Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қытай инспекциясы қой етін өндіретін Қазақстан кәсіпорындарын тексеруді бастады

Қытай инспекциясы қой етін өндіретін Қазақстан кәсіпорындарын тексеруді бастады

Қазақстанның ветеринарлық жүйесіне баға беру үшін, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қытайдың Сапа, тексеріс және карантинді бақылау бойынша Бас басқармасы (AQSIQ) мен Сертификаттау мен тіркеу жөніндегі Бас басқармасының өкілдерімен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 19-27 сәуір аралығында, қытай делегаттары Министрлік пен «Атамекен» ҚР ҰҚП және Сарапшылар Ассоциациасы ұсынған, қой етін өндіретін кәсіпорындарға тексеру жүргізеді.

Арнайы инспекция қазақстандық әріптестерімен бірлесіп еліміздің 5 өңіріндегі ірі ет өндіруші кәсіпорындардың жұмысымен танысуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта, Қытайдың СТКБББ және СТББ-на әлем бойынша 100-ден аса мемлекет 10 мыңнан аса ұсыныс тастап кезегін күтуде. Алайда, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрi А.Мырзахметовтың ағымдағы жылдың сәуір айының басында Қытай Халық Республикасына іс-сапары аясында жасалған келіссөздердің арқасында, Қазақстаннан түскен ұсыныстарға айрықша мән беріліп, мерзімі жеделдетілді.

Тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша, қазақстандық қой етін қытай нарығына шығаруға рұқсат беру мәселесі қарастырылады. Сонымен қатар, ҚХР-ге шығарылатын қой еті өнімдеріне қойылған ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес болуы сөз болады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика