Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қытай инспекциясы қой етін өндіретін Қазақстан кәсіпорындарын тексеруді аяқтады

Қытай инспекциясы қой етін өндіретін Қазақстан кәсіпорындарын тексеруді аяқтады

Бүгін Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде қытайлық инспекторлардың қой етін өндіретін қазақстандық кәсіпорындарды тексеруі бойынша қорытынды кездесуі өтті.

Аталған іс-шара 2017 жылдың 19 мен 27 сәуірі аралығында болды.

Қазақстанның ветеринарлық жүйесіне баға беру үшін инспекциялық топ құрамына Қытайдың Сапа, тексеріс және карантинді бақылау бойынша Бас басқармасы мен Сертификаттау мен тіркеу жөніндегі Бас басқармасының сарапшысы қатысты.

Анрайы инспекция аусыл ауруынан босатылған аймақ атанған Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Батыс Қазақстан облысының қой етін өндіретін кәсіпорындарында қазақстандық әріптестерімен бірлесіп тексеріс жүргізді.

Тексеріс барысында қазақстандағы қой еті қауіпсіздігін бақылау жүйесінің жұмысы жан-жақты, барлық деңгейде таныстырылды.

Тексерудің нәтижесі бойынша екі ел арасында ҚР-дан ҚХРға экспортталатын тоңазытылған ұсақ мүйізді малдың етіне қойылатын инспекция, карантин және ветеринарлық-санитарлық талаптар жөніндегі Хаттама жобасы келісілді.

Аталмыш инспекция қазақстандық қой етінің қытай нарығына шығуы үшін маңызды шара болып табылады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика