Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар ҚР-да 2015 жылдың бес айында ет экспорты 4,4 мың тоннаны құрады – АШМ

ҚР-да 2015 жылдың бес айында ет экспорты 4,4 мың тоннаны құрады – АШМ

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан еттің барлық түрінің 4,4 мың тоннасын экспортқа жөнелтті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде.

«2014 жылдың қорытындысы бойынша 12 мың тонна ет және ет өнімдері, оның ішінде 6,3 мың тонна сиыр еті экспортталды. Ағымдағы жылдың бес айында экспортталған еттің барлық түрі 4,4 мың тоннаны құрады», – делінген ведомствоның алқа отырысының қорытындысы бойынша хабарламада.

АШМ-де атап өткендей, бүгінгі таңда мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1189,6 млрд теңгені құрады, 2013 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден 3,9%-ға артқан.

Ведомствоның мәліметінша, соңғы 5 жылда асыл тұқымды мал шаруашылығына және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын жоғарылатуға субсидия көлемі 3 еседен аса өсті. Бұл ретте, кіші және орта фермерлік шаруашылықтар басымдылық тәртібінде субсидияланады.

Жобаның жүзеге асырылуынан бастап қатарға жалпы қуаттылығы 146,0 мың малорынды 193,0 бордақылау алаңы енгізілді. «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 231,0 мың ІҚМ аналық басы сатып алынды. Тұқымдық түрлендірумен ІҚМ аналық мал басының жалпы санынан 23% аса немесе 647,0 мың бас қамтылды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімдіктеріне шеберлік жоспарларының және «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының жоспарлы индикативтік көрсеткіштерінің орындалуын, сондай-ақ мал шаруашылығын қолдауға бөлінген бюджеттік қаржыларды тиімді және уақытылы пайдалануды қамтамасыз ету тапсырылды.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus