Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет FAQ Мен ауыл тұрғынымын. Ауылдың шеткі бөлігінде тұрамын, алдымда шағын мал бар, жайылымға бөлек бағамын ауылға қоспай жəне күн көрістік кəсіп ретінде қосымша қой алып бағамыз, жеке адамдардан үйге күтімге екі үш күн турасында ішкі істер бөлімінің полиция қызметкері келіп ауылда мал бағуға тиым салды ,өз алдына жер рәсімдеуді сұрады, бұл заң аясы дейді, осы заң қашан шыққан осы уақытқа дейін ондай келенсіздік болмаған еді

Мен ауыл тұрғынымын. Ауылдың шеткі бөлігінде тұрамын, алдымда шағын мал бар, жайылымға бөлек бағамын ауылға қоспай жəне күн көрістік кəсіп ретінде қосымша қой алып бағамыз, жеке адамдардан үйге күтімге екі үш күн турасында ішкі істер бөлімінің полиция қызметкері келіп ауылда мал бағуға тиым салды ,өз алдына жер рәсімдеуді сұрады, бұл заң аясы дейді, осы заң қашан шыққан осы уақытқа дейін ондай келенсіздік болмаған еді

Елді-мекенде орналасқан жеке қосалқы шаруашылықтарда ұсталатын мал санының және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді- мекенді жерлерде бағылатын мал санының ветаринарлық нормалары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы №28 бұйрығымен бекітілген.
Қазіргі уақытта әкімдіктермен ауыл тұрғындарының жеке аула малын ұстау үшін қажетті жайылымдық жерлердің көлемін анықтау үшін елді-мекендердің шекараларын жергілікті жерде белгілеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, 2018 жылғы 4 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл тұрғындарының жеке аула малын ұстау үшін қажетті жайылымдық жерлер жетпеген жағдайда жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне жайылмдық жерлерді мәжбүрлеп алып қою мүмкіндігі беріліп отыр.
Осы мәселені шешу үшін Сізге тиісті жергілікті жердегі әкімдікке жүгіну қажет.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved