Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қытай тарапы еліміздің 9 облысынан аусыл ауруы бойынша шектеуді алып тастады

Қытай тарапы еліміздің 9 облысынан аусыл ауруы бойынша шектеуді алып тастады

Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің брифингінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Қытай Халық Республикасының Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы төрағасының орынбасары Мей Кебаомен өткен келіссөздер қорытындыларын жариялады.

Келіссөздер барысында СИКҚББ Қазақстанның тоғыз облысы (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) аусыл ауруына қарсы иммунизация жасалмайтын таза аймақ ретінде мойындайтыны туралы ақпараттық бюлетеннің ресми мәтінін ұсынды.

Осылайша, аталған өңірлер кесімінде бұған дейінгі Қазақстан аумағынан ҚХР аумағына аусылмен ауыру қаупі жоғары жануарлар бойынша ет пен ет өнімдерін тасымалдауға қатысты шектеу алынып тасталды. Қазіргі таңда ҚХР-ға экспорттайтын кәсіпорындар реестріне қосу үшін ет өңдеуші кәсіпорындарға тексерістер жүргізілуде.

Айта кетейік, 2013 жылдан бері Қазақстанның барлық өңірлерінен ҚХР-ға ет пен ет өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған болатын. Бұл ШҚО аумағында аусыл ауруының таралуына орай қолға алынған шара еді.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus