Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Өскеменде ауыл шаруашылығы саласында кооператив құру мәселесі талқыланды

Өскеменде ауыл шаруашылығы саласында кооператив құру мәселесі талқыланды


Өскеменде ауыл шаруашылығы саласында кооператив құру мәселесі талқыланды. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының шаруалары бас қосып, келелі мәселені жан-жақты зерделеді. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген соң елдің ауыл шарашылығы өндірушілері әлемдік масштабта бәсекеге төтеп беруі тиіс. Сондықтан, шаруаларға кооператив құрып, бірігу қажет. Тек осы жағдайда ғана шағын кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауына ие бола алады,- деп есептейді ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері. Ал, кооперация қайта өңдеу зауыттары мен цехтарын ашып, нарыққа шикізат емес, дайын тауарды шығаруға жол ашпақ.

Ермек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Кооперация туралы заң өндірушілерге бірігуге мүмкіндік береді. Сонда ғана олар мемлекеттік қолдауға ие болады. Мұнда кредиттік ресурстар да қаралған. Бүгінде шаруа қожалықтары белгілі бір қызметті көрсету мақсатында субсидий алу үшін банк қызметіне жүгіне алмайды. Ал, кооперация туралы заң тауар өндірушілерге бұл мүмкіндікті бермек.

Кооперация туралы заң қазірде Мәжілісте талқылануда. Шаруалар өз кезегінде ұсыныстарын айтуға әзір. Әсіресе, елдің мал шаруашылығы саласы қолдауды талап етеді. Өкінішке орай, отандық өндірушілер ет өнімдерін экспорттай алмайды. Қаржыны бөлу ережесіне сәйкес, тиісті субсидиядан ірі ауыл шаруашылық фирмалары да қағылуда. Мәселен, былтыр Шығыс Қазақстан облысының мал шаруашылығымен айналысатын фермаларына 1 млрд 400 млн теңгелік субсидия жетпей қалған. Сол себепті, шаруалар субсидиялау бағдарламасын тағы бір зерделеуді сұрап отыр.

Дүйсенбай Селиханов, ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Бөлінген субсидия шаруалардың басын айналдырмай, оны ынталандыруы қажет. Яғни ары қарай жұмыс істеуге жол ашуы тиіс. Біз бар бағыт бойынша бәсекеге төтеп беруіміз керек. Қиын әрине, алайда негіз бар. Алдымен ірі өндірушілерге қолдау көрсеткен жөн. Аал шағын қожалықтарды жойылмауы үшін біріктіруіміз қажет.

Әсем МҰХИТОВА

Источник: http://astanatv.kz/news/show/id/39092.html

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus