Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Солтүстік-Қазақстан облысына әкелінген малдарда блютанг ауруы расталмады

Солтүстік-Қазақстан облысына әкелінген малдарда блютанг ауруы расталмады

2012 жылдың желтоқсан айында АҚШ-тан (Пенсельвания штаты) Солтүстік Қазақстан облысының шаруа қожалықтарына, ангус және герефорд асыл тұқымды 667 бас ірі қара малы әкелінді, атап айтқанда «Атамекен-Агро-Тимирязево» ЖШС – 258 бас, «Мичуринское» ЖШС – 259 бас, «Атамекен-Агро-Шұқыркөл» ЖШС – 150 бас.
Карантин уақыты кезінде жануарлардың ауруларына диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде блютангқа оң жақты нәтиже берген 12 мал басы анықталды. Бұл туралы ақпарат АҚШ ветеринариялық қызметіне (APHIS) жазбаша хабарланды.
Жануарлар Денсаулығының Бүкіләлемдік Ұйымының (ХЭБ) ұсыныстарына сәйкес, бұл ауруды растау үшін, блютанг вирусының оқшаулауымен зертханалық зерттеулер жүргізу қажет болды. Осыған байланысты, Қазақстанның ветеринариялық қызметі оң нәтиже көрсеткен сынамалар зертханалық зерттеулер жүргізу үшін Италиядағы (Teramo) ХЭБ-тың Референттік зертханасына жіберілді.
Зертханалық нәтижелер бойынша зерттелінген үлгілерден блютангтың вирусы анықталмаған, бұл аурудың жоқтығын білдіреді.
Қазақстанның ветеринариялық қызметі, Кеден одағының ветеринариялық талаптарына және ХЭБ-тың ұсыныстарына сәйкес дер кезінде қажетті шараларды қабылдады. Осындай шаралар, тиісті шараларды дер кезінде қабылдауға және мұндай тәуекелдіктің болуы кезінде, жануарлардың ауруларының таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.

ҚР АШМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
+7 (7172) 555-765
info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus