Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Жылыжайлар ауданы қосымша 124 гектарға ұлғайды – А.Мырзахметов

Жылыжайлар ауданы қосымша 124 гектарға ұлғайды – А.Мырзахметов

3ef970cdd35be60c45d1cfc26491f289_resize_w_840_h_
2015 жылы жылыжайлар ауданы қосымша 124 гектарға ұлғайды. Жылыжайлардағы дақылдар үшін 2,9 млрд. теңге субсидия бөлінді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Халықты жеміс-жидек өнімдерімен, көкөніспен қамтамасыз ету шараларын қолға алдық. Қарқынды бақтарды дамыту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі оларды отырғызуға кететін шығындарын өтеп жатыр. 758 гектарға қарқынды бақтарды отырғызуға субсидия бөлінді. Бұдан басқа, «ҚазАгро» қарқынды бақтарды «отбасылық бақтар» қағидаты бойынша дамыту іс-шараларын жүргізіп келеді. Бүгінгі күні 670 гектарға арналған 10 жоба пайдалануға берілді, 756 гектарға 12 жоба мақұлданды», – дейді А.Мырзахметов.

Министрдің айтуынша, 2015 жылы жылыжайлар ауданы қосымша 124 гектарға ұлғайды. Жылыжайлардағы дақылдар үшін 2,9 млрд. теңге субсидия бөлінді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 3,6 есе көп. 2014 жылдан бастап жылыжай жабдықтарын сатып алуға жұмсалған шығындар өтеле бастады. 2014-2015 жылдары 1,3 млрд. теңгеге 31 гектар жылыжай шығындары субсидияланды.

Исчтоник: http://bnews.kz/kz/news/ekonomika/apk/zhilizhailar_audani_kosimsha_124_gektarga_ulgaidi__amirzahmetov-2016_06_22-1277949

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus