Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Су ресурстары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қызметтің паспорты: Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалану

Қызметтің паспорты: Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалану

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

  • Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
  • «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, www.elicense.kz

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

      рұқсатты беру – 24 (жиырма төрт) жұмыс күні;
      қайта ресімдеу – 15 (он бес) жұмыс күні;
      рұқсат мерзімін ұзарту – 15 (он бес) жұмыс күні;
      рұқсаттың телнұсқасын беру – 2 (екі ) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      рұқсатты алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш;
      су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылар паспортының көшірмесі;
      су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулер;
      су жинау үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
      су тұтынушылар мен олардың суға деген қажеттіліктері туралы мәліметтер;
      су жинауды есепке алу және жиналатын судың сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер;
      гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
      су электр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер;
      энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер;
      балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтер;
      жоғарғы және төменгі бьефтердегі су режимі мен су сапасының көрсеткіштерін бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер;
      гидроэнергетика мұқтаждықтарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректер;
      жерүсті су обьектілерін суды алмай пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
      кеменің техникалық сипаттамалары;
      кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты;
      кемеде құралатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және қалқыма құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректер;
      су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер;
      рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанында берілген жағдайда):
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы бойынша өтініш;
      2) порталға:
      рұқсатты алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы сұрау салу;
      су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылар паспортының электрондық көшірмесі;
      су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
      су обьектілерін су жинау үшін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
      су тұтынушылар мен олардың суға деген қажеттіліктері туралы мәліметтері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
      су жинауды есепке алу және жиналатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
      гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
      гидроэлектр станциясының белгіленген қуаты туралы деректері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
      энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
      балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
      жоғарғы және төменгі бьефтердегі су режимі мен су сапасының көрсеткіштерін бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
      гидроэнергетика мұқтаждықтарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректері бар құжаттың электрондық көшірмесі, ол электрондық сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса тіркеледі;
      жерүсті су объектілерін суды алмай пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
      кеменің техникалық сипаттамалары бар құжаттың электрондық көшірмесі;
      кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты бар құжаттың электрондық көшірмесі;
      кемеде құралатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және қалқыма құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
      су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
      рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанда берілген жағдайда):
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының
ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалануға арнайы су пайдалануға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу, рұқсат мерзімін ұзарту, рұқсаттың телнұсқасы

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011765#z74

Қызмет бекіту бұйрығы
Қызмет стандарты
Су қорын пайдалануды реттеу регламент
Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдарың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды портал арқылы беру кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы алуға болады.
Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus