Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қытай нарығына жол ашылды

Қытай нарығына жол ашылды

Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Бейжің қаласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасында Қазақстаннан Қытайға экспортталатын сиыр етіне арналған инспекция, карантиндік және ветеринарлық-санитарлық талаптар туралы Хаттамаға қол қойылды.

Бұл хаттама мұздатылған сүйексіз сиыр етін Қытайға экспорттауға мүмкіндік береді.

Келесі қадам қытайлық тараппен қытай нарығына қазақстандық салқындатылған сиыр еті мен тірі малды экспорттауға келіссөздер жүргізу болып табылады.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Ө.Шөкеев Қытайдың бизнес-құрылымдарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Статистикаға сәйкес, Қазақстан сиыр және қой етімен ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етеді, қазір о малдың санын көбейту арқылы ет түрлерінің экспорттық әлеуетін арттыруға ұмтылуда.

Етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасында тұжырымдалған басымдықтар мен механизмдер Мемлекет басшысының отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыру, бірінші кезекте агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін және экспорттық өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін кемінде 2,5 есе арттыру жөніндегі міндеттерін тікелей жүзеге асыру болып табылады. Министрлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жаңа нарықтарды ашу үшін барлық шараларды қабылдайды.

Осыған дейін Қазақстанның 5 облысы (ШҚО, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары) вакцинациялау арқылы аусылдан босатылған таза аймақ мәртебесін алды. Соның нәтижесінде Қазақстаннан ветеринарлық сертификаттар бойынша Қытайға мал өнімдерін және тірі жануарларды жеткізу мүмкіндігі туды. (2016 жылы ҚХР Қазақстанның 9 аймағына вакцинациясыз аусылдан босатылған таза аумақ мәртебесін берді). Нодулярлы дерматитке қатысты шектеулер еліміздің барлық аумағынан алынды.

Анықтама:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2017 жылғы Қазақстан мен Қытай арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 345,0 млн. АҚШ долл. құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 32 % артты (261,0 млн. АҚШ долл.).
2017 жылы Қытайға АӨК өнімдерін экспорттау 180,5 млн. АҚШ долл. құрап, 34,3 % артты (134,4 млн. доллардан 180,5 млн. долларға дейін)
Бидайдың экспорты 306,9 мың тонна немесе 57,5 млн. АҚШ долларын құрады (2016 жылы бидай экспорты 281,1 мың тоннаны немесе 52,4 млн. АҚШ долларын құрады).
– мұздатылған балық 2,2 есеге (1301 тоннадан 2883 тоннаға дейін немесе 1,4 млн. АҚШ долл. 3,2 млн. АҚШ долл дейін),
– күнбағыс тұқымдары 1,7 есеге (73,8 мың тоннадан 123,7 мың тоннаға дейін немесе 18,6 млн. АҚШ долл. 32,8 млн. АҚШ долл. дейін),
– басқа да майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері 1,1 есеге (31,6 мың тоннаддан 36,7 мың тоннаға дейін немесес 8,0 млн. АҚШ долл. 8,9 млн. АҚШ долл. дейін),
– күнбағыс майы, мақта 2,3 есеге (11,5 мың тоннадан 27,0 мың тонаға дейін немесе 10,1 млн. АҚШ долл. 21,9 млн.АҚШ долл. дейін),
– соя майы 7,3 есеге(578 тоннадан 4238 тоннаға дейін немесе 0,5 млн. АҚШ долл. 3,4 млн. АҚШ долл. дейін),
– расп майы 1,6 есеге (5,2 мың тоннадан 8,7 мың тоннаға дейін немесе 4,3 млн. АҚШ долл. 6,7 млн. АҚШ долл. дейін),
– мақта талшығы 1,6 есеге (300 тоннадан 2650 тоннаға дейін немесе 0,4 млн. АҚШ долл. 4,1 млн. АҚШ долл.дейін) артты.
Сонымен қатар, 2017 жылы Қытайға алғаш рет төменде көрсетілген өнімдер экспортталды:
– соя – 7,7 мың тонна немесе 3,1 млн. АҚШ долл.,
– асыл тұқымды жылқы – 68,9 тонна (228 бас) 190,0 мың АҚШ долл.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved