Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет FAQ Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар-дың қызметін тексеру тәртібі қандай? Мұндай тексерулер құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркеле ме?

Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар-дың қызметін тексеру тәртібі қандай? Мұндай тексерулер құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркеле ме?

Кәсіпкерлік кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 140-бабының 3-б. 8-тармағының нормаларына сәйкес осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың күшi:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылмайды.
Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген тексерулердi жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
Көрсетілген тексерулерді құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркеу қажет емес.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus