Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 25 жыл ішінде құрамында гумусы бар егістік жерлері 1,6 млн. гектардан 255,5 мың гектарға дейін азайды

25 жыл ішінде құрамында гумусы бар егістік жерлері 1,6 млн. гектардан 255,5 мың гектарға дейін азайды

Бүгінгі күні Қазақстанда 24,2 млн. гектар егіс алқаптары бар. 2007-2014 жылдары егістік топырағын агрохимиялық зерттеп қарау 17 млн. гектарда немесе егістік алқаптарының жалпы ауданынан 70,3%-да жүргізілді. Олардың ішінде тәлімі жерлерде (қолдан суарылмайтын жерлерде) 16,4 млн. гектар, суармалы егістікте 591,4 мың гектар зерттеп қаралды.
Зерттеп қарау нәтижелері бойынша соңғы 25 жылда гумус құрамы жоғары егістік жерлер топырағының ауданы 16,6 млн. гектардан 255,5 мың гектарға дейін төмендеген. Негізінен елімізде гумуспен төмен – 72,9%-ға қамтамасыз етілген топырақтар басым болуда. Гумус құрамы жоғары жер телімдерінің басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан облысындағы қара топырақ аймағында 117,5 мың гектар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында тиісінше 61,5 және 34,2 мың гектар орналасқан. Еліміз бойынша жалпы алғанда топырақтағы азот құрамының деңгейі төмен, фосфор – орташа, калий – жоғары.
90-шы жылдардан бастап елімізде топырақ құнарлығының төмендеуі белгіленеді, ол ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне кері әсерін тигізеді. Осылайша, ауыл шаруашылығын толық химияландырудың 1976-1980 жылдар кезеңінде бір гектардан орташа алғанда 13,6 центнер алынған. 1986 жылдан бастап көрсеткіштердің біртіндеп нашарлауы басталды. Соңғы бес жыл ішінде дәнді дақылдардың орташа өнімділігін 12,1 ц/гектар деңгейінде тұр.
Топырақ құнарлығын сақтау мен арттыруда маңызды рөл минералдық және органикалық тыңайтқыштарға тиесілі. 1990-2000 жылдары елімізде минералдық тыңайтқыштарды қолдану әрекет етуші заттың 11,5 мың тоннасына немесе 1 гектарға 0,71 кг ә.з. дейін 61 есе қысқарды. 2013 жылдан бастап минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемдерінің біртіндеп артуы белгіленеді және қазіргі уақытта жыл сайын 77,4-114,9 мың тонна ә.з. тыңайтқыш пайдаланылады. Қазіргі уақытта 1 гектар егістікке 4,75 кг әрекет етуші зат немесе минералдық тыңайтқышқа қажеттіліктің он екіден бір бөлігі енгізіледі. Органикалық тыңайтқыштар шектеулі мөлшерде, картоп пен көкөніс өсіру кезінде суармалы егіншілікте шамамен 40-60 мың тонна қолданылады.
2020 жылға қарай минералдық тыңайтқыштарға егіншілік қажеттілігі 1070,0 мың тонна әрекет етуші зат, соның ішінде фосфорлы тыңайтқыштарға 613,5 мың тонна, азотты тыңайтқыштарға 433 мың тонна және калийлі тыңайтқыштарға 23,7 мың тонна құрайды.
Тыңайтқыштарды жеткіліксіз қолдану, көпжылдық топырақтарды себу алқаптарының кемуі, егістік айналымының сақталмауы және бидай дақылының басым болуы топырақ құнарлығы мен ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігінің төмендеуіне әкелді.
Жер ресурстарын ұтымды басқару үшін 2014 жылы ҚР Жер кодексіне пайдаланылмайтын және игерілмеген жерлерді не заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жерлерді мәжбүрлеп алу жөніндегі нормаларды қатаңдататын өзгерістер енгізілді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану өлшемдері жер учаскесін ауыл шаруашылығы өнімін өсіру үшін 3 жылдан артық пайдаланбау, топырақ құнарлығының айтарлықтай төмендеуі, учаскеге арамшөптердің немесе карантиндік өсімдіктердің өсуі болып табылады.
Бұдан басқа, Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлеуде, олар егістік айналымын сақтау, жайылымдарға оңтайлы жүктемені қамтамасыз ету, топырақтың агрохимиялық құрамын күтіп ұстау, фитосанитариялық іс-шараларды орындау, өндірістік көрсеткіштердің сақталуы жөніндегі талаптарды қамтитын болады.
Биылғы жылы ҚР АШМ Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы топырақтарды зерттеп қарауды 3,2 млн. гектарда өткізеді, соның ішінде табиғи егіншілік аймағына жататын 2,9 млн. гектар алқапта және 298 мың гектар суармалы жерлер. Ақтөбе облысында 105 гектардан астам, Қостанай облысында 777,5 гектар егістік алқаптары зерттеп қаралатын болады.
Агрохимиялық зерттеп қарау нәтижелері бойынша АҚРҒӘО әрбір жер пайдаланушыға топырақ құнарлығын сақтау мен арттыруға бағытталған іс-шаралар және тыңайтқыштарды қолдану жөніндегі қорытындылары мен ұсынымдары бар агрохимиялық очерк береді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus