Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Өсімдіктерді қорғау туралы Заң

Өсімдіктерді қорғау туралы Заң

Өсімдіктерді қорғау туралы
2002 ж. 3 шілдедегі № 331-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2015.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 – 3 баптар)

2-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу

(4 – 10 баптар)

3-тарау. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау

(11 – 14 баптар)

4-тарау. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар

(15 – 19 баптар)

5-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы іс-шараларды қаржыландыру көздері және өсімдіктерді қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық

 

(20 – 21 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

09.07.04 ж. № 584-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) арнаулы сақтау орындары (көмінділер) – тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын кейіннен кәдеге жарату немесе жою арқылы қауіпсіз сақтауға арналған сақтау орындары;

2) арнаулы техника – пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;

3) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектілер – ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөніс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндірістік және өзге де үй-жайлар;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) аса қауiптi зиянды организмдер – оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және уәкілетті орган бекiтетiн аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;

5) зиянды организмдер – топыраққа, өсімдікке және ауыл шаруашылық өніміне теріс әсер ететін зиянкестер, арамшөптер және өсімдіктердің аурулары;

6) зиян тигізудің экономикалық шегі – зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің өсімдік шаруашылығы өнімінің ысырабын туғызатын, фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуді қажет ететін саны;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) – уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;

8) өсімдіктерді қорғау – өсімдік шаруашылығы өнімінің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдістерін, фитосанитариялық іс-шараларды әзірлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;

9) өсімдік шаруашылығы өнімі – халықтың – тамақ өнімдеріне, мал шаруашылығының – жемшөпке және өнеркәсіптің шикізатқа деген қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім;

10) пестицидтер (улы химикаттар) – зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

11) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған іс-шаралар;

12) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тipкeу – препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі;

13) пестицидтердің (улы химикаттардың) бастапқы компоненттері – пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған химиялық және басқа да заттар;

14) пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшері – өсімдік шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектілеріндегі пестицидтер (улы химикаттар) құрамының мөлшерлік көрсеткіші, олардың адам мен жануарларға қауіпсіздігі осы көрсеткіш арқылы бағаланады;

15) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) – бастапқы компоненттердің негізінде пестицидтер (улы химикаттар) дайындаудың технологиялық процесі;

16) пестицидтер (улы химикаттар) тізімі – Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етіліп тіркелген пестицидтер (улы химикаттар) тізбесі;

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды

16-1) пестицидтерді (улы химикаттарды) тipкeу сынақтары – биологиялық, шаруашылық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалауды қамтитын, пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдаланудың орындылығы мен қауіпсіздігін растау рәсімі;

2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

17) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өсімдіктерді қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

18) фитосанитариялық ахуал – ауылшаруашылық мақсатындағы объектілердің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің санымен және зиян тигізуімен анықталатын қалыптасқан жай-күйі;

19) фитосанитариялық болжам – фитосанитариялық іс-шараларды жүргізудің мерзімдері мен көлемдерін жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесін алдын ала айқындау;

20) фитосанитариялық мониторинг – зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерді зерттеуді, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негізінде фитосанитариялық болжам әзірлеуді қамтитын іс-шаралар жүйесі;

21) фитосанитариялық нормативтер – фитосанитариялық іс-шаралар көлемін анықтау үшін пайдаланылатын белгіленген шамалар параметрлері;

22) фитосанитариялық іс-шаралар – зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің саны мен зиян тигізуін азайтуды қамтамасыз ететін шаралар кешені.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi

Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi:

1) мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

2) қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету;

3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.

 

 

2-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу

 

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік өсiмдiктер қорғау жүйесi

Қазақстан Республикасының мемлекеттік өсiмдiктер қорғау жүйесiне:

1) Қазақстан Республикасының Yкіметі;

2) уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара); 2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;

4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;

5) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар енедi.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне:

1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)

4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

6) – 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау кіреді.

 

2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:

1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

2) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекіту;

3) өсімдіктерді қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

4) аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеу және бекіту;

5) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу және бекіту;

6) мынадай:

пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);

пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;

пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

7) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту;

8) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану құқығына тiркеу куәлiктерiн беру;

9) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiн әзiрлеу, бекiту және жүргiзу;

10) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi ұсынымдар мен әдiстемелiк нұсқауларды әзірлеу және бекіту;

11) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару тәртiбiн әзірлеу және бекiту;

12) фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру;

13) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын жасау;

15) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлеу және бекiту;

16) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастыру;

17) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндiрістік сынақтарын және мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру;

18) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру;

19) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;

20) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру және өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысу;

21) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану тәртібін белгілеу;

22) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

23) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз кіруді, Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

24) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындау;

25) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекіту, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келісу;

26) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыретi

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Ведомствоның басшысы Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.

Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өсiмдiктердi қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

Ведомствоның мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды тікелей орындайтын өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының құзыретiне:

1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;

2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;

3) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi жүргiзудi ұйымдастыру;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)

4) Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді.

5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (орыс тіліндегі өзгерістерді қара)

3. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң өсiмдiктердi қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының құзыретiне:

1) тиiстi аумақта мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;

2) жеке және заңды тұлғаларға тиісті аумақта фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;

3) тиiстi аумақта фитосанитариялық есепке алуды және есептiлiктi ұйымдастыру, жүргiзу және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептi табыс ету;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)

4) тиісті аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді.

5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (орыс тіліндегі өзгерістерді қара)

4. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың құзыретiне:

1) тиiстi аумақта мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;

2) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi белгiленген нысан бойынша жүргiзу және оларды уәкiлеттi органға табыс ету;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)

3) тиiстi аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді.

4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары

1. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың:

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне баруға;

2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығаруға;

2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті түрде бере отырып, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін сот шешімінсіз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл ретте, қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады;

4) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартуға құқығы бap.

2. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.

2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап жаңа редакцияда; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыреті

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыретіне:

1) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді ( ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) мыналар:

пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);

пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;

пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

 

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар

1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтiң мынадай түрлерiн:

1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитариялық мониторингiн;

ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) фитосанитариялық болжамның жасалуын;

2) тiркеуге ұсынылатын пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайларда байқаудан өткізу үшiн өндiру сынақтарын;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық мөлшерiнiң бар-жоғын талдауды және сараптауды орындау мақсатында құрады.

2. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға есептiлiктi табыс етедi.

 

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3-тарау. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар

 

11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралар

Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыруға және зиян тигізудің экономикалық шегінен көп зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге міндетті.

 

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану

1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтердің (улы химикаттардың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларына қойылатын міндетті талаптар пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді.

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)

3. Тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінген пестицидтердің (улы химикаттардың) көлемін уәкілетті орган айқындайды.

 

13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептілік

1. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органға фитосанитариялық есептілікті табыс етеді.

2. Фитосанитариялық есептіліктің түрлерін, нысандарын және оларды табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.

 

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап жаңа редакцияда

14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау

Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-1-бап өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14-1-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) зиянсыздандыру

1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер (улы химикаттар) мен пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстары зиянсыздандырылуға жатады. Пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыру тәртiбiн уәкiлеттi орган қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсу бойынша айқындайды.

2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыру үшiн арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) пайдаланылады.

3. Арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуға, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыруға рұқсатты қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бередi.

4. Өңірлерде арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсу бойынша айқындайды.

 

14-2-бап. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы

1. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы дегеніміз пестицидтердің (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.

2. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы ерекше қауіпті зиянды организмдердің тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негізінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемінен қалыптастырылады.

3. Пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запастың нормативін және оларды пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 

14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер

1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсімдік шаруашылығы өніміне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерге қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол берілетін сандық және (немесе) сапалық мәнін айқындайды.

2. Фитосанитариялық нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде белгіленеді.

3. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық іс-шаралар көлемін объективті және негіздеп жоспарлауды жүргізу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкіндігін болжау үшін негіз болып табылады.

4. Фитосанитариялық нормативтер өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүргізуі үшін негіз болып табылады.

 

14-4-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi және өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегi қызметті үйлестіру

1. Уәкілетті орган өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібі мен тәсілдерін регламенттейтін зерттеулер нәтижесінде әзірленген әдістерді, әдістемелерді, ұсыныстарды бекітеді.

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары уәкілетті органмен келісілуге жатады.

 

14-5-бап. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалардың міндеттерi

Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалар:

1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге және зиянды организмдердің зиян тигізудің экономикалық шегінен көп дамуы мен таралуына жол бермеуге;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға;

3) фитосанитариялық есепке алуды жүргізуге және уәкілетті органға есептілікті табыс етуге;

4) пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу және өндіру сынақтарын ережелерге сәйкес жүргізуге;

5) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда ұстауға;

6) қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын талаптарды сақтауға;

7) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарын орындауға;

8) өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторларға олардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдемдесуге міндетті.

 

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 14-6-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-6-бап өзгертілді

14-6-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу

Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тiркеу уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес тіркеу және өндірістік сынақтар қорытындылары бойынша жүргізіледі.

 Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етіледі және оларды уәкілетті орган пестицидтердің (улы химикаттардың) тізіміне енгізеді.

Тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ тіркелмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған бастапқы компоненттерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) санын уәкілетті орган айқындайды.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4-тарау. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау

 

15-бап. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауға жататын объектілер

Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектілер:

1) зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің тіршілік ететін орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектілер, автомобиль жолдарының, темір жолдардың бөлінген белдеулері мен күзет аймақтары және өзге де аумақтар, сондай-ақ өсімдіктен алынатын өнім;

2) зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер;

3) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу үшін пайдаланылатын арнаулы техника мен пестицидтер (улы химикаттар);

4) арнаулы сақтау орындары (көмінділер) болып табылады.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

15-1-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау)

1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

16-бап. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылаудың міндеттерi

Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау:

1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне;

2) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға, тасымалдауға және қолдануға;

3) фитосанитарлық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуіне және табыс етілуіне;

4) пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу және өндіру сынақтарының жүргізілуіне;

5) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру мен арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйіне;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына бақылаудан тұрады.

 

18-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау

1. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің тіршілік ететін орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектілерде, автомобиль жолдарының, темір жолдардың бөлінген белдеулері мен күзет аймақтарында және өзге де аумақтарда, сондай-ақ өсімдіктен алынатын өнімдерде зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

2. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау жылына үш реттен аспайтын кезеңділікпен және ұзақтығы екі күннен асырылмай, зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуының оңтайлы мерзімдері басталған кезеңде жүргізіледі.

 

19-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдануды бақылау

Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдануды бақылау пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану шарттарының технология мен қауіпсіздіктің міндетті талаптарына сәйкестігі нысанында тексеру жүргізу кезеңінде жүзеге асырылады.

 

19-1-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін және табыс етілуін бақылау

1. Фитосанитариялық есептілікті табыс етудің толықтылығы мен уақтылылығы тұрғысында фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін және табыс етілуін бақылау ұдайы жүзеге асырылады.

2. Фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін және табыс етілуін бақылау есептілікті табыс етудің белгіленген мерзімдерінде үш реттен аспайтын кезеңділікпен және ұзақтығы екі күннен асырылмай жүзеге асырылады.

 

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 19-2-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-2-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндіру сынақтарының жүргізілуін бақылау

1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндіру сынақтарының жүргізілуін бақылау әдістемелік орындылығын айқындау үшін жүргізіледі.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Тiркеу және өндiру сынақтарын жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша белгiлейдi.

3. Тіркеу және өндіру сынақтарының жүргізілуін бақылау оларды жүргізу кезеңінде екі реттен аспайтын кезеңділікпен және ұзақтығы екі күннен асырылмай жүзеге асырылады.

 

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 19-3-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-3-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйін бақылау

1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды бақылау мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектілерде тыйым салынған, жарамсыз жағдайға келген пестицидтер (улы химикаттар) мен пестицидтердің (улы химикаттардың) залалсыздандыруға жататын ыдыстарын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйін анықтау үшін жүзеге асырылады.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыру тәртiбiн, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда күтіп-ұстау шарттарын уәкiлеттi орган қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.

3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды бақылау жылына екі реттен көп емес кезеңділікпен және екі күннен көп емес ұзақтылықпен дала жұмыстары аяқталғаннан соң жүзеге асырылады.

 

19-4-бап. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

19-5-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды аяқтау нысаны

1. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырудың нәтижелері бойынша тексеру актісін жасайды.

2. Тексеру актісі үш (Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда – төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргізген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы қол қояды.

Актінің бірінші данасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырылады, екінші данасы тексерілген жеке немесе заңды тұлғаға қол қойғызылып, беріледі, үшіншісі тексерген өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторда қалады, ал төртіншісі мемлекеттік инспектордың ұйғарымы орындалмаған жағдайда, сотқа талап-арыз ұсыну үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторға жолданады.

Тексерілген субъекті тексеру актісін қабылдаудан бас тартқан жағдайда, акт хабардар етілетін тапсырыс хатпен жолданады.

3. Тексеру актісі нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекітілген болуға тиіс арнайы тіркеу журналында тіркеледі.

4. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор өз құзыреті шегінде тексеру нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтардың сипаттамасына байланысты, бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарым жасайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарады немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды және сотқа талап жолдайды.

5. Анықталған бұзушылық болмаған жағдайда тексеру актісіне тиісті белгі қойылады.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды

4-1-тарау. Пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары

 

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 19-6-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-6-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) буып-түю және олардың ыдысы жөніндегi талаптар

1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) буып-түю және оларға арналған ыдыс өнімді сақтау, тасу және өткізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.

2. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар адамды, қоршаған ортаны пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпті қасиеттерінен қорғау үшін арнайы лайықталуға тиіс.

3. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар пестицидтердің (улы химикаттардың) құрама заттарының бұзылуына немесе өзге де зиянды әсеріне төзімді болуға және:

1) жану және (немесе) жылудың едәуір бөлігінің бөлінуін;

2) тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдардың бөлінуін;

3) басқа да химиялық белсенді және қауіпті заттардың түзілуін тудыратын реакцияға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспеуге тиіс.

 

19-7-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану кезіндегi қауіпсіздік талаптары

1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) тізімінде белгіленген тиімді және қауіпсіз қолдану технологияларын сақтай отырып жүзеге асырылады.

2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) техникалық регламенттердің талаптарын бұза отырып қолдануға тыйым салынады.

3. Пайдаланылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтауға арнайы арналған орындардан басқа жұмыс орындарында қалдыруға тыйым салынады.

 

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 19-8-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-8-бап. Пестицидтердің (улы химикаттардың) буып-түйілуін таңбалау жөніндегi талаптар

1. Пестицидтердің (улы химикаттардың) буып-түйілуін таңбалау:

1) телефонның, факстың, телекстің нөмірін және электрондық мекен-жайды қоса алғанда, өтініш берушінің (жеткізушінің, дайындаушының, дистрибьютордың немесе импортердің) атауы және толық мекен-жайын;

2) пестицидтің (улы химикаттың) атауы мен оның нысаналы мақсатын;

3) пестицидтің (улы химикаттың) номиналды мөлшерін (салмағын немесе көлемін);

4) шығару партиясы нөмірінің белгіленуін;

5) дайындалған (шығарылған) күнін;

6) қауіптілік қасиеттерінің және адамға, қоршаған ортаға және мүлікке әсер ету сыныптарының белгілерін (пиктограммаларын);

7) өнімді қауіпсіз сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану және кәдеге жарату жөніндегі ұсыныстарды қамтуға тиіс.

2. Буып-түюді таңбалау өшірілмейтін анық әріптермен немесе нышандармен түсіріледі.

 

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 19-9-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-9-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау кезіндегi қауіпсіздік талаптары

1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау осы үшін арнайы арналған, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына, экологиялық талаптарға, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сай келетін арнайы қоймалық үй-жайларда жүзеге асырылуға тиіс.

2. Қоймалар үрлейтін және тартатын желдеткіштерімен жабдықталады. Тартатын желдеткіш құрғақ сүзгіш элементтермен жабдықталады.

3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қоймада сақтауға үй-жайды санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қызметінің органдары зерттеп болғаннан кейін пестицидтерді (улы химикаттарды) алу және сақтау құқығына санитарлық паспорт жасалғаннан кейін ғана жол беріледі.

4. Сақталынатын пестицидтердің (улы химикаттардың) мөлшері қойманың жобалық құжаттамасында көзделген қойма сыйымдылығынан аспауға тиіс.

5. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар әзірлеуді, сондай-ақ аталған талаптардың сақталуын бақылауды мемлекеттік санитарлық-зпидемиологиялық бақылау органдары жүзеге асырады.

 

19-10-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау қауіпті жүктерді көлік құралдарымен тасу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Пестицидтермен (улы химикаттармен) бірге немесе бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасу үшін пайдаланылған көлік құралдарымен тамақ өнімдерін, жемшөп және ауыз су тасуға қатаң тыйым салынады.

3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау үшін пайдаланылған көлік алдын ала тазартылмай және көлік құралы залалсыздандырылмай, басқа да тағамдық емес жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылуға тиіс емес.

 

 

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы іс-шараларды қаржыландыру көздері және

Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

 

09.07.04 ж. № 584-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді

20-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру көздерi

1. Бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iс-шаралар:

1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер мекендейтiн орындарды анықтау жөніндегі фитосанитариялық мониторинг жүргiзудi;

2) ерекше қауiптi зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жүргiзу үшiн пестицидтер (улы химикаттар) сатып алуды, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасын қалыптастыруды, сақтауды және жаңартуды;

3) пестицидтердi (улы химикаттарды) кедендiк декларациялауды, сақтауды және жұмыстар орындалатын орындарға жеткізудi;

4) ерекше қауiптi зиянды организмдер зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп мекендейтiн орындарға химиялық өңдеу жүргізуді;

5) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды жүргiзудi;

6) өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтиды;

7) арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстау, салу және жөндеудi қамтиды.

2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер иелерiнiң қаражаты есебiнен уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мынадай фитосанитариялық iс-шаралар:

1) өз қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамасы бойынша залалсыздандыру;

2) зиянды организмдерге фитосанитариялық iс-шаралар жүргiзу;

3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерiнiң бар-жоғына талдау және сараптау жүргiзiледi.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндiрістік сынақтары Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілеген тәртіппен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрушiлердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

 

2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus