Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Интеграцияның үш жылында Қазақстан КО елдеріне шамамен 1 млрд. АҚШ доллары сомасына АӨК өнімін экспорттаған

Интеграцияның үш жылында Қазақстан КО елдеріне шамамен 1 млрд. АҚШ доллары сомасына АӨК өнімін экспорттаған

Астана қ. 08.04.2014 ж.

Кеден одағына қосылған сәттен бастап ауыл шаруашылығы өнімдері мен олардың қайта өңделген өнімдері экспортының өсу қарқыны артып, импорт азайып келеді. Егер 2011 жылы экспорт 7%-ға артса, 2013 жылы ол 2 есеге өсті. Осыған қоса импорттың өсу қарқыны 44%-дан 3%- ға дейін төмендеп отыр.

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 170 млн. халық санымен жалпы ішкі өнім сомасы шамамен 1,8 трлн. АҚШ долларын құрайтын нарық ашылды. Интеграция нәтижесінде кеден одағына мүше-мемлекеттер арасындағы кедендік шекаралар толығымен жойылды, біздің елдердің аумақтары арқылы ауыл шаруашылығы өнімдердің қозғалысы бірыңғай ережелер мен теңдік шарттары бойынша еркін түрде іске асырылады. Күрке тауық еті мен сиыр еті, макарон мен ұн, күнбағыс майы мен балық және т. б. қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарлары Ресей мен Беларусь нарықтарында өзінің орнын тапты. Интеграцияның үш жылында Қазақстан КО елдеріне шамамен 1 млрд. АҚШ доллары сомасына АӨК өнімін экспорттаған.

Кеден одағының шеңберінде қатысушы-мемлекеттер үшінші елдерге қатысты бірыңғай сауда саясатын жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы тауарларының көптеген түрлері бойынша кедендік тарифтер көтерілді. Бұл КО елдерінде өндірілетін тауарлар болып табылады, сондықтан импорттық бажды көтеру үшінші елдерден кіргізілетін тауарлардың бағасының көтерілуіне алып келіп, отандық тауарларды баға бойынша бәсекеге қабілетті етеді және олардың өндірісін әрі қарай дамытуға септігін тигізеді.
Кеден одағының ішінде өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесі қалыптасуда. Кеден одағы құрылғанға дейін Кеден одағына қатысушы әр елдің өзінің азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен ветеринариялық және фитосанитарлық бақылаудағы объектілерге минималды талаптарды анықтайтын ұлттық ветеринариялық және фитосанитарлық талаптары мен техникалық регламент қолданыста болған. Осы ретте оларда орнатылған талаптар әр түрлі болған. Бұл елдер арасында тауарлардың қозғалуына тосқауыл құрып, өзара сауданы дамытуды қиындатқан.

Осыған байланысты Кеден одағы шеңберінде барлық үш мемлекеттерге арналған бірыңғай талаптарды орнататын техникалық регламенттер мен ветеринариялық-фитосанитарлық шаралар әзірленген. Кедендік одақтың аталған құжаты қабылданғаннан кейін осы талаптарға сай өндірілген өнім қосымша растаусыз және құжаттарды қайта рәсімдеусіз, ешбір шектеусіз Кеден оғанының аумағы арқылы қозғала алады.

Кеден одағы мен БЭК-тің қызмет ету тәжірибесі мүше-мемлекеттерімен көптеген мәселелерді бірлесіп, өзара тиімді шешім табу мүмкіндігін көрсетті. Осындай бірлескен жұмыс нәтижесінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүддесі қорғалып, Қазақстанға жыл сайын 300 бірлік модульдер мен астық жинайтын комбайндарды жеңілдікпен кіргізу мүмкіндігі берілді.

Кеден одағы шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастығының оңтайлы тәжірибесі Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ДСҰ-на кіру қарсаңында айрықша бәсекелестікке дайындап, оларды келешекке оң көзқараспен қарауға септігін тигізді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
Email: minagripress@gmail.com
Тел. + 7 7172 555 765
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus