Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Құқық қорғау органдары киік аулаушыларды іздестіруде

Құқық қорғау органдары киік аулаушыларды іздестіруде

2016 жылдың 8 қыркүйегінде Маңғыстау облысында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары «Урал» маркалы мотоциклымен бой тасалаған екі күдіктіні байқады. Із кесу барысында инспекторлар 4 киіктің жансыз денесін, шөлмек және күннен қорғайтын көзілдірік салынған қапшық тауып алды.

Осы аталған дерек құқық қорғау органдарына хабарланды. Құқық қорғау қызметкерлері оқиға болған жердегі қылмысқа айғақ болатын заттардан қол белгілерін алып, браконьерлердің аты-жөнін аңықтау бағытында жұмыс жасауда.

Айта кетейік, елімізде бұл жануарларды атуға тиым салынған және қорғау шаралары күшейтілген.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus