Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 4 жыл ішінде қазақтың ақбас асыл тұқымды ІҚМ мәртебесін шамамен 80 мың бас алды

4 жыл ішінде қазақтың ақбас асыл тұқымды ІҚМ мәртебесін шамамен 80 мың бас алды

Ақпараттық-сараптамалық жүйенің мәліметіне сай 2015 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 217 930 малды қамтитын шамамен 7200 шаруашылық қазақтың ақбас тұқымды малын ұстайды. Еліміздегі барлық етті тұқымдық бағыттағы қазақтың ақбас тұқымды малының үлес салмағы 61,4% құрайды.
Қазақтың ақбас тұқымының республикалық Палатасы 2011 жылы етті бағыттағы қазақтың ақбас тұқымды Ассоциациясы ретінде құрылып, 2012 жылы қайта құрылды. Палатаның негізгі қызметіне малдарға асыл тұқымды мәртебесін және асыл тұқымды ірі қара малға асыл тұқымдық куәлігін беру кіреді.
Бүгінде Палата мүшелеріне 240 шаруашылық кіріп отыр, тек өткен жылдың өзінде ұйымға 36 шаруашылық қосылды. Палатада асыл тұқымды қазақтың ақбас ІҚМ мәртебесін 76 мыңнан аса бас алды.
Жиналыста қазақтың ақбас ІҚМ тұқымын жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу институттардың, ЖОО мен асыл тұқымды және селекциялық жұмыстармен айналысатын сарапшылардың жұмыс нәтижелері талқыланды. Жиын мүшелері қазақтың ақбас ІҚМ тұқымын популяризациялау және тұқымдық сапаны жетілдіруге қатысты нақты шаралар ұсынды.
Шараға Ауыл шаруашылығы министрлігі мен аумақтық органдардың, ғылыми ұйымдар мен ЖОО өкілдері және Палатаға мүше шаруашылықтар қатысты.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus