Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар БАӘ, РФ, Ирак және Ливан азаматтары ұсталды

БАӘ, РФ, Ирак және Ливан азаматтары ұсталды

Баспасөз хабарламасы
11.04.2016 ж                                                                        Қызылорда қ
                                     
БАӘ, РФ, Ирак және Ливан азаматтары ұсталды

344

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Қызылорда облыстық ІІД табиғат қорғау полициясы және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК қызметкерлері Қызылорда қаласында үш бірдей жол талғамайтын көлік тізгіндеген Біріккен Араб Әмірлігінің, Ресей Федерациясының, Иран мен Ливанның және Қазақстан азаматтарын ұстады.
Автокөлікті тексеру кезінде 3 бас ақбауыр бұлдырық құсына ұқсас атылып алынған құстар, 1 дана 12 калибрлі аңшы мылтығы, 5 дана атылмаған 12 калибрлі патрон және оқ қаптары табылған.
Аталмыш деректер бойынша, материалдар құқыққорғау органдарына жіберілді.

Анықтама: Ақбауыр бұлдырық (Pterocles alchata) – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазақстан аумағында наурыздан қарашаға дейін кездеседі. 1978 жылдан бастап аулауға тыйым салынған.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
minagripress@gmail.com
Контакты: +7(7172)555765

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus