Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылы ауыл шаруашылығының даму негізіне айналуға тиіс

Ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылы ауыл шаруашылығының даму негізіне айналуға тиіс

АӨК мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметовтың тапсырмасымен агроном ғалымдар еліміздің барлық өңірлерінде ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесулер өткізді. 

Кездесудің негізгі мақсаты – отандық және шетелдік жетекші агротехнологиялар мен инновацияларды айналысқа енгізу арқылы бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін ұлғайту, «ҰАҒБО» КЕАҚ ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен инновациялық бизнес-жобаларды бірлесе іске асыру, агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық үдерісіне агробизнес субъектілерін тарту механизмдерін анықтау.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасы Асқар Наметов Қостанай облысының аймақтық орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ел ішіндегі кездесулердің қорытындысын және де агроөнеркәсіптік кешені саласының даму мәселелері мен жаңа ғылыми жолдар туралы айтып өтті.

Өз сөзінде, А.Наметов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Үкімет пен Парламент Мәжілісі отырысында таныстырған АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының негізгі бағыттарына тоқталып өтті.

Бағдарламаның басты міндеті – АӨК бәсекеге қабілетті өнім нарығында сұранысқа ие өндіріспен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, ол аграрлық ғылымның дамуы, өндіріске ғылым мен білімнің интеграциясы проблемалары мен стратегиялық мәселелеріне тоқталды.
«Жүйелі түрде туындаған мәселелерді талдаудың барысы Қазақстанның аграрлық ғылымының стратегиялық мақсаты – агробизнестің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған және де ғылыми негізделген бәсекеге қабілетті өнімді алу екендігін көрсетіп отыр», – деді А.Наметов.

Қазіргі таңда «ҰАҒБО» КЕАҚ білімді, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметтерін таратудың тиімді жолдарын қарастыруда.

Сонымен қатар, «ҰАҒБО» КЕАҚ құрамында аграрлық технологияларды трасферттеу және коммерциализациялау орталығы (АТТК) жұмыс істейді. Орталықтың негізгі қызметі отандық ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғылыми-техникалық нәтижелерін енгізуге бағытталған. Қазіргі таңда Қазақстанда шетелдік инновацияларды енгізу үшін АТТК қызметін кеңейту мәселесі қарастырылуда.

Осы аталған мәселелерді шешу арқылы ғылыми ұйымдардың қызметін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қажеттіліктеріне сәйкес өндіріске жаңа технологияларды енгізуге бағытталған зерттеу жұмыстарын дамытуға жол ашады.

Анықтама:

2015 жылдың 22 тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. Ұйымның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына қолдау көрсету.

Бүгінгі таңда Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының құрамында 3 аграрлық ЖОО, 23 ғылыми зерттеу институты мен филиалы, 7 тәжірибелік шаруашылық, 7 селекциялық станция, 4 сервистік компания бар.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus