Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Соңғы үш жыл ішінде фермерлік шаруашылықтарда ірі қара мал басының үлесі 12%-дан 22%-ға дейін өсті

Соңғы үш жыл ішінде фермерлік шаруашылықтарда ірі қара мал басының үлесі 12%-дан 22%-ға дейін өсті

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетінің дамуы» жобасының жүзеге асу барысымен қолжеткізілген нәтижелер туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндады.
Жобаның басылымдықтарының бірі – етті мал шаруашылығы саласымен айналысатын фермерлік шаруашылықтарды қолдау және дамыту, тауарлық мал табынын қалыптастыру үшін жағдай жасау. Бұл үшін жеңілдетілген несие «Сыбага» бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асуда. Осы арқылы фермерлер кепілдемеге алып жатқан малды қойып, оңтайландырған сызба арқылы несие ала алады.
Жобаның жүзеге асқан күннен бастап, фермерлік шаруашылықтармен 174 мың аналық ірі қара мал бас алынды. Тауарлық түрлендіру үрдісіне 477 мың аналық бас қатыстырылды.
Соңғы үш жыл ішінде фермерлік шаруашылықтарда ірі қара мал басының үлесі
12%-дан 22%-ға дейін өсті.
Еліміздің эпизоотикалық ахуалын қамтамасыз ету және дәстүрлі жайылымдық мал шаруашылығын дамыту бойынша мемлекетпен жүйелік шаралар қабылдануда. Бұл бәсекеге қабілетті және қауіпсіз өнім өндірісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өткен жылы қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер 1346 мың тоннадан аса сиыр етін экспорттады. 2014 жылы экспортқа шамамен 10 мың тонна жоғары сапалы сиыр еті жөнелтілмек.
Етті бағыттағы асыл тұқымды өндіруші бұқаларға деген өсіп жатқан қажеттілікті қанағаттандыру және асыл тұқымды мал басы үлесін ұлғайту мақсатында жобаның жүзеге асқан күннен бастап Қазақстанның шаруашылық-репродукторларына шетелдік селекциялы шамамен 50 мың бас жоғары өнімді ІҚМ әкелінді.
Сондай-ақ, фермерлік шаруашылықтардың дамуына, кеңейтілген қайта өндіріс пен технологиялық тізбекті құру үшін мемлекеттік қолдаудың шаралары қарастырылған: ол селекциялық және асыл-тұқымды жұмыстарды жүргізу мен асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға берілетін субсидиялар.
Жобаның жүзеге асқан күнінен бастап «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ есебінен және кәсіпкерлердің жеке қаражаттарына 97,5 мың басқа экспортқа бағытталған бордақылау алаңдары салынды.
Ауыл шаруашылығы министр Асылжан Мамытбековтың айтып өткеніндей, Республиканың жайылымдық әлеуетін толықтай қолдану үшін 4 мың шахталық және құбырлы құдықтарды қалпына келтіру және құрылысы қарастырылып отыр. Осы шығындарды қайтару үшін үстіміздегі жылдан бастап құрылыс бойынша шығынның 80% қайтару арқылы инвестициялық субсидиялау механизмі енгізілген.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus