Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 41%-ға ұлғайды

Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 41%-ға ұлғайды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
29.04.2016 ж.                                                                                                                Астана қ.

ҚР Парламенті Сенатінде «ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – заңнамалық реттеу және оны тәжірибелік тұрғыдан іске асыру» тақырыбындағы парламенттік тыңдалымы өтті.
Құрылған Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы өткізу нарықтары проблемаларының шешімі болып табылады, ол 5 елдің жиынтық жалпы ішкі өнімі 2.2 трлн. АҚШ долларынан асатын, 180 млн. халқы бар тауар нарығында сауда жасауға мүмкіндік береді. Еуразиялық экономикалық одақта агроөнеркәсіптік кешен өнімінің жалпы импорты 44,0 млрд. доллардан астам соманы құрайды.
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 8,5%-ы деңгейіндегі тікелей инвестициялар («сары себет») түрінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын қолдану бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
АӨК бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін мемлекетпен ауқымды шаралар жүргізілуде. Оның ішінде: «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданды, өсімдік шаруашылығында егіс алқаптары диверсификацияланды, тұқымға қол жетімділік арттырылды,  жаңа селекциялық технологияларға қол жетімділікті жоғарлату мақсатында селекциялық жетістіктер нарығы либерализацияланды, өңірлердің мамандандыру схемасы қалыптастырылды, ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы жүзеге асуда, асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуы үшін заңнамалық база мен ветеринария мен фитосанитария жүйесі модернизацияланды. Бұдан басқа, өткен жылы еліміздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданды.
Ұсақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірігуіне тосқауыл болатын кедергілерді алып тастау үшін «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заң қабылданды.

Сондай-ақ, өткен жылы «Органикалық өнім өндіру туралы» Заң қабылданды, ол аталған өнімді ішкі нарықта реттеуге, оның экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Мұнымен бірге, тұқым шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы, АӨК мемлекеттік реттеу саласындағы ілеспе Заңға өзгерістер енгізілді. Ол өзімен бірге сортты сынау кезіндегі қажетті уақытты алып, селекциялық жетістіктерді қолдануға, әкімшілік кедергілерді жоюға, асыл тұқымды нарыққа заңды және жеке тұлғалар үшін бірдей қол жетімділікті қамтамасыз етуге, селекциялық және асыл тұқымды жұмысты өзін өзі реттеуге өткізуге мүмкіндік береді.

Анықтама: Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 41%-ға ұлғайды. Ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 59%-ға ұлғайды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2015 жылы 167 млрд. теңгені құрап, шамамен 3,4 есеге ұлғайды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus