың алдында өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асырады, ол сақтауға қабылданған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі болған кезде астық қолхатын әрбір ұстаушыға сапасы жолғалған немесе нашарлаған астықтың өтемі кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен проценті мөлшерінде сақтандыру төлемдерін франшиза талаптарын қолданбастан төлеуді қамтамасыз етеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

2. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорны сақтауға қабылдаған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі басталған кезде астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) осы астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін сақтауға тапсырылған, сапасы жоғалған немесе нашарлаған астықтың өтем кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен проценті мөлшерінде ақшалай өтейді.

Астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісін жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі белгілейді.

 Астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін өтеуді жүзеге асырған астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) астық қолхатын ұстаушының осы астық қабылдау кәсіпорнына талап ету құқығы оның төлеген сомасы шегінде көшеді.

Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру мақсатында астық қолхаттарының тізілімін беруге міндетті.

3. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мүлкін және өзге де мүліктік мүдделерді сақтандыруы (өзара сақтандыруы) мүмкін.

4. Осы Заңға сәйкес уақытша басқару енгізілген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушыларының талаптарын қанағаттандыруды астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірінші кезектегі тәртіппен жүргізеді.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16-1-бап. Қырман шаруашылықтары және сервистік-дайындау орталықтары

Қырман шаруашылығы деп жеке немесе заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі және астық пен тұқымның тауарлық партияларын қалыптастыру және оларды сақтау мақсатында астықты бастапқы өңдеуге арналған техникалық құрылыс танылады.

Қырман шаруашылығы сервистік-дайындау орталығы түрінде құрылуы мүмкін.

Қырман шаруашылығында және (немесе) сервистік-дайындау орталығында жүзеге асырылатын қызмет лицензиялауға жатпайды. Осы қызметті жүзеге асыратын тұлға астық қолхаттарын беруге құқылы емес.

 

 

6-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу

 

13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 313-III (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттеу тәсiлдерi

Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, астық иелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде астық қабылдау кәсіпорындарының саралану талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу:

1) белгiленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорындары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығару;

2) астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау нысанасындағы қызметiн, сондай-ақ астық қолхаттары тiзiлiмiнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етудi жүргізу талаптарын инспекциялау (тексеру);

3) астық қабылдау кәсiпорындарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына заңдарға сәйкес санкциялар салу арқылы жүзеге асырылады.

4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды.

 

18-бап. Басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттік реттеу

Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен реттеушi орган жүзеге асырады.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

19-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн шектеу

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге жатпайтын қызметтi жүзеге асыруға, оның iшiнде, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк беруге және мүлiктi кепiлге салуға құқылы емес, оған мыналар кiрмейдi:

1) ұн өнiмдерiн, құрама-жем, нан-бөлке және макарон бұйымдарын өндiру мен сату;

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау жөнiнде қызмет көрсету.

2008 ж. 21 қарашадағы № 89-ІV ҚР Заңымен тармақ 3) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

3) телекоммуникация құралдарын орнату үшін астық қабылдау кәсіпорынының өндірістік емес алаңдарын беру жөнінде қызмет көрсету.

2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) жанар-жағармай материалдарын сақтау үшін мұнай өнімдерінің базалары мен резервуарларды жалға беру жөнінде қызметтер көрсету.

Бұл орайда жоғарыда тiзбеленген қызмет түрлерiне байланысты пайдаланылатын құрылыстар астық қоймасымен (элеватормен, астық қабылдау пунктiмен) технологиялық байланыста болуға және (немесе) бір аумақта не оған iргелес жатқан аумақта болуға тиiс. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет пен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметіне байланысты емес қызмет операцияларының бөлек есебін жүргiзуді қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындарының:

1) көрсетілетiн қызмет үшiн осы Заңның 18-бабына сәйкес реттеушi орган белгiлегеннен артық мөлшерде ақы алуына;

2) көрсетілетiн қызметтерге қол жеткізу жағдайларын күштеп таңуына немесе көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушыларын кемсiтушілiкке немесе тұтынушылардан белгiленген тарифтерде ескерілмеген ақы алу есебiнен табыс табуға әкеп соғатын өзге де әрекеттер жасауына тыйым салынады.

 

20-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының аудитi

1. Астық қабылдау кәсiпорнының жылдық қаржылық есебiнiң дұрыстығын, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiн тексеру және растау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жыл сайынғы мiндеттi аудиторлық тексерулер жүргiзiп отырады.

2. Егер кәсiпорынның басқару органы астық қабылдау кәсіпорнының жылдық қаржылық есебiне, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiне аудиторлық тексеру жүргiзуден жалтарса, кез келген мүдделi тұлғаның арызы бойынша қабылданған сот шешiмiмен тексеру тағайындалуы мүмкiн.

3. Тексеру комиссиясының (ревизордың) астық қабылдау кәсiпорны басқару органының қызметiн тексерудi жүзеге асыруы астық қабылдау кәсiпорнын аудит жүргiзу мiндетiнен босатпайды.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

21-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының есеп жүргiзуi және есеп беруi

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Астық қабылдау кәсіпорындары және астық нарығына басқа да қатысушылар алғашқы статистикалық деректерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етуге міндетті.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

2. Астық қабылдау кәсiпорындары уәкiлеттi органның және жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің жазбаша сауалы бойынша өздерiнiң негiзгi қызметiне байланысты ақпаратты беруге мiндеттi.

 

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

22-бап. Астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау

Астық қабылдау кәсiпорындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша жылдық балансты және пайда мен залал туралы есептi, олардың мемлекеттік кіріс органдарына тапсырылатын мерзiмi келгеннен кейiн күнтiзбелiк бiр ай iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

 

23-бап. Құжаттардың есепке алынуы және сақталуы

1. Астық қабылдау кәсiпорындары өздерiнiң астықпен жасаған операцияларын көрсететiн құжаттардың қатаң есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Сақталуға тиiстi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмдерi заңдармен белгiленедi.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

24-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

13.10.03 ж. № 488-II ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 24-1-бап өзгертілді

24-1-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді

25-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының жауапкершiлiгi

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылғаны байқалған, астық қабылдау кәсiпорындарының лауазымды адамдарының сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiне қатер төндiруi мүмкiн құқыққа сыйымсыз әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсiпорнына мынадай жауапкершiлiк түрлерiнiң бiрiн қолдануға:

 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға және өндiрiп алуға;

2) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) осы Заңның 28-бабында белгiленген жағдайларда астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгізуге құқылы.

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметтi тиiстi лицензиясыз жүргiзген жағдайда, осы операциялардан (қызметтен) түскен табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиiстi бюджетке алынады.

3. Астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

 

13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред . қара) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26-бап. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру  құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру,  лицензиядан айыру

Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республиккасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген  тәртіппен жүзеге асырылады.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

27-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

28-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару

1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында олар жөнiнде әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдықтехникалық және басқа да iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзу болып табылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай фактілердің бірі анықталған кезде сот шешімімен енгізіледі:

1) астық сақтау жөніндегі шарттық мiндеттемелердi үнемi тиiсiнше орындамауы;

2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етілген астық мөлшерінің астық қабылдау кәсіпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерінен асып кету.

3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды уақытша басқару жөніндегі комиссия мен уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.

4. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорнының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Уақытша басқару кезеңiнде заңсыз әрекеттермен астық қабылдау кәсiпорнына келтiрген залал үшiн уақытша басқару жөніндегі комиссияның мүшелерi, уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады.

 

29-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

30-бап. Уақытша басқару жөніндегі комисия

1. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының, астық қабылдау кәсіпорнының, сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) өкілдерінен тұрады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданғанға дейін жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсіпорнына, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) және сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың барлығына үш күн мерзімде уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына кандидатуралар ұсыну туралы ұсыныс жібереді.

Кандидатуралар ұсынылмаған не ұсынудан бас тартылған жағдайда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі уақытша басқару жөніндегі комиссияны өз бетінше құруға құқылы.

3. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның құзыретіне:

1) уақытша әкімшіліктің мүшелерін қызметке тағайындау (қызметтен босату);

2) уақытша әкімшіліктің қызмет нәтижелері туралы есебін бекіту;

3) уақытша әкімшіліктің қызметін бақылау кіреді.

4. Егер астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) қатысушысы болмаса, уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкілдердің шешім қабылдау кезіндегі дауыстары мынадай проценттік қатынаспен бөлінеді:

1) астық қолхаттарын ұстаушылар – елу процент;

2) астық қабылдау кәсіпорны – жиырма бес процент;

3) уәкілетті орган – жиырма бес процент.

5. Астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) қатысқан жағдайда уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкілдердің шешім қабылдау кезіндегі дауыстары мынадай проценттік қатынаспен бөлінеді:

1) астық қолхаттарын ұстаушылар – жиырма бес процент;

2) астық қабылдау кәсіпорны – жиырма бес процент;

3) уәкілетті орган – жиырма бес процент;

4) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) – жиырма бес процент.

6. Уақытша басқару жөніндегі комиссия жалпы дауыс санының кемінде үштен екісіне ие өкілдер қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.

Уақытша басқару жөніндегі комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.

7. Уақытша басқару жөніндегі комиссияны құрудың, оның қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

 

31-бап. Уақытша әкiмшiлiк

1. Уақытша әкiмшiлiктi уақытша басқару жөніндегі комиссия тағайындайды.

2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару қолданылған кезеңде:

1) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөніндегі барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке көшедi;

2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;

3) астық қабылдау кәсiпорнын басқару органдары мен оның басшы қызметкерлерiнің өкілеттiгi тоқтатыла тұрады;

4) уақытша әкiмшілiкке айтпай және оның жазбаша келісімiнсiз астық қабылдау кәсiпорнының атынан және соның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.

3. Уақытша әкiмшiлiк:

1) осы Заңда белгiленген құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiмдер қабылдауға;

2) астық қолхаттарында көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма процентiне дейiнгi мөлшерiнде солардан туындайтын барлық талаптардың қанағаттандырылуын уақытша басқару кезеңiне тоқтата тұруға;

3) астық қабылдау кәсiпорнының ол берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қалпына келтiруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға;

4) астық қабылдау кәсiпорнының атынан және оның мүдделерi үшiн өкiлдiктi, соның iшiнде сотта да жүзеге асыруға;

5) астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттарын орындауға кепiлдiк беру қорына қатысқан жағдайда, аталған қорға сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша берешектi бiрiншi кезектегi тәртiппен өтеу туралы талап қоюға;

6) астықтың сақталуына байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;

7) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.

4. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

32-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды тоқтату

1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай негiздер:

1) сот шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң өтуi;

2) соттың уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы бойынша тоқтатылады.

2. Уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау негіздерінің бірі мыналар:

1) астық қабылдау кәсіпорнының берілген астық қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қалпына келтіруі;

2) уақытша басқару кезеңінде басқа астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын тиісінше орындауға әсер ететін мән-жайлар болмаған кезде астық қолхаттарын ұстаушылардың барлық мәлімделген талаптарын толық көлемде қанағаттандыру болып табылады.

3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды оның енгiзiлуiне әкеп соққан себептердiң жойылуына байланысты аяқтау (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату) сот шешімінің негізінде қабылданған осы астық қабылдау кәсiпорнына қатысты барлық шектеулердiң күшi жойылуына әкеп соғады.

4. Егер астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігін қалпына келтіруге алып келмеген жағдайда, уақытша әкімшілік:

1) облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына астық қабылдау кәсіпорнын астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру туралы ұсыныс енгізеді;

2) уақытша басқару мерзімі аяқталғанға дейін астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы сотқа талап арыз береді.

Астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы талап арызды қарау кезеңінде уақытша басқару тоқтатылған жағдайда талапкердің барлық құқықтары мен міндеттері уақытша әкімшілік функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға өтеді.

 

 

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру

 

33-1-бап. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру

1. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеруді уәкілетті орган өз бетімен не басқа да мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізеді.

2. Астықты экспортқа шығарушылар және астық қабылдау кәсіпорындары тексеруге берілген тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша тексеруді жүргізуге уәкілетті органға жәрдемдесуге, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

3. Уәкілетті органның қызметкерлеріне астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

4. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру барысында алынған және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

 

2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 33-2-бап өзгертілді

33-2-бап. Мемлекеттік астық инспекторы және оның өкілеттігі

1. Уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызметшілердің тиісті лауазымдарына «Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік астық инспекторы» және «Мемлекеттік астық инспекторы» деген қосымша арнайы атауларды  беруге құқылы.

2. Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторы мынадай функцияларды:

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) мыналарды:

астықтың сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін;

астықты экспорттаушылардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауы тұрғысынан бақылау;

2) астық қабылдау кәсіпорындарын олардың  біліктілік талаптарына сәйкестігіне жыл сайынғы тексеруді өткізуге қатысуды;

3) – 5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, астықты экспортқа шығарушылар мен астық қабылдау кәсіпорындарына нұсқама беруді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)

7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады.

8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Уәкілеті органның мемлекеттік астық инспекторы астықты өсіру, сақтау және өңдеу орындарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен (қызметтік куәлігін және құқықтық статистика жөніндегі органда тіркелгені туралы белгісі бар тексеру тағайындалу туралы актіні көрсеткен кезде) кедергісіз баруға және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға құқылы.

 

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 7-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

7-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарын тарату

және олардың астық қоймаларын (элеваторларды, астық қабылдау пункттерiн) иелiктен шығару тәртібі

 

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 34-бап өзгертілді

34-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын таратудың түрлерi мен негiздемелерi

1. Астық қабылдау кәсiпорны:

1) кредиторлық берешегi болмаған жағдайда құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) шешiмi бойынша өз еркiмен таратылуы мүмкiн. Бұл ретте жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне хабарлама жiберiледi;

 2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн (мәжбүрлеп тарату).

2. Астық қабылдау кәсiпорындары қызметiнiң тоқтатылуы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасы мен осы Заңның талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

35-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын мәжбүрлеп тарату негiздемелерi

Астық қабылдау кәсiпорындарын таратуды мына жағдайларда:

1) банкрот болған;

2) қызметтi тиiстi рұқсатсыз (лицензиясыз) не заң актілерінде тыйым салынған қызметтi, не заңдарды әлденеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;

3) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда сот жүргiзедi.

 

36-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын банкрот деп тану

2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Астық қабылдау кәсіпорны белгіленген тәртіппен тек қана сот шешімі бойынша банкрот деп танылуы мүмкін.

2. Астық қабылдау кәсiпорнының банкроттығы туралы iс бойынша тараптардың бiтiм келісімiн жасасу мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

37-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иелiктен шығару ерекшелiктерi

1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады және сатып алушының (алушының) оны астық сақтау мақсаты үшiн пайдалану шарты бойынша бiрыңғай кешенмен иелiктен шығарылады.

2. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сатуға кем дегенде екi ай қалғанға дейiн астық қабылдау кәсiпорны өзiне белгiлi астық қолхаттарын ұстаушыларды мүлiктік кешеннің иелiктен шығарылатыны туралы жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ республикалық баспа басылымдарында мемлекеттік тiлде және орыс тілінде бұл туралы хабарландыру беруге тиiс.

3. Астық қабылдау кәсiпорны мүлiктiк кешендi иелiктен шығарған жағдайда астық қолхаттарын ұстаушыда сақтау шартын мерзiмiнен бұрын бұзу және астықты белгiленген тәртiппен алу не астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) бұрынғы иесiмен жасасқан шарт талабымен бiрдей астық қоймасының жаңа иесiмен де қайта шарт жасасу құқығы сақталады.

4. Астық қабылдау кәсiпорнының осы баптың 1-3-тармақтарын бұза отырып жасаған астық қоймаларын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сату жөніндегі мәмiлелерiн астық қолхаттарын ұстаушылар мен өзге де мүдделi тұлғалардың талап-арызы бойынша сот заңсыз деп тануы мүмкiн.

5. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иеленген не оны сот (аралық сот) шешiмiн орындау тәртiбiмен алған тұлға бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелер бойынша астықты қабылдап-өткiзу жөнiндегi комиссия жасаған астық қалдықтарын түгендеу актiсiмен белгiленген мөлшерде жауапты болады.

Егер астық қалдықтарын түгендеу актiсi жасалмаған болса, астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) жаңа иесi бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген барлық астық қолхаттары бойынша жауапты болады.

 

38-бап. Мәжбүрлеу тәртібімен таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігi

1. Мәжбүрлеп таратылатын, соның iшiнде банкроттығына байланысты таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптары осы бапта белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.

2. Таратудың жүргiзiлуiне байланысты, соның iшiнде астық қабылдау кәсiпорнын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шығындар, сондай-ақ таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының негiзгi мiндеттерiн қамтамасыз ету қажеттiгiнен туындайтын шығындар кезектен тыс және тұрақты жүргiзiледi.

3. Кредиторлардың белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезекпен қанағаттандырылуға тиiс:

1) бiрiншi кезекте өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн таратылушы астық қабылдау кәсiпорны жауап беретiн азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;

2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеушi адамдармен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу жүргiзiледi;

3) үшiншi кезекте кепiл туралы мәлiметтерi бар астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;

4) төртiншi кезекте кепiл туралы мәлiметтерi жоқ астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;

5) бесiншi кезекте кредиторлардың таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;

6) алтыншы кезекте бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;

7) жетiншi кезекте заң актілеріне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргiзiледi.

 

 

8-тарау. Астық қолхаттары

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді

39-бап. Астық қолхаты

1. Астық қабылдау кәсiпорны астықты сақтауға қабылдағанын растайтын астық қолхатын бередi.

2. Астық қолхаты қажет болған жағдайда бiр-бiрiнен бөлiнуi мүмкiн екi бөлiктен – қойма куәлiгiнен және кепiл куәлiгiнен тұрады. Астық қолхаты және оның бөлiктерiнiң әрқайсысы эмиссиялық емес ордерлiк бағалы қағаз болып табылады.

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Астық қолхатының әрбiр бөлiгi мынадай мiндеттi деректемелердi бiрдей қамтуға тиiс:

1) облыстың жергілікті атқарушы органы берген код;

2) астық қолхаты бланкiсiнiң сериясы мен нөмiрi;

3) астықты сақтауға қабылдап алған астық қабылдау кәсiпорнының атауы, орналасқан жерi және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

4) астық қабылдау кәсiпорнының тiзiлiмi бойынша астық қолхатының ағымдағы нөмiрi;

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жылы, айы, күні, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi не астықты сақтауға тапсырған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі;

6) астықтың түрi, оның сандық және сапалық сипаттамалары;

7) егер ондай белгiленген болса, астықтың сақтауға қабылданған мерзiмi;

8) сақтау төлемi туралы белгi;

9) куәлiктiң берiлген күнi;

10) уәкiлеттi адамның қолы мен астық қабылдау кәсіпорнының мөрi.

4. Осы баптың талабына сай келмейтiн құжат астық қолхаты болмайды.

5. Кепіл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу кезiнде қойма куәлiгiне мынадай ақпарат бар белгi жасалынады:

1) жеке тұлғаға қатысты – индоссаттың аты-жөнi, сондай-ақ тiлегi бойынша – әкесiнiң аты мен тұрғылықты жерi, заңды тұлғаларға қатысты индоссаттың атауы және тұрған жерi;

2) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi, ол бойынша сыйақының ставкасы, орындалу мерзiмi;

3) индоссаттың қолы;

4) кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi.

6. Кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу кезiнде кепiл куәлiгiне мынадай ақпарат бар белгi жасалынады:

1) жеке тұлғаға қатысты – индоссаттың аты-жөнi, сондай-ақ тiлегi бойынша әкесiнiң аты мен тұрғылықты жерi, заңды тұлғаларға қатысты индоссаттың атауы және тұрған жерi;

2) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi, ол бойынша сыйақының ставкасы, орындалу мерзiмi;

3) индоссанттың қолы;

4) кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

7. Астық қолхаты жазылатын бланкiлерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау және жою тәртiбiн, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгiсiне қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.

8. Астық қабылдау кәсiпорны облыстың жергілікті атқарушы органына астық қолхатына қол қоюға уәкiлеттi адамдардың аты-жөнi және әкесiнiң аты жазылған карточканы, олардың қолтаңбаларының үлгiлерiн, сондай-ақ астық қолхатына қойылған мөрдiң бедер-таңбасының үлгiсiн табыс етуге мiндеттi.

9. Астық қолхатындағы қойылған қолдардың, мөр бедер-таңбасының облыстың жергілікті атқарушы органына берген карточкада көрсетiлген қойылған қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiсiне сәйкес келмеуi осы астық қолхатын жарамсыз деп тану үшiн негiздеме болып табылады.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 39-1-баппен толықтырылды

39-1 бап. Астық қолхатын беру тәртібі

1. Астық қолхаты сапасы бойынша бiр тектес әрбiр астық партиясына берiледi. Тапсырылған астықтың барлық көлемiне берiлетiн астық қолхатының санын астықтың иесi оған берiлген өтiнiм бойынша айқындайды.

2. Астық қолхаттары астық иесiне астық қолхаттарының тiзiлiмiне тiркелiп және оның қолы қойылып берiледi, оны астық қабылдау кәсiпорны хронологиялық тәртiппен жүргiзiп отырады.

3. Жаңа астық қолхатын астық қабылдау кәсiпорны:

1) онда индоссаменттi жасау үшiн бос орын болмаған;

2) табиғи тозығы жеткен;

3) жоғалған жағдайларда беруi мүмкiн.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

40-бап. Астық қолхатын және оның бөлiктерiн ұстаушылардың құқықтары

1. Астық қолхатын ұстаушының астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астыққа астық қолхатында көрсетiлген көлемде билiк етуге құқығы бар.

2. Қойма куәлiгiн ұстаушы астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астыққа билiк етуге құқылы, бiрақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кепiл куәлiгi бойынша борышты өтегенге дейiн астық қабылдау кәсiпорнынан астық берудi талап етуге құқылы емес.

3. Кепiл куәлiгiн ұстаушының:

1) кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлген тұлғадан кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттеменiң орындалуын және ол бойынша сыйақы төлеудi талап етуге;

2) кепiл куәлiгiн және ол бойынша құқықтарды үшiншi тұлғаларға беруге құқығы бар.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 40-1-баппен толықтырылды

40-1-бап. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтарды беру

1. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтар оларда беру жазбаларын жүргiзу арқылы берiледi.

Егер кепiл куәлiгi бөлiнбесе, астық қолхатындағы индоссамент қойма куәлiгiнде ғана жасалады.

2. Кепiл куәлiгiн бөлу осы Заңның 39-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

41-бап. Астық қолхаты бойынша астықты беру

1. Астық қолхатын ұстаушы немесе қойма куәлiгiн ұстаушы астықты талап ету үшiн астық қабылдау кәсiпорнының тұрған жерiне өзi келуге немесе уәкiлеттi өкiлiн жiберуге мiндеттi.

2. Астықты беру астық қолхатын ұстаушының өтiнiшi бойынша өтеуге жататын қойма және кепiл куәлiктерiнiң түпнұсқасына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-1-баппен толықтырылды

41-1-бап. Кепiл куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асыру тәртібі

1. Қойма куәлiгiн ұстаушы қойма куәлiгiнде көрсетiлген мiндеттеменi орындау мерзiмi басталғанға дейiн кредитор алдындағы мiндеттеме мөлшерiнде борышты өтеген кезде кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiнде индоссамент жасауға және оны қойма куәлiгiн ұстаушыға қайтаруға мiндеттi.

2. Кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттеме орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайда, кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiнде көрсетiлген астықты өндiрiп алуға құқылы.

3. Егер өндiрiп алу сәтiне дейiн астық қабылдау кәсiпорнынан астықты қойма куәлiгiн ұстаушы талап еткен, ал астық қабылдау кәсiпорнына кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалғанын және ол бойынша сыйақының төленгенiн куәландыратын құжат табыс етiлген болса, онда кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiн өтеу үшiн қайтарып беруге мiндеттi.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-2-баппен толықтырылды

41-2-бап. Кепiлге салынған астықты сату

1. Кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген өзiнiң талабы мерзiмiнде қанағаттандырылмаған жағдайда, кепiлге салынған астықты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатуға және өзiнiң талаптарын басқа кепiл берушi кредиторлар алдында басым жабуға құқылы.

Кепiл куәлiгiн ұстаушының талабын кепiлге салынған мүлiктiң құнынан қанағаттандыру, егер шартта өзгеше белгiленбесе, кепiл куәлiгін ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы ұйымдастыратын және өткiзетiн сауда-саттықта кепiлге салынған астықты соттан тыс тәртiппен мәжбүрлеп сату арқылы жүргiзiледi.

Кепiл куәлiгiн ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы кепiл берушiге кепiл беру туралы шартта көзделген мiндеттеменiң орындалмағаны туралы хабарлама жасайды және сонымен бiр мезгiлде бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың өткiзiлетiн уақыты, орны, сауда-саттық нысанасы, оны өткізу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу туралы және кепiлге салынған астықтың бастапқы бағасы туралы мәлiметтердi қоса алғанда, сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жариялайды.

Сауда-саттық ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап он төрт күннен кейiн өткiзiледi.

2. Сауда-саттықта астық сатудан түскен сома мынадай кезекпен бөлiнедi:

1) бiрiншi кезекте сауда-саттықты өткізуге және ұйымдастыруға байланысты шығындар жабылады;

2) екiншi кезекте астық қабылдау кәсiпорнына сақтау жөнiнде көрсеткен қызметi үшiн сыйақы төленедi;

3) үшiншi кезекте кепiл куәлiгiн ұстаушының талабы қанағаттандырылады;

4) төртiншi кезекте астық сатудан қалған сома қойма куәлiгiнiң түпнұсқасына айырбастауға қойма куәлiгiн ұстаушыға қайтарылады.

3. Әрбiр кезектің талаптары алдыңғы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейiн қанағаттандырылады.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-3-баппен толықтырылды

41-3-бап. Астық қолхатының жоғалуы немесе бүлiнуi

1. Астық қолхаты, қойма куәлiгi немесе кепiл куәлiгi жоғалған жағдайда тиiстi куәлiктi жоғалтқан тұлға бұл туралы астық қабылдау кәсiпорнына жазбаша нысанда дереу хабарлауға мiндеттi.

2. Жоғалған астық қолхаты, қойма куәлiгi және (немесе) кепiл куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асыру сот шешiмiне сәйкес жүргiзiледi.

 

2009.11.12 № 229-ІV Заңымен мазмұн 41-4-баппен толықтырылды

41-4-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

 

9-тарау. Қорытынды ережелер

 

42-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі

Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus