Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет FAQ Қазіргі кезде нарықта сүт өнімдерінің ассортименті өтке үлкен. Қандай сүт пайдалы болып келеді? Қандай сүтті ішу керек? Сүтті сатып алу кезінде не нәрсеге назар аудару қажет?

Қазіргі кезде нарықта сүт өнімдерінің ассортименті өтке үлкен. Қандай сүт пайдалы болып келеді? Қандай сүтті ішу керек? Сүтті сатып алу кезінде не нәрсеге назар аудару қажет?

Сұрағыңыз өте орынды болып келеді. Қазіргі таңда өкінішке орай біздің тұтынушыларымыз көбінесе тұтынатын өнімдердің арзан бағасына қызығып, таңбалау және қаптау мәселесіне аса назар аудармайды. Алайда сүтті сатып алу кезінде оның құрамына, сақтау мерзіміне, дайындалған технологиялық әдісіне көңіл бөлу керек. Заманауи сүтті өндіру технологиясында сүтті термиялық өңдеудің пастерлеу және стерилизациялау әдістері қолданылады. Осы технологияларды қолдану сіздің үстеліңізге тексерістен өткен және қауіпті микрооргонизмдерден тазартылған сүттің болуын қамтамасыз етеді. Аталған әдістердің әр қайсысының артықшылықтары және кемшіліктері бар. Алайда күнделікті тұтыну үшін ең тиімдісі пастерленген сүт болып келеді.Себебі пастерлеу кезінде сүтті арнайы құрылғымен 74-76 °С қыздырады. Осындай қыздыру кезінде сүттің тағамдық құндылығы өзгермейді, яғни дәмдік сапасы және құнды компоненттер (витаминдер, ферменттер) сақталады, ал стерилизацияланған және ультрапастеризацияланған сүттің өңдеу температурасы өте жоғары болғандықтан ондағы барлық пайдалы заттар жойылады.
Тағы бір айта кететін жайт пастерленген сүтте пайдалы заттардың көбі жойылмайтындықтан оның сақтау мерзімі қысқа болып келеді, сондықтан бұндай сүтті сатып алу кезінде отандық өндірілген болуына назар аудару қажет.
Етке қатысты айтатын болсақ мұздатылған етке қарағанда салқындатылған етті сатып алу пайдалы. Себебі мұздатылған еттің салқындатылған етке қарағанда тағамдық құндылығы төмен және мұздату нәтижесінде еттің құрылымы өзгереді және еріткеннен кейін де оның бастапқы қасиеттері қалпына келмейді.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus