Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қырғыз Республикасынан әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің өсімдік карантині саласындағы заң бұзушылықтары

Қырғыз Республикасынан әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің өсімдік карантині саласындағы заң бұзушылықтары

2017 жылғы наурыз айының 24-31 аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторларымен Қырғыз Республикасы аумағынан әкелінген жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеріп қарау барысында Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың бұзылуы бойынша 6 фактісі анықталды.

Келесі карантинге жатқызылатын өнімдер: 10 тонна қырыққабат, 62 тонна картоп, 2000 дана көшеттер республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген, сонымен қатар 3 тонна көлемдегі картоптан карантиндік объект – картоп күйесі анықталды.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Карантинге жатқызылған өнімдер жалпы салмағы – 75 тонна және 2000 дана көшеттер Қырғыз Республикасы аумағына қайта қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus