Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет FAQ Техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау жүйесінің іс-жүзінде қолданылмау туралы толығырақ айтуға болады ма. Бұл нені білдіреді. Мәселе неде? Бізде заң жүйесі жетілмеген бе әлде біз оны дұрыс жүзеге асырмаймыз ба?

Техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау жүйесінің іс-жүзінде қолданылмау туралы толығырақ айтуға болады ма. Бұл нені білдіреді. Мәселе неде? Бізде заң жүйесі жетілмеген бе әлде біз оны дұрыс жүзеге асырмаймыз ба?

Біздің заңнамамыз дұрыс. «Техникалық реттеу туралы» және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңдар қолданыста. Сонымен қатар, Кеден одағы шеңберінде ауыл шаруашылығы саласында АӨК өнімдеріне 8 техникалық регламент әзірленген және бекітілген, оларда өнімнің қауіпсіздігіне және сапасына, сәйкестікті растауға талаптар қарастырылған және өнімнің таңбалануына және қапталуына белгілі бір талаптар анықталған. Сонымен қатар, техникалық регламенттер талаптарын орындау мақсатында барлық АӨК өнімдерінің түрлеріне біріңғай стандарттар тізімі қалыптастырылады.
Алайда, осы техникалық регламенттер талаптары дұрыс сақталмайды. Осылайша, алақол өндірушілер тамақ өнімдерін бұрмалау әдістерін қолданады, ал бұндай өнімдерді бақылаудың әдістері жоқ. Мысалы, сауда желілерінде маргарин сары май ретінде, пальма майы қосылып өндірілген майлар табиғи май ретінде сатылады. Осы жағдай бір жағынан қазақстандық тұтынушыларды жаңылыстырады, ал екінші жағынан отандық өніммен салыстырғанда бағасы төмен болып келетін импорттық тауарлардың ішкі нарықтағы көлемін арттырады.
Өз кезегінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау жүйесін іс-жүзінде қолданудың негізгі проблемасы ол енгізілген моратории және үлкен нарық пен өнім көлемінің көп болуы себеп. Осы жағдайда тұтынушылар өнімдерді сатып алу кезінде таңбалау мен қаптамаға мұқият назар аудару қажет. Және бұзушылық анықталған жағдайда сәйкес органдарға қажетті шараларды қабылдау және Қазақстан бойынша бұндай өнімнің сатылуын болдырмау мақсатында хабардар ету қажет.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus