Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Соңғы 5 жыл ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін субсидия көлемі үш есеге артты

Соңғы 5 жыл ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін субсидия көлемі үш есеге артты

information_items_20813
Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында «Агробизнес 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мал шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының дамуы талқыланды.
Іс-шараға облыс әкімдіктерінің өкілдері, «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері, жануарлар тұқымдары бойынша республикалық палаталардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысты.
Бүгінгі таңда мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1189,6 млрд. теңгені құрады, 2013 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден 3,9%-ға артқан.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша етті және сүтті бағыттағы фермерлік шаруашылықтар құру бойынша жүзеге асырылатын «Ырыс», қой шаруашылығында «Алтын асық», жылқы шаруашылығында «Құлан» несиелеу бағдарламалары аясында республика бойынша 87,0 мың бас қойдың аналық басы, 11,6 мың бас жылқының аналық басы сатып алынды, сондай-ақ 32 бірлік 50,100 және 200 басқа жанұялық сүтті-тауарлық фермалар желісі құрылды.
Соңғы 5 жылда асыл тұқымды мал шаруашылығына және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын жоғарылатуға субсидия көлемі 3 еседен аса өсті. Бұл ретте, кіші және орта фермерлік шаруашылықтар басымдылық тәртібінде субсидияланады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков, субсидияландыру қағидаларымен бекітілген критери мен талаптарды ұстанудың, облыс әкімдіктерінің мал шаруашылығы саласын қолдауға бөлінген бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану және оның барлық ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету маңыздылығын атап өтті.
Алқа отырысы барысында жергілікті атқарушы органдарымен осы уақытқа дейін ІҚМ асыл тұқымды және селекциялық жұмыстарын жүргізуді субсидиялаудың басым бағыты бойынша былтырғы жылы тауарөндірушілерге төленбеген 400 млн. теңге көлеміндегі (25 мың мал басы) субсидиялардың әлі де төленбей отырғаны аталып өтті. Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі және Премьер-Министрдің Бірінші орынбасарының өсімдік шаруашылығынан қайта бөлу арқылы мал шаруашылығы өнімдерін субсидиялау нормативтерін арттыру бойынша тапсырмаларының кейбір облыс әкімдіктерімен пысықталмағандығы аталып өтілді.
Мал шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының дамуы, сонымен қатар Облыс әкімдіктерімен «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасының жоспарлық көрсеткіштерінің орындалуы туралы Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Е.Ахметов хабардар етті.
Жобаның жүзеге асырылуынан бастап қатарға жалпы қуаттылығы 146,0 мың малорынды 193,0 бордақылау алаңы енгізілді. «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 231,0 мың ІҚМ аналық басы сатып алынды. Тұқымдық түрлендірумен ІҚМ аналық мал басының жалпы санынан 23% аса немесе 647,0 мың бас қамтылды.
2014 жылдың қорытындысы бойынша 12 мың тонна ет және ет өнімдері, оның ішінде 6,3 мың тонна сиыр еті экспортталды. Ағымдағы жылдың бес айында экспортталған еттің барлық түрі 4,4 мың тоннаны құрады.
Сондай-ақ, алқа отырысы барысында Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» стратегиялық бағдарламасымен айқындалған, бес институттандыру реформасын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша шаралар талқыланды.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімдіктеріне шебер-жоспарлардың және «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының жоспарлы индикативтік көрсеткіштерінің орындалуын, сондай-ақ мал шаруашылығын қолдауға бөлінген бюджеттік қаржыларды тиімді және уақытылы пайдалануды қамтамасыз ету тапсырылды.

ҚР баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus