Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет FAQ Сәлеметсізбе!Келесі сұраққа жауап беруіңізді сұраймын. ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар аулында жалға берілген жердің картасын қайта электронды түрге көшіреміз деп барлық жері бар адамдардан 1 гектр жерге 90 000 тг жинап жатыр. Цифрализация деген программа арқылы дейді. Осы қаншалықты заңды?

Сәлеметсізбе!Келесі сұраққа жауап беруіңізді сұраймын. ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар аулында жалға берілген жердің картасын қайта электронды түрге көшіреміз деп барлық жері бар адамдардан 1 гектр жерге 90 000 тг жинап жатыр. Цифрализация деген программа арқылы дейді. Осы қаншалықты заңды?

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 93-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдаланбаған жағдайда жер пайдаланушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады және жер заңнамасы бұзушылығын жою үшін нұсқама беріледі.
Бұл ретте, ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану үшін шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы болуы қажет.
Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасын жерге орналастыру жұмыстарын жасайтын азаматтар мен заңды тұлғалар жер пайдаланушылармен жасалатын келісім-шарт негізінде орындайды. Аталған жұмыстардың бағасын жасалатын келісім-шарт кезінде келісу қажет.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved