Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет FAQ Қазақстан Республикасына Ресей және Беларусиядан ет өнімдерін (қой, шошқа, марал етін) алып келу тәртібі және аталған өнімдерді алып келуге шектеулер туралы.

Қазақстан Республикасына Ресей және Беларусиядан ет өнімдерін (қой, шошқа, марал етін) алып келу тәртібі және аталған өнімдерді алып келуге шектеулер туралы.

Евразиялық экономикалық одағының кеңістігінде ветеринариялық бақылауға жататын тауарларды орнын алмастыруы Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №317 шешімімен бекітілген Ветеринарлық бақылауға (қадағалау) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптар (Бұдан әрі – Бірыңғай талаптар) орындалған жағдайда және Кеден одағының Комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы № 455 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандары бойынша, уәкілетті органдары мен берілген ветеринариялық сертификат ілеспе құжатымен жүзеге асырылады.
Бірыңғай талаптарға сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің бір аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің басқа аумағына өткізілетін (Бұдан әрі – Мүше мемлекет арасындағы алмастыру) бақылаудағы тауарлардың өндіруін, қайта өндіруін және (немесе) сақталуын жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың Тізіліміне (Бұдан әрі – Кеден одағының кәсіпорындар тізілімі) қосылған ұйымдар мен тұлғаларға рұқсат етілген.
Кеден одағының кедендік шекарасында және Кеден одағының кедендік аумағында ветеринарлық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ереже.
Ветеринарлық бақылауға (қадағалау) жататын тауарларды Кеден одағының аумағына алып келу және Мүше мемлекет арасында алмастыру Кеден одағының кедендік шекарасында және Кеден одағының кедендік аумағында ветеринарлық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге сәйкес іске асырылады.
Ет және тағамдық ет шикізаттарына қойылатын ветеринариялық санитариялық талаптары Бірыңғай талаптардың 22, 28 тарауларымен реттеледі.
Сонымен қатар, Кеден одағының кедендік аумағында ет өнімдерінің айналымына шығарылатын және оларды кедергісіз алмастыру мақсатында Евразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен бекітілген «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінде, міндетті түрде қолданып тиісті түрде орындалатын ет және жануарларды союдан алынатын өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптары және осы өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, зарарсыздандыру процесстеріне байланысты талаптар, сонымен қоса олардың таңбалауына (маркировка), орамына қойылатын талаптар қарастырылған.
Ет және тағамдық ет шикізаттары сау малдардан және жануарлардың жұқпалы ауруларынан ресми бос және аймақтандыру бойынша таза әкімшілік аумақтарда орналасқан кәсіпорындардан, аң аулайтын жерлерден алынуы тиіс.
Ресей Федерациясы мен Беларус Республикасындағы эпизоотиялық ахуалы туралы мәліметтерімен Россельхознадзор мекемесінің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша танысуыңыз болады http://fsvps.ru/fsvps/iac, Қазақстан Республикасының аумағына алып келуге енгізілген шектеулер туралы мәліметтер келесі сілтеме бойынша орналастырылған http://mgov.kz/napravleniya-razvitiya/veterinarnaya-bezopasnost/.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus
Яндекс.Метрика