Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2014 жылғы 5 айда кейбір шыққан жіті және созылмалы инфекцияларды қоспағанда Қазақстан Республикасы аумағында эпизоотиялық жағдай бір қалыпты.

2014 жылғы 5 айда кейбір шыққан жіті және созылмалы инфекцияларды қоспағанда Қазақстан Республикасы аумағында эпизоотиялық жағдай бір қалыпты.

Ауыл шаруашылығы министрлігімен ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық қызметті құруға мүмкіндік беретін жүйелі өзгерістерді енгізу бағытында көптеген шаралар атқарылуда.
2013 жылы ҚР Үкіметімен «Агробизнес-2020» қабылданған бағдарламасы шеңберінде ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған. Бұған қоса, 2012 жылы Халықаралық Эпизоотиялық Бюро (ХЭБ) және Үкімет арасында ветеринария саласы бойынша ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес жасалған келісім іске асырылуда. Сондай-ақ, 2012 жылы халықаралық сарапшылардың қатысуымен Қазақстан Республикасындағы ветеринария жүйесін халықаралық стандартқа сай жетілдірудің ұзақ мерізімді стратегиясы әзірленді.
Ү.ж. сәуір айында аусыл ауруы бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюросының субөңірлік үйлестіру кеңсесі ашылды. Бұл аусыл ауруының еніп таралу қауіп-қатерін төмендету үшін, көршілес мемлекеттерде жануарларды аусылға қарсы егуге 2 млн. евро (500 млн. теңге) сомасына ХЭБ вакцина банкін құруға мүмкүндік береді.
2012 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ФАО жануарлардың созылмалы және аса қауіпті ауруларын алдын алу және аталған ауруларға қарсы күрес үшін техникалық ынтымақтастық бағдарламасы туралы келісімге қол қойды
Соңғы үш жыл арасында ветеринария мәселелері бойынша басты ережелер мен талаптарды реттеу мақсатында заңдылық актілерге өзгерістер енгізілді. Бұл шаралар тұрғындардың қолдаудың жаңа шараларын қарастыруға мүмкіндік берді, атап айтқанда: ауыл шаруашылығы жануарлары үшін берілетін ветеринариялық паспортты және құлақ сырғаларын, ветеринариялық анықтамаларды тегін беру, залалсыздандырылған мал өнімдері мен шикі заттар және жануарлардың бағасын мал иесіне төлеп беру.
Жануарларды бірдейлендіру мен оның дерек қорын жасау, құлақ сырғаларын, жануарларды бірдейлендірудің басқа құралдарын және бұйымдарын тіркейтін орталық құрылды. 2015 жылдан бастап осы жоғарыда аталған орталықта құлақ сырғалары орталықтандырылып сатып алынып, оның республикалық қоры құрылатын болады.
А.ж. құрылыс жұмыстары бойынша жұмыстар аяқталып, ветеринариялық зертханалар жабдықталуда.
Сатылып алынатын ветеринариялық препараттардың сапасына қойылатын талаптар күшейтіліп, халықаралық стандартқа (оның ішінде GMP) сәйкес келетін препараттар үлесін жылдан жылға кезеңімен арттыру қарастырылды және оларды тасымалдау және сақтау кезінде салқындық тізбесін сақтауға айрықша көңіл бөлінуде.
Ветеринариялық дәрігер мамандығы бойынша оқу орындарының түлектерін ауылды жерлерде жұмыс істеуге ынталандыру мақсатында, оларға әлеуметтік демеу көрсету шаралары (көтерме ақы, тұрғын үй салуға және сатып алуға жеңілдетілген бюджеттік несиелер) енгізілді. Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасына ветеринария саласы бойынша мамандықтар қосылды.
2013 жылдан бастап қолданылатын ветеринариялық препараттардың сапасына деген талаптар күшейтілді. Соның нәтижесі ретінде 2013 жылы аусылдан 3 ошақ тіркелсе, 2011-2012 жылдар аралығында – 17 ошақ.
2014 жылғы 5 айда кейбір шыққан жіті және созылмалы инфекцияларды қоспағанда Қазақстан Республикасы аумағында эпизоотиялық жағдай бір қалыпты.
2014 жылғы қаңтар айынан мамыр айы аралығында жіті инфекциялардың 74 ошағы тіркелген, былтырғы жылғы осы аймен салыстырғанда ошақтар саны 29 пайызға азайып, 103 ошақты құраған.
2016 жылы Қазақстан малдарды қорғау аймақтарда вакцинациялау арқылы ХЭБ-нан аусылдан бос деген статус алу жоспарлауда. Бүгінгі күні 5 облыстың аумағында (Алматы, Жамбыл, ОҚО, ШҚО Қызылорда) аусылдың структурасыз ақуызын анықтау және вакциналанған жануарлардың иммунитет алғаны анықталып жатыр. Аталған облыстарда, алынған нәтижелерге байланысты, аумақты аусыл ауруы еніп таралуына жол бермеу мақсатында, аумақты аймақтарға бөлінетін болады. Сонымен орай, басқа 9 облыстар вакцина қолданылмаған таза аумақтар болып саналады, сол аумақтарда малдарды құрылымсыз ақуыздарға зерттеу және қадағалау атқарылатын болады.
Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулардан және жануарлар өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық жағдайы бойынша қауіпті өнімдердің алып келуіне жол бермеу мақсатында, 2014 жылдың 5 айында 38 бас жылқының партиясы тәркіленіп, жойылды. Аталған сұрақты заңнамалық деңгейде реттеу аясында ҚР Үкіметіне «Ветеринария туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы Заң жобасына ұсынылды.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кірер алдында, ветеринариялық-санитариялық қауіпсізідікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар одан әрі жүргізілетін болады.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 7172 555 765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика