Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Тұқым шаруашылығы туралы

Тұқым шаруашылығы туралы

Тұқым шаруашылығы туралы
2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2015.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

ҚР 2015 жылғы 27 қарашадағы № 424-V Заңын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)

 

1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару (4 - 10 баптар)
3-тарау. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру (11 - 12 баптар)
4-тарау. Тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану (13 - 20 баптар)
5-тарау. Тұқымның сорттық және егу сапаларын анықтау тәртібі (21 - 23 баптар)
6-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы дауларды шешу және жауапкершілік (24 - 25 баптар)

 

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың», «тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органмен» деген сөздер «уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті органды», «уәкілетті органның», «уәкілетті органдардың», «уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерiн белгiлейдi және тұқым шаруашылығы жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуi және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану iсiн мемлекеттік бақылау мәселелерiн реттеуге бағытталған.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

1-1) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2) аттестаттау – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субьектісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау (растау);

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын айғақтайтын, өз құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы берген құжат;

4) ауыл шаруашылық өсімдіктері – дәнді, дәнді-бұршақтық, жармалық, азықтық, майлы, эфирлі-майлы, техникалық, көкөністік, дәрі-дәрмектік, гүлдік, жемістік, жидектік дақылдар, картоп, жүзім;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) байқаудан өткiзушi – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергiлiктi атқарушы органына ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу жөніндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлаған жеке тұлға;

 6) бақылау сынақтары – ауыл шаруашылық өсімдігінің сорт белгілерінің сақталуын және әр түрінің осы сортқа сәйкестігін анықтау;

7) бірегей тұқымдар – ауыл шаруашылық өсімдігі сортының авторы, ол уәкілдік берген адам немесе сорттың оригинаторы өсіріп шығарған және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқым;

8) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар – тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейіннен өсіріп-өндірілуі: бірінші жыл – бірінші көбейтілген тұқым, екінші жыл – екінші көбейтілген тұқым, үшінші жыл – үшінші көбейтілген тұқым;

9) егістерді байқаудан өткізу – ауыл шаруашылық өсімдіктері егістерінің сорттық сапаларын: сорттық тазалығын, сортқа тәнділігін, арамшөптер басу, ауруға шалдығу және зиянкестерден бүліну дәрежесін анықтау;

10) жерге егіп бағалау – тұқымдардың белгілі бір түрге, сортқа жататындығы мен сорттық тазалығын оларды арнаулы учаскелерде егу және өсімдіктер бойынша сорттық сапаларын кейіннен тексеру жолымен анықтау;

11) зертханалық сорттық сынақтар – тұқымдардың белгілі бір сортқа тиістілігін белгілеу және зертханалық талдау жүргізу жолымен тұқымдардың сорттық тазалығын анықтау;

12) кондициясына жеткізілмеген тұқым – сорттық және егу сапасы жағынан тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сай келмейтін тұқым;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия – өсімдік сорттарының патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сараптамадан өткізуді және сынауды жүзеге асыратын, уәкілетті органның қарауындағы ұйым;

13) сорт ауыстыру – тұқым өсірушілердің өндірісте егіліп жүрген ескі сорттарды неғұрлым шығымды немесе ауыстырылатын сорттан шаруашылық-бағалылық белгілері мен қасиеттері жағынан артық жаңа, пайдалануға рұқсат етілген сорттармен ауыстыруы;

14) сорт жаңарту – өндірісте пайдалану кезінде сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған тұқымдарды сол сорттың жақсы тұқымдарымен ауыстыру;

15) сортқа тәнділік – айқас тозаңдандырылатын ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттық тазалығының көрсеткіші;

16) сорт оригинаторы – сорттың сақталуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;

17) сорттық бақылау – ауыл шаруашылық өсімдіктері егістерінің сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгілі бір сортқа жататындығын белгілеу жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) сорттық сынақ – селекциялық жетістіктің патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілетін сараптамадан және сынақтан өткізу;

19) сорттық тазалық – негізгі сорт өсімдіктерінің немесе сабақтарының осы ауыл шаруашылық өсімдіктерінің немесе сабақтарының жалпы санына проценттік қатынасы;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

20) суперэлиталық тұқымдар – бірегей тұқымдарға жататын, өсіріп-өндіру көшеттігінің өнімінен алынған, ұлттық стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқымдар;

21) тұқымдар – өсімдіктердің сортын молықтыру үшін пайдаланылатын генеративтік және вегетативтік органдары: тұқымның өзі, жемістер, күрделі жемістердің бөлігі, қосалқы жеміс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзуші ұлпалар және басқалар;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

22) тұқымдардың кондициялылығы – тұқымдардың тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі;

23) тұқымдардың сорттық сапасы – тұқымдардың ауыл шаруашылық өсімдігінің белгілі бір сортына жататындығын сипаттайтын белгілер жиынтығы;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24) тұқымдар тобы – тиiстi құжатпен (байқаудан өткiзу актiсiмен, тұқым аттестатымен, тұқым куәлiгімен, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiкпен, тұқымдарға талдау жасау нәтижесiмен, карантиндiк сертификатпен, фитосанитариялық сертификатпен) расталған, шығу тегi мен сапасы жағынан бiртектес тұқымдардың белгiлi бiр мөлшерi;

25) тұқымдық бақылау – тұқымның егу сапасын анықтау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;

26) тұқым куәлігі – тұқымдардың алғашқы және одан кейінгі көбейтілуінің сорттық және егу сапасын растайтын құжат;

27) тұқымның егу сапасы – тұқымдардың егуге (отырғызуға) жарамдылық дәрежесін сипаттайтын сапа көрсеткіштерінің жиынтығы;

28) тұқым өндірушілер – осы Заңға сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

29) тұқым өсіру шаруашылығы – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 29-1) тармақшамен толықтырылды

29-1) тұқым өткізуші – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқым несиесін беру жөніндегі қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

30) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана – тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына белгіленген тәртіппен; аттестатталған заңды тұлға;

31) тұқым сараптамасы – тұқымдардың сорттық және егу сапасының техникалық регламенттердің және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі іс-шаралар кешені;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

32) тұқым сарапшысы – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергiлiктi атқарушы органына тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлаған, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана маманы;

33) тұқым шаруашылығы – тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын қызмет, сондай-ақ мемлекеттік бақылау, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылау;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34) тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор – жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;

35) тұқым шаруашылығының схемасы – көшеттіктер мен тұқымдық егістіктердің өзара байланысты топтары, оларда белгілі бір реттілікпен, сұрыптау және өсіріп-өндіру жолымен сортты молықтыру процесі жүзеге асырылады;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 36) тармақша жаңа редакцияда

36) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – тұқым шаруашылығы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

37) элиталық тұқымдар – ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бірегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарына сай келетін тұқымдары;

38) элиталық тұқым өсіру шаруашылығы – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, элиталық тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект.

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлер мен субъектiлер

1. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлерге:

сорт (өскiн, топ, будан, жеке түр, аралас сорттар);

тұқымдар;

тұқымдық және тұқым өcipy егiстерi мен екпелерi жатады.

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Тұқым шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:

сорттың авторы;

сорттың оригинаторы;

тұқым өндiрушiлер;

тұқымдарды сату құқығынсыз үй жанындағы, бау-бақ, саяжай және бақша учаскелерiнде пайдалану үшiн тұқым өндiрумен шұғылданатан жеке адамдарды қоспағанда, тұқымдарды тұтынушылар;

тұқымдардың сорттық және егу сапасын анықтау бойынша қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

тұқым өткізушілер;

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорт сынағын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия жатады.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару

 

4-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу

Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу:

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді  

1) мыналарды:

тұқым шаруашылығы субъектілерін алғашқы аттестаттауды;

аттестаттау туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тұқым шаруашылығы субъектілерін:

бірегей тұқым өндірушілерді – бес жылда бір рет;

элиталы тұқым өсіру шаруашылықтарын – үш жылда бір рет;

тұқым өсіру шаруашылықтарын – үш жылда бір рет;

тұқым өткізушілерді – екі жылда бір рет;

тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды – үш жылда бір рет;

тұқым шаруашылығы субъектілерін біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанасына аттестаттаудан кейін жыл сайын зерттеп-тексеруді қамтитын тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алу;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiн және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін жүргiзу;

3) тұқымның сорттық және егу сапасына мiндеттi сараптама жасау;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау жүргiзу;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) рұқсаттық бақылау;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұқым шаруашылығы және селекция саласында ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тектiк қорын сақтау, дамыту және пайдалану жөніндегі iргелi және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргiзу;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) «Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген бiрегей және асыл тұқымдар сұрыптары өндірісін, өткізуді және сатып алуды субсидиялау;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8) ауыл шаруашылық өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткізудi, тұқымдардың, соның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасының сараптамасын мемлекеттік қамтамасыз ету;

9) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

10) тұқым шаруашылығы саласындағы инвестициялық, кредиттiк саясатты қалыптастыру;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң мүдделерiн құқықтық жағынан қорғау;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды

14) техникалық реттеу – саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі – қауіпсіздік) қамтамасыз ету;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды

15) тұқым шаруашылығы саласында қауіпсіздікке қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу арқылы жүзеге асырылады.

 

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тұқым шаруашылығы саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органды белгiлейдi;

3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) тұқым шаруашылығы саласындағы, соның iшiнде тұқымдарды экспорттау және импорттау мәселелерi жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және үкiметаралық келісімдер жасайды;

7) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7-1) – 13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

14) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

6-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның құзыретi

1. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

1-2) тұқым шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

2) селекция, сортты сынақтан өткізу және тұқым шаруашылығы жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;

3) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген ауыл шаруашылық өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын өндiру және сату көлемiне болжам жасайды;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 7-2) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7-2) мыналарды:

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;

ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені;

ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сорт сынағын жүргізудің әдістемесін;

тұқым шаруашлығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің тәртібін;

сортты егiстердi байқаудан өткізу тәртібін бекітеді;

8) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8-1) сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-2), 8-3), 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылды

8-2) тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттарын, тұқымдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тізбесін және оларға бөлінетін субсидиялардың нормативтерін айқындайды;

8-3) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

8-4) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткiзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

8-5) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

8-6) тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

11) сортты сынақтан өткізу мен тұқым шаруашылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi және тұқымға арналған құжаттаманың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11-1) техникалық регламенттердi әзiрлейдi және бекітеді;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі қолда бар ұлттық стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14) бастапқы, элиталық және өнеркәсiптiк (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргiзудiң схемалары мен әдiстерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

15) отандық және шетелдiк селекция сорттарына мемлекеттік сынақ ұйымдастырады;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) уәкілетті орган бекіткен сорттар оригинаторларын тіркеу ережелеріне сәйкес сорттар оригинаторларын тіркейді;

17) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

18) республиканың тұқым ресурстарының мониторингiн жүзеге асырады;

19) өз құзыретi шегiнде селекция және тұқым шаруашылығы жөнiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

20) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

21) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiн және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң перспективалы сорттарының тiзбесiн бекiтедi;

22) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

23) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

24) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

25) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

26) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратады;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

27) республика бойынша тұқымдар балансын жасайды.

28) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды

29) патент беруге арналған қорытындысымен қоса сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейдіж

30) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 31) тармақшамен толықтырылды

31) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды

31-1) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз кіруді және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасының анықталған бұзылушылықтарын жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 32) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган өз қызметiн аумақтық органдар арқылы жүзеге асырады.

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

3) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізеді;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;

6) облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша тұқымдар баланстарын жасайды;

7) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

8) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;

9) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;

10) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

10-1) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) осы Заңның 6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:

тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;

әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындайды;

13) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;

14) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

15) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

16) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

17) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:

субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;

тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұрады;

18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

7-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-бап. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторлар және олардың өкiлеттiктерi

1. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердің тиiстi лауазымдарына «Тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектор» деген қосымша арнаулы атау беруге құқылы.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторлардың:

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) тұқым шаруашылығы субъектілерінің уәкілетті орган бекіткен бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау мақсатында тұқым шаруашылығының субъектілеріне баруға және олардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпарат алуға;

3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң сапасын тексеруге;

4) аттестатталған тұқым өндiрушiлердiң қызметiне олардың біліктiлiк талаптарына сәйкестiгi нысанында инспекция жүргiзудi жүзеге асыруға;

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) тұқым шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының бұзылғаны туралы нұсқама беруге және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына:

субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;

тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзуге;

7) тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшiн тұқым топтарынан сынамалар iрiктеп алуға;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)

8) субсидия бөлiнген тұқымның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.

9) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

B900009-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының, тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

2. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау:

 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) сорттық және тұқымдық бақылауды;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң қызметiн олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бақылауды;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын мемлекеттік сынауды бақылау.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3. Сорттық және тұқымдық бақылау:

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу, тасымалдау және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын мынадай:

 тұқым себу;

ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің вегетациясы;

жинау;

тұқым құю;

тұқым сақтау;

өткізу (тұқымдардың өткізуге дайындалған және өткізілген партияларын, оның ішінде экспорт және импорт кезінде, олардың сапасының растаушы құжаттарға сәйкестігіне тексеру) кезеңдерінде тұқым шаруашылығы ережелері мен нормаларын сақтау нысанында бақылауды қамтиды.

Белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым өндірушілердің тұқым өндіруін бақылау, ол мынадай кезеңдерді қамтиды:

тұқым себуге дайындалған егістіктерді тексеру – тұқым себудің алдында жылына бір рет;

вегетация кезеңінде сорттық егістерді тексеру – жылына үш рет;

сорттық және гибридтік егістерді байқау және егістік зерттеуді бақылау – байқау кезеңінде бір рет;

тұқымдарды жинау (жинап алу), тасымалдау, өңдеу (тазарту) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау – бақылаудың әрбір түрі бойынша жылына екі рет.

2) аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалардың тұқымдардың сорттық және себу сапасына сараптама жүргізуін, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды сақтауын:

тұқым сапасын сараптау кезеңінде жылына екі рет, сондай-ақ бақылау тәртібімен тұқым сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде;

тұқым өндірушілерге шағым жасалған, сондай-ақ аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар берген тұқымдарды сорттық және себу сапасына зерттеулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайдағы бақылауды;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) байқаудан өткізу кезеңінде байқаудан өткізушілердің жұмысын, сондай-ақ тұқым өндірушілердің осы Заңның 14-бабы 2-тармағының нормаларын сақтау нысанасына оларды тексеруді;

 4) тұқым шаруашылығы субъектілерінің тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарды сақтауын бақылауды қамтиды.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

10-бап. Тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттау

1. Мыналар:

1) тұқым сапасының сараптамасы жөніндегі зертханалар;

2) бiрегей және элиталық тұқымдарды өндiрушiлер;

3) сатуға арналған бiрiншi, екiншi, үшiншi көбейтiлген тұқымдарды өндiрушiлер;

4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) тұқым өткізушілер аттестатталуға жатады.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Аттестаттау мерзiмi бiткеннен кейiн тұқым шаруашылығының субъектiлерi қайта аттестаттаудан өтуге мiндеттi.

3-тарау. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру

11-бап. Тұқым шаруашылығы жүйесi

1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығы жүйесi – сорт алмастыру және сорт жаңарту мақсаты үшiн сорттардың шығарылуын, мемлекеттік сорттық сынағын, жаппай көбейтiлуiн, тұқымдардың өндiрiлуiн, дайындалуын, өңделуiн, сақталуын, тасымалдануын, сатылуы мен пайдаланылуын, сорттық егiстердi байқаудан өткізудi, тұқым сапасына сараптама жасауды, мемлекеттік сорттық және тұқымдық бақылауды қамтамасыз ететiн, функционалдық жағынан өзара байланысты мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң жиынтығы.

2. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығы жүйесiне:

1) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;

2) тұқым өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, сату және тасымалдау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын аттестатталған жеке және заңды тұлғалар;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар кiредi.

 

12-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

 

4-тарау. Тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану

 

13-бап. Тұқымдарды өндiру мен пайдалануға қойылатын талаптар

1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдары:

1) карантиндiк объектiлерден ауру жұққызған болса;

2) егер тұқым:

мемлекеттік сорт сынағынан өтпеген;

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлмеген немесе Қазақстан Республикасында перспективасы жоқ деп танылған сортқа жататын болса;

3) осы Заңда белгiленген тәртiппен егу сапасына сараптамадан өтпесе, оларды сатуға және егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сорттық және егу сапалары бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейтiн тұқымдарды сатуға, сондай-ақ осы Заңға сәйкес аттестатталған элиталық тұқым шаруашылығында және тұқым өсiру шаруашылықтарында егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тұқымдарды егу (отырғызу) үшін өткізуге және пайдалануға жол берілмейді.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес берілетін рұқсат бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға қарағанда төмендетілген сапа көрсеткіштері бар ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын себу (отырғызу) үшін сатуға және пайдалануға жол беріледі.

Тұқым сапасының көрсеткіштерін төмендетуге рұқсатты не дәлелді бас тартуды уәкілетті орган өтініш келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына береді.

Аталған рұқсатты алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тұқым шаруашылығы субъектілерінің өтініштерін қабылдайды және бес жұмыс күні ішінде оларды уәкілетті органға жібереді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары рұқсатты немесе бас тартуды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде тұқым шаруашылығы субъектілерін уәкілетті органның шешімі туралы хабардар етеді.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Гендік инженерия (генетикалық түрлендірілген) негізінде алынған сорттардың тұқымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлмеген тұқым сорттарын мынадай жағдайларда, егер:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) олар селекциялық және зерттеу жұмыстары үшін, сондай-ақ мемлекеттік сорт сынақтарын жүргізу үшін бір мезгілде сортты беру шартымен өндірістік жағдайда сынақ жүргізу мақсатында (Қазақстан Республикасының басқа да ұйымдарының немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сортын сынақтан өткізудің оң нәтижелері болған кезде) пайдаланылатын болса;

2) оларды өсiрiп-өндiру Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету үшiн халықаралық шартта көзделсе, себуге рұқсат етiледi.

4. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлмеген және (немесе) одан шығарылған ауыл шаруашылық өсiмдiктерi сорттарының тұқым топтары ерекше жағдайда одан кейiнгi үш жыл iшiнде тұқымдық мақсатқа сату құқығынсыз пайдаланылуы мүмкiн.

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

5. Осы Заңда белгіленген тәртіппен аттестатталмаған жеке және заңды тұлғалар тұқымдарды өткізу құқығынсыз өз қажеттіліктері үшін ғана өндіру мен пайдалануды жүзеге асыра алады.

 

14-бап. Тұқым өндiрушiлердiң құқықтары мен мiндеттерi

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Облыстың жергілікті атқарушы органы белгiлейтiн квоталардан кем болмайтын көлемдерде тұқым өндiрудi қамтамасыз етуге тиiстi аттестатталған тұқым өндiрушiлердi қоспағанда, тұқым өндiрушiлер тұқым өндiру көлемдерiн өз бетiнше белгiлеуге құқылы.

2. Тұқым өндiрушiлер:

1) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен технологиялық талаптарды, өндiрiс схемаларын, тұқымды сақтау және сату ережелерiн сақтауға, олардың саны мен сапасы жағынан сақталуын қамтамасыз етуге;

2) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген сорттардың тұқымдарын, сондай-ақ перспективалы деп танылған сорттардың тұқымдарын егу үшiн пайдалануға;

3) элиталық тұқымдарды алдағы уақытта сату, соның iшiнде мемлекеттен тыс жерлерге сату мақсатымен оларды өндiру кезiнде бiрегей тұқым сорттарын және будандардың шыққан тегiнiң нысандарын сатып алуға;

4) тұқымдарды сату кезiнде олардың сорттық және егу сапасын, сондай-ақ сорттың сипаттамасын (суреттемесiн) растайтын құжаттарды табыс етуге;

5) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен сорттық егiстерге байқау өткізуге;

6) сатуға, егу үшiн пайдалану мен сақтық және ауыспалы қорлар жасауға арналған тұқымдардың егу сапасына сараптама жүргiзуге;

7) егiстi (отырғызылған екпелердi), аумақтарды, тұқым тазалағыш машиналар мен механизмдердi, қоймаларды карантиндiк объектiлердi анықтау үшiн үнемi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді  (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) өз қаражаты есебiнен тұқым шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сақтық және ауыспалы қорларын құруға;

9) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiленген тәртiп пен мерзiмде сорттың жаңартылуын және сорттың алмастырылуын жүргiзуге;

11) сатылуға тиiстi тұқымның тұқым құжатында көрсетiлген сорттық және егу сапасына сәйкестiгiне кепiлдiк беруге;

12) сатылған және өз қажетiне пайдаланылған тұқымдардың мөлшерiне, шыққан тегiне, олардың сорттық және егу сапасына есеп жүргiзуге мiндеттi.

 

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды

14-1-бап. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметке қойылатын талаптар

1. Жеке тұлғалар ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткізу жөніндегі қызметті және тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптаманы жүзеге асыру үшін хабарламамен бірге:

1) аграрлық бейіндегі немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу жөніндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің болуын;

2) арнайы даярлықтан өткендігін (байқаудан өткізушілер үшін – байқаудан өткізушілер курстары);

3) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханадағы (тұқым сарапшылары үшін) жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

2. Байқаудан өткізушілер және (немесе) тұқым сарапшылары мынадай талаптарға сай болуға тиіс:

1) байқаудан өткізушілер үшін:

аграрлық бейіндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;

арнайы даярлығы (байқаудан өткізушілер курстары) туралы құжаттың болуы;

2) тұқым сарапшылары үшін:

аграрлық бейіндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;

тұқым сапасына және екпе материалына сараптама жасау жөнiндегi зертханадағы жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы құжаттың болуы.

 

15-бап. 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

16-бап. Тұқым топтарын сату мен тасымалдау

1. Тұқым топтарын сату мен тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Тұқым топтарын сатқан және тасымалдаған кезде олар ыдысқа салынған (буып-түйiлген) немесе ыдысқа салынбаған (үйiлген) күйде болуы мүмкiн.

3. Тұқым топтарын ыдысқа салынған (буып-түйiлген) күйiнде сатқан және тасымалдаған кезде олардың ыдыстары мен бумаларында белгiленген нысанда этикетка болуға тиiс.

4. Бiрегей және элиталық тұқымдарды ыдысқа салынған (буып-түйiлген) күйде ғана сату мен тасымалдауға рұқсат етiледi.

5. Тұқымдарды ыдысқа салынбаған (үйiлген) күйiнде сатқан және тасымалдаған кезде осы тұқым топтарына тұқымдардың әрбiр тобы сортының атауы, тұқымдардың өсiрiлген жерi мен сапасы туралы деректер көрсетiлген iлеспе құжаттарды ресiмдеу талап етiледi.

6. Химиялық және биологиялық препараттармен өңделген тұқым топтары ыдысқа салынған (буып-түйiлген) жағдайда болуға тиiс. Осы тұқымдардың ыдыстары мен бумаларында мұндай тұқымдардың ұсталу тәртібін анықтайтын және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету мүмкiндiгi туралы мәлiметтер қамтылған тиiстi жазбалар болуы керек.

7. Тұқым топтарын сатқан және тасымалдаған кезде ыдыстар мен бумаларда, этикеткаларда және iлеспе құжаттарда сорттың атауы, тұқымдардың өсiрiлген жері мен сапасы туралы шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтер көрсетуге, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында тұқым топтары туралы көрiнеу жалған жарнама таратуға тыйым салынады.

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

17-бап. Тұқымдардың сақтандыру және өтпелi қорлары

1. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3. Сақтық тұқым қорлары ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым қорлары болып табылады және астық шықпай қалған жағдайда тұқым себудi қамтамасыз ету үшiн оларды ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi дербес қалыптастырады.

4. Өтпелi тұқым қорлары күздiк ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң қорлары болып табылады және оларды ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi дербес қалыптастырады.

18-бап. Тұқымдарды дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану

1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын дайындауды, өңдеудi, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

2. Патент иесiнiң ерекше құқық объектiсi болып табылатын тұқымдарды пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен рұқсат етiледi.

19-бап. Тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету

1. Тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне сорттары енгiзiлген ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге pұқсат етiледi.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне сорттары енгiзiлмеген және (немесе) патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығына ғылыми зерттеулер мен мемлекеттік сынақтар өткізуге арналған, сондай-ақ осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелуге жол берiледi.

4. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн тұқым топтарында олардың сорттық және егу сапасын куәландыратын құжаттары бiрге болуға және олар техникалық регламенттерде және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сай болуға тиiс.

6. Тектiк инженерия (тектiк түрлендiру) негiзiнде алынған сорттардың тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелуге тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімiмен жол берiледi.

7. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тұқым топтарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылау, фитосанитариялық және тұқымдық сараптама жасалуға тиiс.

20-бап. Тұқым сапасына кепiлдiктер

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Тұқым өткізушілер тұқымдардың сорттық және егу сапасы олардың сапасын растайтын iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiне кепiлдiк бередi.

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Тұқымдардың сорттық және егу сапасы iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда тұқым өткізушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Сатып алынған тұқымдарға кепiлдiктер тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, ұлттық стандарттарда және басқа да нормативтiк құжаттарда белгiленген мерзiм iшiнде қолданылады.

 

 

5-тарау. Тұқымның сорттық және егу сапаларын анықтау тәртібі

 

21-бап. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық сапасын анықтау

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық сапасын анықтау нормативтік құқықтық актілерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес егiстердi байқаудан өткізу, жерге егiп бағалау және зертханалық сорттық сынақтар арқылы жүргiзiледi және аттестатталған тұқым өндiрушiлер үшiн мiндеттi болып табылады.

2. Тұқымдары тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң сатуына немесе өздерiнiң тұқымдық егiстерiне пайдалануына арналған ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiне мiндеттi түрде байқау өткiзiлуге тиiс.

3. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарының бiрегей және элиталық тұқымдары жерге егiп бағалануға тиiс.

4. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарының кейiннен сатылуға арналған элиталық тұқымдары мен бiрiншi көбейтiлген тұқымдары зертханалық сорттық сынақтан өткiзiлуге тиiс.

22-бап. Тұқымдардың егу сапасын анықтау

1. Сатуға және егу үшiн пайдалануға тиісті тұқымдардың егу сапасын анықтау осы Заңда белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасының сараптамасы жөніндегі зертханаларда тұқымдардың сынамаларын iрiктеп алу және оларға кейiннен талдау жасау арқылы жүргiзiледi.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Өткізілуге тиiс тұқым топтарынан сынамалар iрiктеп алуды тұқым өндiрушi өкiлiнiң қатысуымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүргiзедi.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Тек қана себуге арналған тұқымдар тобынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушілердiң өтiнiмi бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi аттестатталған зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.

 

23-бап. Тұқымдарға құжаттама жасау

1. Тұқымдардың сорттық және егу сапасын куәландыратын тиiстi құжаттарсыз оларды iшкi рынокта, экспорт және импорт кезiнде сатуға, сондай-ақ тұқымдарды егу үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.

2. Сату және тасымалдау кезiнде бiрегей, суперэлиталық және элиталық тұқымдарға – тұқым аттестаты, бiрiншi және одан кейiнгi көбейтiлген тұқымдарға тұқым куәлiгi қоса берiледi.

3. Тұқым шаруашылығы субъектiлерi егу үшiн өзi өсiрген тұқымды пайдаланған жағдайда байқаудан өткізу актiсi мен тұқымдардың кондициялылығы туралы куәлiк не байқаудан өткізу aктici мен тұқымдарға талдау жасау нәтижесi олардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттар болып табылады.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Тұқым өндiрушiлер байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi аттестатталған зертханалар берген, олардың сұрыптық және егістік сапасын растайтын құжаттар (сұрыптық егiстердi байқаудан өткiзу актiсi, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiк, тұқымдарға талдау жасау нәтижелерi) негiзiнде тұқым аттестатын немесе тұқым куәлiгін бередi.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды

23-1-бап. Тұқымдарды кәдеге жарату және жою кезіндегi қауіпсіздіктің жалпы талаптары

1. Тұқымдық сараптау нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған тұқымдар техникалық регламенттерде белгіленген тәртіппен қосымша өңделуге, кәдеге жаратылуға және (немесе) жойылуға тиіс.

Сараптама жүргізуге және оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігі немесе жою қажеттігі туралы шешім қабылдауға қажетті кезеңде тұқымдар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жағдайлар сақтала отырып, жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.

2. Мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз тұқымдарды тасымалдауға, сақтауға, сараптауға, пайдалануға немесе жоюға байланысты шығындарды олардың иесі төлейді.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 23-2-баппен толықтырылды

23-2-бап. Тұқымдардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпаратқа қойылатын талаптар

Тұқымдардың қауіпсіздігіне және оның өмірлік циклі процестеріне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында тұқым өндірушілер сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға тұқымдардың қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және дәйекті ақпарат беруге міндетті.

 

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 5-1-тараумен толықтырылды

5-1-тарау. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы

 

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 23-3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 23-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

23-3-бап. Сұрыптардың патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сараптау және сынау

Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының патент қабілеттілігі және шаруашылыққа пайдалылығы уәкілетті орган бекітетін өсімдіктер тектері мен түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік сынақ және (немесе) өтініш берушінің деректері бойынша бағаланады.

 

23-4-бап. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағын қаржыландыру көздері

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы бойынша шығыстарды қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;

2) мемлекеттік сорт сынағы саласындағы қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібімен түсетін қаражат;

3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы нәтижесінде алынған өнімдерді өткізуден түсетін қаражат;

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) бiрегей, элиталық тұқымдарға және кейiнгi көбейтiлген тұқымдарға зертханалық сұрыптық сынақтар жүргізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу тәртібімен түсетін қаражат;

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрып сынағы саласында баспа өнімдерін және ақпараттық бюллетеньдерді өткізуден түсетін қаражат;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.

 

 

6-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы дауларды шешу және жауапкершілік

 

24-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезіндегі дауларды шешу

Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus